Аспектті талдау – сабақты жан-жақты, егжей-тегжейін тәптіштеп талқылау.
Сабақтың аспектті талдау түрлері :
педагогикалық талдау;
психологиялық талдау;
әдістемелік талдау;
гигиеналық талдау.
Сабақ талдауының педагогикалық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады :
осы сабақтың басқа сабақтардың жүйесіндегі орны;
сабақ мақсатының дұрыс қойылуы;
сабақты ұйымдастыру;
сабақ мазмұны;
сабақ өткізу әдістері;
сабақ үстіндегі байланыс;
оқушылардың сабақта жұмыс істеуі және тәртіптері.
Сабақ талдауының психологиялық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
оқушылардың назарын басқару;
Мнемоникалық ерекшеліктерді дамытуды басқару;
ойлауды дамыту және жүзеге асыру заңдылығын есепке алу.
Сабақ талдауының әдістеме аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
сабақтың негізгі білім беру мақсаты;
сабақтың әдістеме қисыны;
әр түрлі білім беру тәсілдерін қолдану;
әр түрлі әдістеме жолдарын қолдану;
білім беруді ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану.
Сабақ талдауының гигиеналық аспектерін төмендегі компоненттер арқылы белгілеуге болады:
сынып оқушыларының мінездемесі;
оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау;
оқушылардың шаршауын және қажуын алдын-алу;
кәсіби қызметте мұғалім өзін-өзі басқару жолдарын қолдануы
Достарыңызбен бөлісу: |