1 тур. Шифровканы шешу. Маршруттық парақта әр түрлі таңбалар және әріптер жазылған. Содан сөз шығару керек Кім бірінші табады сол бас бармақ көрсетеді. Жауабы Есеп
Барлығы дескрипторға ұпай санын белгілейді, бірінші айтқан бала қосымша ұпай белгілейді
Бүгінгі сабақ тақырыбы Есеп 3 тілде айту
- Есеп деген не?
Белгісізді табу, шешімін табу, ребус шешу т.б.
-Есептің шешімін қалай табамыз?
-Шешімді әр түрлі тәсілмен табуға болады
- Есепті күнделікті өмірде қолданамыз ба?
-Дүкенде, автобуста, асханада,т.б.
2 тур Кітапханашы апайдың тапсырмасы
-Сендер гимназия кітапханасында өткен «Кітаптарды емдеу» акциясына қатыстыңдар. Онда не істедіңдер?
-Кітапханашы апайдың аты кім?
Фарида апай сендерден сол кітаптардың санын есептеуге көмек сұрап тапсырма берді. Әр оқушыға тапсырма салынған конверт беріледі.
Есептің шартын құр, шешуін есепте
1)Үшінші сынып оқушылары мектеп кітапханасына кітап жөндеуге көмектесті. 3 «А» сыныбы 12 кітап , 3 «Ә» сыныбы олардан 2 есе артық, ал 3 «Б» сыныбы олардан 3есе кем кітап жөндеді. 3 «Б» сынып оқушылары неше кітап жөндеді?
2) Есеп шартына сәйкес сұрағын өзгертіп жазып шешуін есепте
Тапсырманы алып оқиды, талдайды. Не белгілі? Не белгісіз? Анықталады Әр жұп ламинатталған параққа есеп шартын жазады, шығарады, бір-бірімен салыстырады, тексереді. Дайын болған жұп тақтаға біреуі оқиды, біреуі жазады.
-Кімде шешім осындай? Сондай болса бас бармақ көрсетеді. 3 рет алақан ұру.
-Онда маршруттық параққа дұрыс шешімді жазады.
2-тапсырмасы оқылады, талданады. Әр жұп ламинатталған параққа есеп шартын жазады, шығарады, бір-бірімен салыстырады, тексереді. Дайын болған жұп тақтаға біреуі оқиды, біреуі жазады.
-Кімде шешім осындай? Сондай болса бас бармақ көрсетеді. 3 рет алақан ұру.
Дескрипторға ұпай санын, тақтаға шыққандар қосымша ұпай санын белгілейді.
|