Бекітемін
Мектеп директорының оқу әдістемілік
жұмыстар жөніндегі орынбасары
_________________ Н. Уахитова
« » _____________2017 жылы
Тақырыбы: В. Сухомлинский. «Ақ шаш» Ғ.Орманов «Ана»
|
Мектеп: Нұржау жалпы орта мектебі
|
Күні: 25.01.17
|
Мұғалімнің аты-жөні: Гилманова Жанар
|
Сынып: 3 «А»
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабаққа негізделген
оқу мақсаты:
|
Орыс жазушысы В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу және Ғ.Ормановтың «Ана» өлеңінің мағынасын терең түсіндіру.
|
Алдыңғы оқу:
|
Барлық оқушылар:
Мәтіннің, өлеңнің мазмұнының мағынасын ұғынады;
Оқушылардың басым бөлігі:
Ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін түсіндіреді;
Кейбір оқушылар:
«Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» екенін жеткізеді;
|
Міндеттері
|
Мәтіннің, өлеңнің мазмұнының мағынасын ұғындыру;
Ананы құрметтеу, сыйлау, ана сүтін ақтай білу керектігін түсіндіру.
«Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» екенін жеткізу;
|
Кезекті оқу 3мин
|
Сапарғали Бегалин «Мейірім» түсінік айту
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
(төменде жоспарланған жаттығулармен
қатар,ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Психологиялық дайындық
2 мин
Білу
2 минут
5 мин
|
Сыныппен сәлемдесу
Тренинг «Гүл шоғы».
Балалардың әрқайсысының қолында гүл . Мұғалім өзі бастап сәлемдеседі , балалар қолдарындағы гүлді бір – біріне жақсы тілек айту арқылы ұсынады . Гүл шоқтары бірте –бірте көбейіп , мұғалімнің өзіне бір құшақ гүл – «Тілектер шоғы » болып оралады Өзгелерге денсаулық тілеп , жақсылық жасасаң , ол өзіңе қайтып оралатынын көрсету .
Топқа бөлу
Сынып оқушыларын 3 топқа отырғызу
(түстер арқылы топқа бөлу қызыл, сары, жасыл)
Ой қозғау
(үй тапсырмасына шолу жасау)
Адами қасиет қалай дариды?
Адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
Мейірімділік қасиетін қай жерде іске асырар едің?
«Дөңгелек үстел»
І топ. «Мейірімділік-адами қасиет»
ІІ топ. – мәтіндегі Шоқанды сипатта.
ІІІ топ: «Адамгершілік»
Басбармақ арқылы формативті бағалау
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінген-деймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім
|
Мұғаліммен сәлемдесу
Әр оқушыда бір гүлден болады
Үш түрлі түстер (қызыл, жасыл, сары).
Үй тапсырмасын қорытындылау арқылы постер қорғайды
Бірін –бірі бағалайды
|
Түсіну
7 минут
|
Ой дамыту.
Негізгі ойды анықта,түйін.
(Мақал-мәтелдер және жұмбақты оқи отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу)
Әкеге қарап ұл өсер»
Баланың көңілі далада»
«Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (Ана)
Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?
Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.
«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.
«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе!
Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.
Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірі.
Айқындық сұрақтар
-Бұл мақалдардан, жұмбақтан, ақын сөздерінен жалпы кім туралы айтылған?
Бұл ананың балаға деген мейірімі, алыста жүрсе де көпшілік арасынан өз баласының даусын ажырата алатыны, ананың шексіз мейірімділігі туралы айтылады.
- Дұрыс, балалар. «Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» деген мақалдың мәні осында екен.
Байланыстылық сұрақ.
Біздің оқыған мақалымыз, ана туралы айтқан өлең жолдарымыздың бүгінгі сабаққа қатысы қандай?
-Олай болса, біздер бүгін осы ана туралы орыстың ұлы ғалымы В.Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінімен танысқалы отырмыз және Ғали Ормановтың « Ана» өлеңімен танысатын боламыз.
«бағдаршам» арқылы
қызыл = түсінбеймін
сары – түсінікті болғандай
жасыл = барлығы түсінікті
|
Слайдтан мақалдарды, жұмбақтарды оқу
Әр топтан бір оқушы оқып түсіндіреді.
Бірін-бірі бағалау
|
Қолдану
3 минут
5 минут
Талдау
5 минут
|
«Тұлғаны танып -біл»
Ақын, жазушылардың суреттерін көрсете отырып, олар туралы мағұлмат беру.
Оқулықпен жұмыс
І топ: Мәтінді мәнерлеп оқиды
ІІ топ: Өлеңді мәнерлеп оқиды (тәрбиелік мәнін түсіндіреді)
ІІІ топ: «Ақ шаш» мәтіні мен «Ана» өлеңін салыстырады
«Алты қалпақ» әдісі
Ұжымдық жұмыс
Ақ шаш мәтіні
|
Достарыңызбен бөлісу: |