Сабақтан тыс жұмыстар жинағы «эем операторы»



бет1/4
Дата01.04.2017
өлшемі3,24 Mb.
#12951
түріСабақ
  1   2   3   4
«ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік





бағдарламалар басқармасының «Арнаулы кәсіптік колледжі»

медициналық-әлеуметтік мекемесі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақтар және сабақтан тыс жұмыстар жинағы

«ЭЕМ операторы» мамандығы бойынша

өндірістік оқыту шебері

Мирзахмедов Давлатбек Илхамович



Кентау – 2015ж.



АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: «Бағдарламалау тілінің графикалық мүмкіндіктері»
Мамандық: ЭЕМ операторы

Топ: О-6, 2 курс

Өндіріс шебері:Д.И.Мирзахмедов
Сабақтың мақсаттары:


  • Білімділік: Графика түсінігі. Тurbo Pascal бағдарламасында қолданылатын графикалық функциялар және процедуралармен таныстыру, графика туралы білім-біліктілігін жетілдіру.

  • Дамытушылық: Turbo Pascal бағдарламалау тілі графикалық функциялары туралы білім-біліктерін арттыру, өздігінен ізденуге, ой-өрісін дамытуға үйрету

  • Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ақпараттық мәдениетке, мәдени ойлануға тәрбиелеу. Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, алған білімдерін өмірде пайдалануға баулу.


Сабақтың түрі: Өндірістік сабақ.

Сабақтың әдісі: Графикалық есептер шығаруда проблемалық-іздену

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, проектор, «Бағдарламалау тілдерінің графикалық мүмкіндіктері» бағдарламасы, слайд-лекция, декарттық координата, координатаға салынған суреттер.

Оқыту технологиясы: Репродуктивті технология.

Пәнаралық байланыс: Сызу сабағы, геометрия, эконимика, математика.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру бөлімі – 1 минут.

  2. Кіріспе инструктаж – 9 минут:

А) өткен сабақты қайталау;

Б) жаңа сабақты түсіндіру;

В) жаңа сабақты қалай түсінгендіктерін тексеріп көру;

Г) осы күнге тапсырма беру;



  1. Өз бетінше жұмыс істеу – 25 минут.

  1. Қорытынды инструктаж – 10 минут

А) осы сабақта орындалған тапсырмалар бойынша бағаларын айту және оған түсінік беру;

Б) жақсы және нашар орындалған жұмыстарды көрсету;

В) үйге тапсырма беру: Бақаның суретін салу
1. Ұйымдастыру бөлімі
А) Амандасу.

Б) Оқушыларды түгелдеу.

В) Сабақтың мақсатын хабарлау.
2. Кіріспе инструктаж – 9 минут:

А) өткен сабақты қайталау;


1 тапсырма

Қатесі бар программа

Қателері

Program mysal1.

Var x;y; integer;

Begin

Write(x енгізу);



readln (x);

Writeln (“y=“,y);

rite(‘есептеу бітті’)

end.








Қатесі бар программа

Қателері

Program mysal2.

Var x;y; integer;

Begin

Write(‘x енгізу’):



readln (x);

Writeln (‘y=“t);

rite(‘есептеу бітті’)

begin.








Қатесі бар программа

Қателері

Program mysal1.

Var x;y; intger;

Begin

Write(‘x енгізу’):



ridln (j);

Writeln (‘y,k);

vrite(‘есептеу бітті’)

begin.




2 тапсырма

Қарамай табу ойыны
Begin Program

End Integer

Write Read

Readln line

Pascal graphABC

Б) жаңа сабақты түсіндіру;



«Адам ойлану керек, ал компьютер жұмыс істеу керек»

Б.Гейтс

Геометриялық обьектiлердi құру процедуралары

Нүкте салу операторы. Экранның кез келген жерiне нүкте салуға болады, GRAPH модулiнде нүкте PutPixel процедурасы арқылы са­лы­нады, оның пiшiмi



PutPixel (X,У : integer; color: word);

мұндағы Х,У – нүкте коорди­наталары, color оның түсiн анықтай­ды. Мысалы, for I:=1 to 60 do PutPixel(I,1,Red); операторы бiрiншi қатарда 60 қызыл нүктеден тұратын сызық салады. Экран бетiндегi бұрын салынған нүктенiң орнын анықтау үшiн келесi функциясы қолданылады.

GetPixel (X,У : integer): word;

Түзу сызық салу процедурасы экранда екi шетiнiң координата­лары берiлген кесiндi сызу iсiн атқарады. Оның пiшiмi



Line (X1,Y1, X2,Y2: integer);

мұнда ағымдағы түс бойынша координа­талары Х1,У1 нүктесiнен Х2,У2 нүктесiне дейiн кесiндi сызылады, мысалы, Line (1,1, 600,1);

Бастапқы нүкте көрсетiлмесе, онда мына процедура

Lineto (X.Y: integer);

курсор тұрдан орыннан бастап координа­талары Х,У болатын нүктеге дейiн түзу сызық сызады.



Сызық салу кезiнде оның түсi алдыңғы орнатылған түспен берiледi,

оны өзгерту үшiн

SetColor (Color: word); процедурасы қолданылады, мұн­дағы Color – жаңадан орнатылатын түстiң аты немесе нөмiрi. Мысалы,

SetColor(Cyan); {Сызық түстерi көгiлдiр болады}

SetColor(7); {Сызық түстерi боз болады}

SetBkColor (Color: word); процедурасы экран түсiн, яғни рең (фон) түсiн өзгертедi, мұндағы Color – жаңадан орнатылатын түстiң аты немесе нөмiрi. EGA/VGA адап­терлерi үшiн рең түсiн 0..63 аралығында беруге болады. Мысалы,

SetBkColor(Blue); {Экран түсi көк болады}

SetBkColor(4); {Экран түсi қызыл болады}

Адаптерлерде пайдаланылатын түрлi түстер




Тұрақты

Экрандағы түсi

Black

Қара

Blue

Көк

Green

Жасыл

Cyan

Көгiлдiр

Red

Қызыл

Magenta

Күлгiн

Brown

Қоңыр

LightGray

Боз

DarkGray

Сұр

LightBlue

Көкшiл

LightGreen

Ақшыл жасыл

LightCyan

Ақшыл көк

LightRed

Қызғылт

LightMagenta

Қызғыш

LightYellow

Сары

LightWhite

Ақ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет