ТРИЗ технологиясы ТРИЗ — дің мақсаты — тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін — өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.
Тризшылардың ұраны — “Барлығын айтуға болады!” Балалық шақтағы ТРИЗ-баланың ойлау процесімен, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.
ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясын өткен ғасырдың 70 жылдары Г.С.Альтшулер ойлап тапқан. Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды.
Тәй-тәй технологиясы Негізін қалаған: Джорж Сорос
Мақсаты: Балалардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Монтессори технологиясы Негізін қалаған: М.Монтессори
Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеу.
Дамыта оқыту технологиясы Негізін салушылар мен зерттеушілер: В.Давыдов, В.Занков, В.Эльконин, П.Эрдниев
Мақсаты: Баланың жалпы жан дүниесін және оның сезіміне әсер етіп логикалық ойлауын дамыту. Сөздік қоры мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалдарын балаға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.