Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту nazim 08.11.2016
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Рысбембетова Назымгуль Мухамедкаримкызы, Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар
Мақала авторы: Рысбембетова Назымгуль Мухамедкаримкызы
Жұмыс орны: Нұрбесік балабақшасы МКҚК
Лауазымы: Әдіскер
Порталға жариялану мерзімі: 08.11.2016
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.
Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі таңдағы білім беру инновациялық технология түрлері 1.Денсаулық сақтау технологиясы
2.Жобалы-іс шығармашылық технологиясы
3.Зайцев технологиясы
4.Әуенді кесте технологиясы
5.Дамыта оқыту технологиясы
6.Ақпараттық қатынастық технология
7.Ойын технологиясы
8.ТРИЗ технологиясы