Сабаққа шолу Сенің меңгеретінің



Дата06.02.2022
өлшемі18,88 Kb.
#81222
түріСабақ
Байланысты:
8.09.20.(конспект) Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану


Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану (конспект)


Сабаққа шолу


Сенің меңгеретінің:

  • төрт амалдан артық жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу;

  • сандық өрнектердің мәнін табу үшін қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану.



Сенің білетінің:

  • натурал сандарды координата сәулесімен салыстыру.



Сабақтың мазмұны

Натурал сандарға келесідей арифметикалық амалдар қолдануға болады: қосу, азайту, үлестерге бөлу, көбейту, бөлу.
Санды өрнекті есептеу барысында арифметикалық амалдардың реттілігі бойынша ең бірінші жақшасы бар өрнек орындалады. Ал кез келген жақшаның ішінде бірінші көбейту және бөлу амалдары, кейін қосу және азайту амалдары орындалады.

Мысалы, (151 – 148) ⋅ 8 + (15 – 121 : 11) өрнегін есептейік:



  1. 151 – 148 = 3.

  2. 3 ⋅ 8 = 24.

  3. 121 : 11 = 11.

  4. 15 – 11 = 4.

  5. 24 + 4 = 28.

Жауабы: (151 – 148) ⋅ 8 + (15 – 121 : 11) = 28.


Арифметикалық амалдардың қасиеттері


Қосудың қасиеттер
і

  1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: a + b = b + a.

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді.

  1. Қосудың терімділік қасиеті: a + b + c = a + (b + c) = (a + b) + с = (a + c) + b.

Екі санның қосындысына үшінші санды қосу үшін бірінші санға екінші сан мен үшінші санның қосындысын қосуға болады.

  1. Қосу амалындағы нөлдің қасиеті: a + 0 = 0 + a = a.

Санға нөлді қоссақ, сан өзгермейді.


Азайтудың қасиеттері



  1. Азайту амалындағы нөлдің қасиеті: a – 0 = a.

Егер натурал саннан нөлді азайтса, айырымы сол натурал санға тең болады.

  1. a – a = 0.

Егер натурал саннан сол натурал санды азайтса, айырымы нөлге тең болады.

  1. Саннан қосындыны азайтудың қасиеті: a – (b + c) = a – b – c.

Саннан екі санның қосындысын азайту үшін одан қосылғыштардың бірін азайтып, шыққан нәтижеден екінші қосылғышты азайтуға болады.

  1. Қосындыдан санды азайтудың қасиеті: (a + b) – c = (a – c) + b = a + (b – c).

Қосындыдан санды азайту үшін оны қосылғыштардың бірінен азайтып, шыққан нәтижеге екінші қосылғышты қосуға болады.


Осы сабақта кездескен математикалық терминдердің үш тілде аталуы:



  • Қосылғыш – Слагаемое – Term

  • Қосынды – Cумма – Sum

  • Ауыстырымдылық қасиеті – Переместительное свойство – Commutative property

  • Терімділік қасиеті – Сочетательное свойство – Associative property

  • Арифметикалық амалдардың қасиеттері – Свойства арифметических действий – Properties of arithmetic operations

  • Азайту – Вычитание – Subtraction

  • Қосу – Сложение – Addition

  • Көбейту – Умножение – Multiplication

  • Бөлу – Деление – Division


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет