Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 9.1D Адам қызметінің қоршаған
ортаға әсері
Мектеп: Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейі
Мұғалім:Несіпбаева Динара Бақыбекқызы
Тақырыбы:
Пайдалы қазбаларды өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері
Күні: 24.09 - 9 а,в
25.09.2019ж – 9 г
Сынып: 9
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
9.3.2.1 - Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Пайдалы қазбаларды өңдеудің жағымсыз өнімдерінің қоршаған ортаға қалай әсер етуі мүмкін екенін сипаттайды.
Кейбір оқушылар: Пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау, өңдеу және қолданудың барлық жағымсыз салдарымен қалай күресу керек екендігін талқылайды.
Ойлау деңгейі
Қолдану, талдау, жинақтау
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)
Пайдалы қазбалар өндірудің және қайта өңдеудің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды.
Пайдалы қазбаларды алу, тасымалдау, өңдеу және қолданудың барлық жағымсыз салдарын топтастырады (жіктейді).
Тілдік мақсаттар
Тілдік дағдылар: 1. мәліметтермен жұмыс жасайды (оқылым дағдысы); 2. сценарий дайындайды және ролдік ойындарға қатысады (тыңдалым және айтылым дағдысы); 3. шағын эссе жазады (жазылым дағдысы).
Терминология (Terminology): техногенді рельеф - techogenic relief
террикондар - the terlikon
табиғи ландшафт - natural landscape
рекультивация - reclamation
радиоактивті элементтер - radioactive elements
өндірістік (технологиялық) қалдықтар - industrial (technological) waste
Сөз тіркестері: Пайдалы қазбаларды өндіру табиғат жағдайына қалай әсер етеді? Пайдалы қазбаларды қайта өңдегенде табиғат қалай ластанады?
Құндылықтарды дарыту
- бірлік пен ынтымақтастықты сақтауға, бірлесе еңбектенуге баулу;
- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
- өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- өзін- өзі бағалау және өзара бағалау арқылы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.