Оқушыларға оқу мақсатын қалыптастыру және оқушылардың дағдысын дамыту үшін «Кинометафра» әдісін оқу мақсаты бойынша өз білімдерін қалыптастыра отырып, тақырып бойынша бейнефильм көрсету. Ой қозғау үшін сұрақ: Пайдалы қазбаларды өндіру табиғат жағдайына қалай әсер етеді? Пайдалы қазбаларды қайта өңдегенде табиғат қалай ластанады?
Топтық жұмыс.«Пресс - конференция» ойыны Тапсырма: Оқушылар «Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері» деген мәтінмен танысады. Төмендегі сұрақтарға толықтай жауап береді.
1-топ: 1.Көмір мен кенді «ашық әдіспен» алу кезіндегі топырақ, литосфера жағдайы туралы жалпы не айтуға болады?
2.Пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде қандай проблемалар туындауы мүмкін?
2-топ: 1.Барлық өнеркәсіптік шығарындыларды пайдалы қазбаларды «өңдеу нәтижесі» деп есептеуге бола ма?
2.Қазақстанда мұнай-газ саласын қарқынды дамытуға байланысты қандай жаңа экологиялық проблема пайда болды?
3-топ: 1.Заттар мен энергия сақтау заңы не туралы?
2.Пайдалы қазбалардың құрамына кіретін қоректі заттарды атаңдар.
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау. Жұптық жұмыс. Оқушының алған білімдерін жақсы ажырата алуына ықпал ету үшін, «Деректермен жұмыс» тәсілімен жүзеге асады.
Тапсырма: І топ: Пайдалы қазбаларды алу, қолдану, өңдеу және тасымалдау салдарын барынша азайту немесе толық жою үшін не істеу керек екендігін талдаңдар.
ІІ топ: Мынадай жағдай моделін жасаңдар:
«Жақын болашақта пайдалы қазбаларды алу және қолдану зияны мен пайдасы тең болады. Адамзат өркениетін дамытудың қандай жолдары бар?»