Сабаққа негізделген оқу мақсаты



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#117810
түріСабақ
1   2
Байланысты:
1607572715, 1514469097
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

  • Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады.

  • Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

  • алады.

  • Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: жазылым, тыңдалым, айтылым.

Терминология: Жұмақ -әдемі, тамаша Пұшпағы -бөлігі Түзімнің -даламның Эссе- өз пікірің, ойың жазылған шағын әдеби шығарма

Сөз тіркестері:

Құндылықтарды дарыту:

Бір-бірін тыңдауға,құрмет тұтуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар:

дүниетану

АКТ қолдану дағдылары:

БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
Дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;

Алдыңғы оқу/Бастапқы білім:

«Туған жер» бағдарламасы туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Бастауы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Өз күлкіңмен бөліс!» жылулық шеңбер
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Автор орындығы.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау
Елбасы Н. Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасына қатысты пікірін тыңдатудан бастауға болады. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деп көрсетті елбасымыз дей келіп: – Өзің тұрған жерге қандай жақсы іс, қамқорлық жасауың керек деп ойлайсың? – деген сұрақ төңірегінде оқушыларға ой салу.
Бағалау: Мұғалім қолдау сөздерінің көмегімен кері байланыс жасап отырады

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмала


ры

Ортасы

Мағынаны тану кезеңі
(ЖЖ) «Есіңе түсір» айдары«Қойын дәптер» әдісі арқылы
жүзеге асады. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы
жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер
қорын толықтырады. 1.Қадыр Мырза Әлидің өмірбаяны мен шығармаларымен танысады.
2.Өлеңнің әр тармағының мағынасын талдайды.
3. Әр тармаққа сәйкес суретті сәйкестендіреді.4. 5-тапсырмадағы өлеңнен аллитерацияны табады.




Аты-жөні




Туған жылы




Шығармалары




Ақпарат




Жаңалық




(Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша Қадыр Мырза Әлидің
«Арман» өлеңін оқулықтағы суретпен салыстыра отырып оқып,
өлеңнің әр тармағына сәйкес суретті табады.
Мақсаты: Өлеңді суретпен салыстыра отырып оқуға үйренеді.
Тиімділігі: Топ ішінде талдай отырып, өлең мазмұны мен сурет
мазмұнын салыстыра отырып оқуға дағдыланады.
Дескрипторы:
1. Өлеңнің әр тармағының мағынасын топта талдайды.
2. Әр тармаққа сәйкес суретті сәйкестендіреді.
ҚБ: Өзін-өзі бағалау.
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың
өлең бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде
талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Ертең – келешекте, өскенде деген мағынада
Жұмақ – рақат өмір
Пұшпағы – бөлігі, шеті
Түзімнің– бұл жерде: даламның деген мағынада.

(ЖЖ) «Дәлелде» айдары бойынша жұмыс. Егер тақырыбын өзгертсең, осы өлеңге қай тақырып лайықты деп ойлайсың? Балалар өлеңнің 1-жақта айтылғанын анықтап, «Менің арманым» тақырыбы сәйкес келетінін анықтай алуы тиіс.


Менің арманым.
Біздің армандарымыз.
Дескрипторы:
1. Сәйкес атауды анықтайды;
2. 2. Өз пікірлерін тұжырымдайды.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмала
ры.

Оқу тапсырмасы

1) Өлеңдегі кейіпкерлер нешінші жақта сөйлеп тұр?
2) Өлеңде кейіпкер қандай қиын мәселелерді шешпек?
3) Өз арманың туралы эссе жаз.




Аяқталуы

Түсініп оқы» айдары бойынша оқулықтағы «Біздің аула
көңілді» тақырыбына жазылған эссені оқи отырып, эссе жазу
талаптарын еске түсіреді. Сол талаптар бойынша оқыған эссесін
талдайды.
Эссенің мазмұны талданғаннан кейін, сол бойынша қорытынды
шығару үшін, өз ауласын қалай гүлдендіретінін топта планын
сызу арқылы көрсетеді. Әр топ өз жобасының тиімділігін
жоспарлары арқылы түсіндіреді.
Дескрипторы:
1. Тақырыпқа қатысты өз армандарын тұжырымдайды.
2. Кейіпкердің арманын өз ойларымен салыстырады.
ҚБ: Мұғалімнің жазбаша бағалауы.
Үйге тапсырма:«Өз қаламды/ауылымды осылай өзгертер едім»
деген тақырыпта эссе жазып келеді.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Сабақты талдау, кері байланыс кестесі




Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?




Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?




Сабақ бойынша рефлексия.
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде өзгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағамдау




Қандай екі нәрсе табысты болды(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі неге көңіл бөлу керек?
1.
2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет