Сабаққа қатысушылар өз пікірлерін баяндады. Сөз сөйлеген


Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері



бет10/10
Дата18.07.2022
өлшемі0,52 Mb.
#147550
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ашық оқу қызмет хаттама, анықтама

Дамыта оқыту технологиясының балабақша жағдайында қолдануға болатын тиімді әдістері:
1.Ой толғаныс әдісі
2.Ассоциация әдісі
3.Салыстыру әдісі
4.Раунд-Робин әдісі
5.Топтастыру әдісі
 

  1. Ой толғаныс әдісі немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те атайды. Бұл әдіс көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданылады. Мысалы жұмбақ шешу, сөзжұмбақ, суретті ребустар арқылы.

  2. Ассоциация әдісі. Бұл әдісте берілген тақырып бойынша балаларда қандай ой туады соның барлығы сол сөздің жан-жағына жазылады. Мыс:

Жалпы отбасы: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні

  1. Салыстыру әдісі. Бұл әдісте балалар объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.

Мысалы: Алма мен қызанақтың ұқсастығы мен айырмашылығы

  1. Раунд-Робин әдісі. Бұл әдіс өткен немесе жаңа тақырыпты бекіту үшін қолайлы тәсілдердің бірі. Мұнда әр бала берілген тақырып туралы не біледі. Бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы бірінің айтқанын бірі қайталамай түгел айтып шығуы тиіс. Мыс:

«Гүлдер» тақырыбында
-Гүл өсімдік
-Гүл әдемі
-Гүлді жұлуға болмайды
-Анамызға сыйлаймыз
-Достарымызға сыйлаймыз т.б.

  1. Топтау әдісі. Топтау әдісінде балаларды деңгейлеріне қарай бірнеше топқа бөледі де, өздері орындай алатындай топтық тапсырма беріледі.

Мыс: «Пішіндер» тақырыбын өткенде
І топ – Үлестірмелі картадағы бейнеленген суреттерден геометриялық пішіндерді тауып, көрсету, атын атау.
ІІ топ – Жіпті пайдалана отырып әртүрлі пішіндерді жасау.
ІІІ топ – Санағыштан үшбұрыш пен төртбұрышты құрастыру.
Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді. Бүгінгі күн бәсекелестік пен жоғары технологияның, ғылым мен білімнің заманы.
Сондықтан оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану әрбір ұстаздың міндеті.
Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.
Тәрбиеші – бала бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Жаңашыл тәрбиеші даярлауға қойылатын талаптар студенттерді оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді.
 
«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын
қолдану»
ата­аналар және
әріптестер, сіздердің назарларңызға
Құрметті
«Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын
қолдану» атты дөңгелек үстел ұсынамын.
Бала тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану аса маңызды,ТРИЗ
технологиясын жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші баланың санасын
арттыра отырып, түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын
байытады,сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап, өз
бетімен жұмыс түрі дамиды, сөз таптарын меңгереді, өз ойын еркін жеткізеді.
Сондықтан да сіздер бүгінгі материалдарды өздерініңіздің балалармен
өткізетін оқу іс­әрекеттеріңізде пайлануға болады.
Дөңгелек үстел: «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ
технологиясын қолдану»
I.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Тренинг «Жақсы тілектер»
II.Негізгі бөлім «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ
технологиясын қолдану»
1 «Сауаттылық әлемінде»
2 «Қарама –қайшылық әлемінде»
3 Байланыстырып сөйлеуді дамыту «Портрет»
III. Қорытынды бөлім. Дөңгелек үстелге қатысушы ата­аналар және
педагогтар дөңгелек үстелдің соңында осы дөігелек үстелден өздеріне не
алғандарын,ұсыныстарын,тілектерін жазады.
Дөңгелек үстелдің мақсаты:
Ата­аналарға мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ТРИЗ
технологиясын қолданудың маңызын түсіндіру.
Дөңгелек үстелге қатысушы ата­аналардың және педагогтардың әрбір дұрыс
жауаптарына
жоғарғы баға – күн
орташа баға – гүл

төмен баға – бұлт беріледі.
Сонымен әріптестер біздің бүгінгі бірінші жұмысымыз «Сауаттылық
әлемінде» деп аталады.Әрбір қатысушыларға тез ойланатын сұрақтар
жазылған карточкалар үлестіріледі.
1 «Сауаттылық әлемінде» тез ойланатын сұрақтар.
1.Сөйлемді керекті сөзді қойып аяқта.
1.1 Дыбыстарды біз (не істейміз?).... (естиміз,айтамыз)
1.2 Әріптерді біз (не істейміз?) ....(көреміз,жазамыз)
2. Сұраққа жауап бер.
2.1 Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)
2.2 Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?(26)
2.3Қандай дыбыстар жұмсақ болмайды? (ш,ж,ц)
2.4 Қандай әріптер дыбысталмайды? (ь,ъ)
2.5Ызыңды дыбыстарды ата? (ш,ж,щ,ч)
2. «Ұқсас сөздер» ойыны.
Тапсырма: Сын есімдерге зат есімдерді жинақта.
Тәтті сөздер – кәмпит
Тез сөздер – зымыран
Тереземен сөздер –вагон
Қышқыл сөздер –лимон!
Енді сөздерге­сөздер жинақта
Тез сөздер – (зымыран,ұшақ,жолбарыс,қыран)
Тәтті сөздер –(кәмпиттер,торт,қант)
Көңілді сөздер – (мерекелер,сыйлық,музыка,сайқымазақ)
4. «Мысық»ойыны
Тапсырма: жинақтаңдар.
Мысық не істей алады?
(жүгіреді,секіреді,ұйықтайды,мяулайды,отырады,тұрады,тістейді,тырнайды,
тамақ ішеді,жуынады,тышқан аулайды)
Мысық: Көбірек етістіктерге зат есімдерді жинақта.
1 Саусақтардан ­ бейне
2 Карамель кис –кис –кәмпит
3 Ермексаздан – мүсін
4 Қағаздан – жапсыру
5 Резенкеден,пластмастан – ойыншық

6 Жіптен –кестелеу
7 Ертегіде –кейіпкер
5. «Миға шабуыл» ойыны
Тапсырма: Өз пікірлеріңізді айтыңыз.
Бұл неге бұлай болады?
Астық жинап жатқан жұмысшы кенеттен шөпке отырды.
Бұл неге бұлай болады?(шаршады,демалды,түскі ас ішті,күннің батқынын
бақылады,күрегін қайрады,телефонмен сөйлесті,машина күтті)
6. «Сөз ұшқыны» ойыны
Бұл жемісті барлық бала біледі, Оны маймылдар да жақсы
көреді.
Ол өзі ыстық жақтан,
Тропикада өседі ... банан
Банан: Мен туралы айтыңдар.
Мен қалай үйлерге келемін? (сатып алып,сыйлайды)
Мен қандаймын? (сары ,ұзын,жұмсақ,тәтті)
Мен не істей аламын? (өсесің,пісесің,түсесің,шірисің)
Мені не істеуге болады? (сатуға, өлшеуге жууға, кесуге,кептіруге,жеуге)
Мені кімдер жақсы көреді? (балалар,үлкендер,маймылдар,шыбындар,аралар)
Мен нені жақсы көремін? (күнді,желді,жаңбырды)
Мен нелермен доспын?(сумен,пышақпен,тарелкамен,йогуртпен,тортпен,
балмұздақпен,кәмпитпен,шырынмен)
Мен қандаймын?(дәмді,керемет)
7.«Көп мағыналы сөздер» ойыны
Тапсырма: Көп мағыналы сөздерді дәлелде.Жұлдыз,ине,резеңке,кілт.
Жұлдыз(аспан,шырша жұлдызы,теңіз жұлдызы,әнші жұлдызы)
Ине (шырша,ине,кірпі)
Резенке (өшіргіш,камера)
Кілт(машина кілті,нотаның кілті,үйдің кілті)
8.«Қарама ­ қайшылық әлемі»
Құрметті ата­аналар біз балаларға қарама­ қайшылықты үйретпес бұрын,біз
өзіміз қарама ­қайшылықты жақсы түсінісуіміз керек.
1.Мына қарама­ қайшылықтың суреттерін сал.
Көңілді сайқымазақ­ көңілсіз сайқымазақ,жас ағаш кәрі ағаш,түн –күн.
2.Қарама ­қайшылықты көрсет.
Жазу­өшіру,беру­алу,амандасу –қоштасу,ұрысысу –татуласу.
3.Қарама ­ қайшылықты орналастыр.

Балаларға қарама­ қарсы екі түс беріледі (қара­қызыл,ақ­қара) қарама­ қарсы
заттардың сыңарларын тауып қояды,содан соң түсіндіреді.
4.Ертегілер әлеміне саяхат қарама –қайшылық.
Ертегілер әлемінде ақкөңіл­қатыгез,ақылды­ақымақ кейіпкерлер,таза өзен­
таза емес бұлақ,көңілсіз орман­көңілді алқап болады. Осындай деңгейде
жұмыс жасай отырып,балалар шығармашылық міндеттерді шеше алатын
болады. Мысалы: ораманды қалай көңілді,бұлақты қалай таза,қатыгезді қалай
ақкөңіл жасау.
Тіл дамытудың ең күрделі жағы ­ байланыстырып сөйлеу.Бала еркін және
дұрыс сөйлеу үшін ,біз әртүрлі тіл дамытудың әдіс­тәсілдерін қолданамыз,
соның бірі «Жыл мезгілдері» суреттері.Жыл мезгілдерінің суреттері баланың
әңгіме құрастырып,оны мәнерлеп жеткізуіне көмектеседі.
Біздің өмірімізде табиғатта неше түрлі өзгерістер болады.Мысалы жыл
мезгілінің ауысуы.Әрбір жыл мезгілінің өзіндік суреттемесі бар.
Мына суреттерден әр жыл мезгілдерін тауып, жыл мезгілдері туралы
жұмбақтар жасырып,жыл мезгілдерін тақпақтап айтып беріңіздер.
Құрметті ұжым, міне бүгінгі дөңгелек үстел осымен аяқталды,енді әрбір
педагог өзінің жинаған бағаларының бегілерінен берілген алқапқа сурет
құрастырып, қалай жұмыс істегендерін көрулеріне болады.
Дөңгелек үстелге қатысушы ата­аналар дөңгелек үстелдің соңында алқапқа
құрастырған суреттерінің артына осы дөңгелек үстелден өздеріне не
алғандарын,ұсыныстарын,тілектерін жазады.

«№24 Айналайын бөбекжай-бақша» МКҚК

Жылдық жоспар, аттестация,қайырымдылық акциясы,смартфон тәртібі.

Директор



Қызылсай ауылы-2018жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет