Сабақта белсенді оқу үрдісін ұйымдастыруға мұғалімнің дайындығы Қыркүйек, 2014 ж



Дата27.12.2016
өлшемі11,78 Kb.
#5628
  • Қыркүйек, 2014 ж.
  • Өтегенова Б.М. ҚМПИ педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының кандидаты, доцент
  • Оқушылардың белсенділігі – бұл оқу барысында белсенді оқу-танымдық іс-әрекет жасауда олардың білім, іскерлік және дағды жүйесін жедел қолдану. Белсенді оқу – саналы түрде білім, іскерлік, дағдыны игеру.
  • Танымдық белсенділік – бұл өз бетімен ойлау, өз мәселерін дербес шешу, өздік танымдық әрекетін ұйымдастыру, сын көзбен қарауға дағдылану, еркін сөйлеу, өз ойын дәлелдей балу, өз пікірін қорғай алу
  • Белсенді оқыту әдістері дегеніміз оқушыларды жүйелі түрде оқу-танымдық іс-әрекетке қатыстыру, өз бетімен оқу әрекетін жасауға үйрету, олардың шығармашылық ұстанымдарын қалыптастыру
  • Белсенді оқыту әдістері:
  • Проблемалық баяндау, дәріс, сабақ-конференция, эвристикалық әңгіме, іздену-лаборатория, оқу пікір-талас, әдебиетпен өздік жұмысы, семинар сабағы, дебат, іскерлік ойын, оқу жағдаяттарды талдау, оқу жағдаяттарды шешу, сюжеттік-рөлдік ойындар, сабақ-көрініс, ұжымдық-шығармашылық әрекет жасау, шығармашылық жұмыс т.б.
  • 1 кезен – білімнің алғашқы рет қалыптасуы. (проблемалық дәріс, эвристикалық әңгімелесу, оқу дискуссиясы т.б.
  • 2 кезен – білімді бақылау (бекіту) – ұжымдық ойлау әрекеті, тест бақылау және т.б.
  • 3 кезен – қалыптасқан білім, іскерлік және дағды жүйесінің негізінде олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, моделдеп оқыту, ойын технологиясын пайдалану
  • Белсенді оқыту әдістерін оқу үрдісінің кезеңдерінде пайдалану:
  • «сабақ» ұғымының өзгеруі, жеке тұлғаға бағыт-бағдар берудің талаптарын сабақта қолдану,
  • сабақ типологиясы жаңа сапалы өзгерісте болуы (сабақ-жоба, сабақ-модель, сабақ- ой толғанысы),
  • сабақтың әдіснамалық негіздері: мәні, мақсаты, білім беру саласындағы рөлі,
  • сабақтың әдістемелік құрылымын сақтау: міндеттері, мазмұны, құралдары, формалары мен әдістері, бақылау жүйесі, бағалау, рефлексиялық қызмет
  • Мұғалімнің сабаққа дайындау формасы (жаңа ресурстары мен Интернет технологиялары
  • Сабақ жүйесінің инновациялық өзгерістері:

Қазіргі сабақтың бес ұстанымы:

  • Пәндік білімді нақтылаудан бас тартып, “табиғат-қоғам-адам” саласында әмбебап дүниетанымның іргетасын қалауға ұмтылу;
  • Жалаң білімді меңгеру жүйесінен бас тартып, білім рухынмеңгеру жүйесін басшылыққа алу;
  • Білімді “шайнап” бермей, оқушыға білімді өз қажеттіліктерінің шегінде өзі алуға мүмкіндік беру;
  • Тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыру;
  • Сабақта білімді жинақтаууға емес, әлеуметтік даналыққа әкелу керек.

Қазіргі сабақ сипаты:

  • Бәрін үйренуге болады
  • Белсенді қызмет орталығы – оқушы
  • Оқушы белсенді қадағалаушы
  • Оқушы әрекеті - сабақ негізі
  • Мұғалім пәнді өзіндік заттан оқушыға арналған затқа айналдырады;
  • Мұғалім әрекеті- ұйымдастырушы, менеджер, жоспаралушы, режиссер, бірге қатысушы
  • Сабақ мақсаты – оқышының құзырлығы нәтижесінде болу тиіс

Блум бойынша сабақта оқушы қызметінің 6 деңгейі:

  • 1. “БІЛІМ” мақсаты ақпаратты мұғалім сөзінен, оқулық беттері мен басқа көздерден жадының қоймасына аудару – ақпаратты білімге айналдыру,
  • 2. “ТҮСІНУ” –мақсаты жадыға түскен білімдерді іске қосуды үйрету,
  • 3. “ҚОЛДАНУ” мақсаты білімдерді үлгі бойынша немесе алгоритмдік ұсынымдар бойынша, үлгісі мен ұқсастығы бойынша қолдануды үйрету,

Блум бойынша сабақта оқушы қызметінің 6 деңгейі:

  • 4. “ТАЛДАУ” мақсаты талдау (қарапайым ойлау әрекеттері) алгоритмінің көмегімен бұрын алынған білімдер негізінде өзі үшін жаңа білімдер ашуды үйрету,
  • 5. “ТОПТАУ” мақсаты пайымдаулар жасаууды –нақты өмірлік жағдаятты бейнелейтін проблеманы шешу негізінде ақыл-ой қызметін құру,
  • 6. “БАҒАЛАУ” мақсаты оқушыға оқу жағдаятты бағалап, өзінің оқытылатын материариалдан, пәнаралық байланыстан, ойлау қызметінен, логикалық және шығармашылық ойлаудан алған білімі, өмірлік ұстанымға айналдыруы.
  • Сабақтың мақсатын өзгерту – білім беруден білім арқылы өз-өзін қамтамасыз ету:
  • Оқу материалын қайталау арқылы ұғыну емес – білімді шығармашылықпен, жемістікпен игеру. Мұғалімге – сабақ барысында қандай білім нәтижесін шығаруға болады.
  • Жаппай барлықтарын оқытудан - әр оқушының жеке дара білімділік траекториясын жасау. Бұл үшін : оқушының жеке мақсатын белгілеу, жеке тұлғаға бағыттауда жеке бағдарламаларын жасау, әр тұлғаның өзіндік жетістіктерін айқындау, мониторинг жасау, әр оқушының білімділік нәтижесін диагностикалау, білімділік дәрежесін белгілеу.
  • Білім, іскерлік, дағды жүйесінен құзырлық деңгейге көшу. Сабақтың жоспарына тұлғалық- әлеуметтік маңызы бар материалдарды қосу және оқушының тәжірибелік іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру
  • Мұғалімге ұсыныс - ережелері
  • Сабақтың логикалық құрылымынан жағдаяттық құрылымына көшу.
  • Оқушының ішкі қатынасы, іштей қабылдауы іске асады.
  • Эвристикалық – ашық тапсырмалар ұсынылып, оқушылардан дәл, нақты жауап беру талабы емес, өз бетімен ойланып, жауап беруі талап етіледі.
  • Оқушының әр жауабы оның жеке тұлғалық қасиеттерін көрсететіндей етіледі.
  • Оқушыларға жұмыс істеуге кедергі жасамайды
  • Оқушыларға өз жайымен және өзінің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетінің шегінде жұмыс істеуге мүмкіндік беру үшін жаппай оқытуды азайту керек.
  • Сабақтың инновациялық мәні:
  • Оқу материалының жаңа мазмұны
  • Жеке даралық бағыт
  • Оқушының шығармашылық әрекет жасау мүмкіндігі
  • Ақпараттық технологияларды пайдалану
  • сыныптың мүмкіндіктеріне байланысты жаңа білім беру технологияларын пайдалану
  • Тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет