Түрі
|
Педагогикалық міндеттері
|
Пәннің, деректің, құбылыстың, оқиғаның тұсаукесері
|
Шеберлікті қалыптастыру және дамытуды бір оқиғаны / құбылысты және т.б. бейнелеу ғана емес, сондай-ақ өзінің ұстанымын дәлелді айту.
|
Сюжетті-рөлдік ойын
|
Қоғамдық қатынас пен құбылыс құрылымында өзін түсіну
|
Жоба қорғау
|
Орындалған жұмысқа талдау жасау қабілеттілігі, жаңа идеялар ұсыну, дауыстап әлеуметтік сөйлеу дағдыларын дамыту
|
Шай ішу және аспаздық байқаулар
|
Ерекше психологиялық атмосфера құру, қарым- қатынасты жұмсарту
|
«Қатты жаңғақ»
|
Өмірдің қиын өмірлік сауалдардын бірігіп шешу, сенімді әңгімелесу
|
Мейірімді тосын сыйлар күні
|
Ықылас белгісін көрсете білу, қуаныш әкелетін жаттығулар
|
Сұрақтар хатқалтасы, қызығушылық бойынша клубтар
|
Достық жағдайда пікірлермен еркін алмасу
|
Сабақтан тыс қызмет оқу-тәрбие беру үрдісінің құрамдас бөлігі және оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір формасы болып табылады. Сабақтан тыс қызмет бүгінде негізінен сабақтан тыс уақытта оқушылардың мазмұнды бос уақытқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың өзін-өзі басқаруға және қоғамдық пайдалы қызметке қатысуы үшін ұйымдастырылатын қызмет ретінде түсіндіріледі.
Мектеп оқушыларының сабақтан тыс қызметін білім беру ұйымында тәрбиелеуші және дамытушы ортаны құруға, бала тұлғасының түрлі салаларын қалыптастыруға, оның танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған зор әлеуетке ие қызмет ретінде қарастыру керек.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс қызмет жүйесі әр оқушының еркін тұлғаны тәрбилеуді қамтамасыз ететін танымдық қажеттіліктері мен қабілеттерін барынша дамытуға немесе қалыптастыруға болатын жағдайлары бар сала болып табылады. Блаларды тәрбилеу олардың қызметінің кез келген сәтінде жүреді. Алайда бұл тәрбиені оқудан бос уақытта іске асырған барынша өнімді. Сабақтан тыс қызметке бөлінетін сағаттар оқушылардың қалауы бойынша пайдаланылады және оны сабақтық оқыту жүйесінен бөлек ұйымдастырудың түрлі формаларын іске асыруға бағытталған. Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру кезінде оқушылардың сабақтары эскурсиялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, пікірталастар, олимпиадалар, сайыстар, дидактикалық театрлар, кітапханалық сабақтар, қоғамдық пайдалы іс-тәжірибелер, ізденушілік және ғылыми зерттеулер, туристік және өлкетанушылық экспедициялар формаларында өткізілуі мүмкін.
Оқушыларды сабақтан тыс қызметтің барлық бағыттары бойынша біріктірудің ұйымдастыру формалары үйірмелер, секциялар, клубтар, студиялар, оқушылардың ғылыми қоғамдары, зерттеу немесе жобалық зертханалар, кіші ғылым академиясы, балалардың қоғамдық бірлестіктері және т.б. болуы мүмкін. Сабақтан тыс сабақтар өз қызметін өзінің бірегейлігі мен қажеттілігін сезінуі үшін әрбір оқушыға бағыттауы тиіс. Үйірмелер мен секцияларға бара отырып оқушылар құрдастары ортасында тамаша бейімделеді, жетекшінің жеке жұмысының арқасында оқ материалы терең үйретіледі. Сабақтан тыс қызметті оқу пәндері, курстары бағдарламалары мазмұнының жекелеген аспектілерін бекіту және тәжірибеде қолдану үшін пайдаланудың артықшылығы айдан анық. Сабақтарда жетекшілер оқушылардың ұйымдастырушылық, шығармашылық, музыкалық сияқты қабілеттерін ашуға тырысады, бұл жеткіншектердің рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Сабақтарды тек жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері ғана емес, сонымен қатар қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері де өткізулері мүмкін. Сабақтан тыс қызмет сабақтан бос уақытта белгілі бір жас тобындағы балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру, оларда әлеуметтік маңызды іс- тәжірибелерге және өзін-өзі басқаруларға қатысуға деген қажеттілікті қалыптастыру, тұлғаның маңызды позитивті қасиеттерін дамытуға арналған жағдайлар жасау, олардың шығармашылық және танымдық белсенділіктерін іске асыру, мәнді бос уақытқа қатыстыру үшін ұйымдастырылады. Нақ осы сабақтан тыс қызмет бірінші кезекте уәждемесі төмен балаларда шығармашылыққа деген талпынысты дамытуға септеседі. Балаларға оқу материалын стандартты емес жағдайларда игеру жеңіл екені ешкімге жасырын емес. Нақ осы сабақтан тыс қызмет ұжымдық шығармашылықты дамытуға септеседі, қарым-қатынас дағдыларын, жауапкершілік сезімін, еркін ойлау, сабақ оқу кезіндегі кедергіні еңсеру іскерлігін қалыптастырады, ынтымақтастық үшін жағдайлар жасайды.
Оқушылардың, ең алдымен дарынды балалардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуетін дамыту үшін оқушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қатысуларымен жеке оқу жоспарлары әзірленуі мүмкін. Жеке оқу жоспарларын іске асыру білім беру ұйымы педагогінің қолдауымен бірге жүреді. Оқушылардың сабақтан тыс қызметтерін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымдары балаларға қосымша білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының мүмкіндіктерін пайдаланады. Каникул кезеңінде сабақтан тыс қызметті жалғастыру үшін балалардың демалысы және оларды сауықтыру ұйымдарының, тақырыптық лагерь ауысымдарының, жалпы білім беретін мектептер базасында құрылған жазғы мектептердің және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіндіктері қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |