Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру



Дата12.03.2017
өлшемі26,42 Kb.
#11478
түріСабақ

Топтық жұмыс

  • “Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын” А. Эйнштейн

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру

  • Сабақтың сапалығы көп жағдайда оқушылардың сабақта тиімді жұмыс істеуіне байланысты болады,сабақты жоспарлау мен өткізуде тек негізгі сәттерін ғана емес, кішігірім нәрселерді басынан аяғына дейін дұрыс ойластырған жөн.
  • «Топтық жұмыс» термині барлық ұстаздарға таныс болғанымен, біз практикада көптеген қиындықтарға тап боламыз және оларды бізге шешу қажет.

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

  • Ынтымақтастық” және ” бірлескен” оқу деген не?”
  • Ынтымақтастық оқу-өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Ынтымақтастық оқу сыныпта пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия .
  • Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.
  • Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі топ мүшелерінің ынтымақтастығы, арқылы бітімге, келісімге қол жеткізуіне негізделген.

Бірлескен оқудың мәні

  • Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған тәсіл: проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқуда қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.

Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары:

  • 1.Оқу оқушылардың ақпаратты игеретін және өздері игеретін мәліметті бұған дейін білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады
  • 2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеу және қорытуын талап етеді.
  • 3.Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
  • 4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезінде әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
  • 5.Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.
  • Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

  • Әлеуметтік
  • Танымдық
  • Эмоционалдық
  • А)Тәжірибелермен идеялармен алмасу;
  • Б)Мәселені бірлесіп шешудің амалын табу;
  • Ә) Барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу
  • А) Жұмыстың баламалы амалдары туралы идеяларды ұсыну және пікір алмасу;
  • Б) Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамыту
  • А) Топтың жекелеген мүшелерінің білімі мен тәжірибесіне сүйену
  • Б) Күрделі тапсырмаларды орындау үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету

Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары

Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?

  • Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар бәрінен хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып,өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды

Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар

  • 1)Қарым-қатынас: жазбаша және ауызша әңгімелесу, тыңдау, ым мен қимылды пайдалану
  • 2)Өзін-өзі таныту: үстемдік танытпай, топтағы жұмысқа белсенді қатысу үшін өзіне-өзі сенімді болу
  • 3) Басқаларды қолдау:топтың қызметіне үстемдік жүргізбей, топ жұмысына белсенді қатысу үшін шиеленіскен жағдайларды шешу
  • 4) Басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу.Топтың басқа мүшелеріне қарым-қатынас барысында ықылас таныту

Топта жұмыс істеу ережелері

  • Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шеуді көздейді
  • Кез-келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет.Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

Топты ұйымдастыру ережелері

  • Топтар түрлі тәсілдермен құрылады:
  • А) Кездейсоқ іріктеліп алынған топтар
  • Б) Жекелеген мүшелердің нақты мықты қасиеттеріне қарай құрылатын топтар

Ережелер

  • 1.Өзгенің пікірін тыңдау, көзқарасын сыйлау
  • 2. Сабақта телефонды сөндіру
  • 3. Идеялар айту, өз пікірін қорғай білу
  • 4.Кезекпен сөйлесу
  • 5.Уақытты үнемдеу
  • 6.Тапсырманы ұжыммен талқылау, бір тоқтамға келу
  • 7.Топ мүшесінің қызметін ауыстыру
  • 8.Тәртіп сақтау.
  • Талқылаудың қорытындысын шығару;
  • Дәйекті айғақтар келтіру

Топ құру кезеңдері

Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?

  • Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдік орнату маңызды. Шағын топтар немесе жұп топтар шектеулі қысқа уақыт 5 минут барысында тиімді жұмыс жұмыс істей алады.Үлкен топтарда тәртіптің нашар болуы ықтимал. Тапсырманы тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы қажет

Топтар

  • 1)Шағын топ: 4-6 оқушыдан тұратын топ.
  • Топтық жұмыстың көптеген түрлерінде және топта бір оқушының үстемділігін әлсірету үшін тиімді. Топ мүшелерінің кейбіреуі үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді. Тыныш, салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысқысы келуі мүмкін
  • 2) Үлкен топ:7-10 оқушыдан тұратын топ.
  • Мәселені талқылау барысында көптеген көзқарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін.
  • Топ мүшелері көп болған сайын ұйымдастыру, жоспарлау, рөлдер мен арадағы қарым –қатынас, сөз сөйлеу қиындайды.
  • 3) Жұптық жұмыс: жоғары деңгейлі тапсырмаларды бірлесе орындауда, шешім қабылдауда, мәселелерді шешуде, құрбы-құрдастарын оқыту үшін тиімді

Топтық жұмысты ұйымдастырудың проблемалары

  • Негізгі кезеңдері
  • Туындайтын сұрақтар
  • Топқа бөлу
  • Топтағы адамдардың санына байланыстылығы
  • Оқушылардың білім дәрежесін есепке ала отырып бөлу
  • Тапсырманы орындау
  • Топ ішінде рөлді бөлініп берілуі
  • Оқушылардың оқыту процесіне қатысуы
  • Тапсырманы орындау уақыты
  • Іс-әрекетінің нәтижесін көрсету

Топ мүшелері:

  • Куратор-топты басқарады.
  • Спикер-жобаны қорғайтын оқушы.
  • Хатшы –жазба жұмыстарын орындайды.
  • Суретші-топ жұмысының нәтижелерін плакатқа маркермен түсіруші.
  • Тайм менеджер-жұмысқа берілген уақытты қадағалап отырады.

Топтық жүмысты ұйымдастырудың артықшылықтары

  • Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
  • Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады
  • Жұмыс атмосферасын қалыптастыру
  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады
  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады
  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады
  • Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді

1- проблема : топқа бөлу

  • Білім деңгейі әртүрлі оқушылар тобы
  • Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы
  • Проблема: жақсы оқитын оқушылардың нашар үлгеретін оқушылардан жоғары тұруы
  • Шешу жолдары:
  • -мұғалім тарапынан бақылаудың болуы (марапаттау және ескерту әдістері)
  • -жайлы психологиялық атмосфера қалыптастыру
  • Проблема:
  • -басқалардан озық болуға тырысу
  • -тапсырманы орындау кезіндегі қиындықтар
  • Шешу жолдары:
  • -мұғалімнің топ ішінде рөлдерді бөліп беруі
  • -тапсырмаларды деңгейлеп дайындау

Мұғалімдер рөлі

  • 1. Мұғалімдер топтық жұмысты ұйымдастырып және оны қолдап отыруы керек
  • 2. Топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп оңтайлы нәтижелерге қол жетізуге ықпал ету керек
  • 3.Неге қол жеткізетіндерін? нені білу? жоспарланғанын, топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты? екендігін талқылауды қамтуы тиіс.
  • 4.Талқылау барысында оқушылар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет
  • 5. Оқушылар жұмысына мұғалім сыпайы араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модельдеуі тиіс
  • 6. Топқа көп қолдау көрсетуі керек
  • 7. Сабақ аяқталған соң мұғалім топтағы жұмыс үдерісі, нәтижелері туралы ойланулары үшін ой түрткі жасау керек
  • 8. Кері байланыс ұйымдастыру керек

Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?

  • Кезекпен сөйлесу;
  • Белсенді тыңдау;
  • Сұрақ қою, және сұрақ бар ма екенін тыңдау;
  • Ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
  • Өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
  • Ұсыныстарды, идеяларды, және пікірлерді ұжыммен талқылау;
  • Көмектесу және көмек сұрау
  • Түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
  • Идеяларға түсініктеме беру және оларды бағалау;
  • Топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу
  • Талқылаудың қорытындысын шығару;
  • Дәйекті айғақтар келтіру

Шағын топтарда талқылауда мұғалімнің рөлі

  • Рефлексивті талқылау болып жатқанына көз жеткізіңіз. Сіз оны топтарда барлық сыныпқа таныстыру түрінде жасауыңызға болады. Мұндай жағдайда ,шағын топтарды дайындық жүргізуге уақыт бөліңіз:
  • 1. Пікірлерді анықтаңыз
  • 2.Түйіндеңіз және біріктіріңіз
  • 3. Әр топтың көзқарасын бөліңіз
  • 4. Оқушыларға шағын топтарда дайындық жүргізу арқылы барлық сынып алдында сөз сөйлеу кезінде өзіне сенімді болуға мүмкіндік беріңіз.

Арақашықтықты сақтаңыз

Бүкіл сыныппен талқылауды жақсарту үшін қандай стратегия ны қолданған жөн?

  • Миға шабуылды қолданудың не қажеті бар?
  • 1) Аздаған уақыт ішінде көптеген идея алуға болады
  • 2) Барлық сынып тартылады
  • 3) Шығармашылық және креативтік ойды ынталандырады.
  • 4) Идеяларды біріктіреді жиырма бас бір бастан артық
  • 5) Бұл қорқынышты емес көңілді

Миға шабуыл пайдалы стратегия

  • 1) Идеяларды туындату, шолып өту, бағалау;
  • 2)Шешім қабылдау үшін кеңесу;
  • 3) Тәжірибелік сабақтарды жоспарлау
  • 4) Тақырыпты қайта қарастыру
  • 5) Бейне бағдарламаға шолу жасау
  • 6) Негізгі сұрақтар мен тармақтарды түйіндеу
  • 7) Шағын топтар үшін бағдарлама жасау
  • 8) Жаттығуларды бағалау
  • Миға шабуыл ережелері:
  • Барлық оқушылардың идеялары мен ойларын жазып алу
  • Барлық оқушылардың идеялары мен ойларын бағалау ешбір кекесінсіз
  • Қанша қарапайым болғанына қарамастан басқа келген бірінші ойды айту

Шеңбер-бұл пайдалы әдіс

  • 1. Барлығының талқылау кезінде түсініктеме айтуға мүмкіндігі бар
  • 2. Бір оқушы бастайды және барлығы кезекпен жұмыс істейді
  • 3.Басқа оқушының сөздеріне ешкім де, тіпті мұғалімнің өзі де түсініктемелер айта алмайды
  • 4. Әркімнің: “мен өткізіп жіберемін”деп өз кезегінен бас тартуға құқығы бар
  • 5.Егер түсініктеме талқылауды қажет етсе, онда талқылау тек шеңбердің аяқталуынан өткізіледі

2-проблема : Уақытты қадағалау

  • Көп жағдайларда оқушылар берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап үлгермей жатады
  • Қосымша уақыт беру
  • Топтық жұмысты тоқтату
  • + шығармашылық үдерісті аяғына дейін жеткізу
  • - жекебасының берекесіздігіне әкеліп соғады
  • + өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуына әкеледі
  • -
  • Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалады
  • Белгілеген уақыт қойылған мақсатқа байланысты
  • Тапсырманың қиындығы уақыт дәлдігімен өлшенеді

Өз тапсырмаңызды дайындаңыз

  • 1. Тапсырма икемді болуын көздеңіз
  • Талқылауда:
  • Топқа тапсырманы қалай шешу туралы кеңес беріңіз; Оқушылардың рөлдері мен жұмысын үйлестіріңіз; Рөлдердң ауыстырыңыз; Әлсін-әлсін сыныпты еліктіруге, өз тәжірибеңізді айтуға дайын болыңыз:
  • 2. Топтың орындағанына түсінік беріңіз:
  • Олардың жұмысының сапасына
  • Олардың жұмысты қалай орындап жатқанына
  • Өз рөлдерін қалай орындап жатқанына
  • Өз рөлдерін қалай орындағандарына

Бір топ өз жұмысын қорғаған кезде басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтаумен шұғылданып жатады

  • Бір топ өз жұмысын қорғаған кезде басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтаумен шұғылданып жатады
  • Шешу жолдары:
  • Ұйымдастырушы тарапынан жұмысты дер кезінде аяқтау туралы нақты нұсқаудың болу
  • Келесі тапсырманы орындау үшін қорғаушыларды тыңдау қажеттігілігі туралы айтып,қызығушылықтарын тудыру
  • Берілген критерийлер бойынша бірін-бірі бағалауы
  • 3-проблема : аудиторияны қызықтыра алу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет