Сабақтан тыс жұмыстар жинағы «эем операторы»



бет2/4
Дата01.04.2017
өлшемі3,24 Mb.
#12951
түріСабақ
1   2   3   4


Көпбұрыштар сызу процедуралары көпбұрыштардың бiрнеше түрлерiн сала алады, олардың түсi, стильдерi келiсiм бойынша немесе SetColor т.б. процедуралар арқы­лы орнатылады.


Rectangle (x1,y1,x2,y2: integer);

сол жақ жоғарғы (х1, у1) және оң жақ төменгi төбелерiнiң коорди­наталары (х2, у2) бойынша төрт­бұрыш сызады. Онығ iшi боялмай, эк­ран түсiмен бiрдей болады. Мысал ретiнде экранда әр түрлi түспен 100 тiктөртбұрыш сызу прог­раммасын келтi­рейiк.

For I:=1 to 100 do
begin

SetColor(Green);

Rectangle(200,Random(300),250,300);

Delay(50);

ClearDevice

end;


Боялған тiктөртбұрыштар келесi процедура арқылы сызылады.

Вar (x1,y1,x2,y2:integer); – мұнда адымдады түспен iшi боялдан тiктөртбұрыш сызылады. Бояу түсiн SetFill­Style процедурасы көме­гiмен енгiзуге болады.

SetFillStyle (Pattern,Color: word) – объектiң iшiн бо­яй­ды, толты­ру стилi мен түсiн көрсетедi. Мұндағы Pat­tern – толтыру стилi, ол тұ­р­ақ­­ты немесе нөмiр арқылы берi­ле­дi; Color – толтыру түсi. Толты­ру стилi тұрақты арқылы жазылады немесе 0-ден 12-ге дейiнгi мәндер­мен белгiле­недi, олар төменгi кесте­де көрсетiлген.
Floodfill(x,y : integer; Bor:word)

таңдалдан стиль бой­­ын­­ша тұйық фигураны» iшiн бояйды. Мұндады х,у –фигураның iшiнде жат­қан кез келген нүктенiң коорди­натасы, Bor – шекара сы­зы­дының түсi.

Доғалар, шеңберлер мен эллипстер сызу процедуралары фигуралар салу кезiнде координата­лар­дың полярлық жү­й­е­сiн қолданады. Бұл жүйеде бұрыштар горизонталь осьтен сағат тiлiне қарсы бағытта сыз­ы­­лады (17-сурет).

Circle (x,y: integer; r: word);

шеңбер сызу процедурасы, мұн­дағы х,у – центрдiң коор­ди­ната­ла­ры, r – пиксельдер (нүкте­лер) ар­­қылы берiлген шеңбердiң ра­ди­у­­сы. Шеңбер ағым­дағы түспен сы­зылады және сызықтың қа­лың­дығы берiл­ген стильге байла­ныс­ты болады. Мысалы, центрi (450, 100) нүкте­сiн­де орналасқан радиусы 50 пиксель жасыл шеңбер сызу былай жазылады: SetColor(Green);

Circle (450,100,50);

Arc (x,y: integer; B1,B2,R: word);

– доға сызу проце­дурасы, мұн­да­ғы х,уцентрдiң координаталары, В1, В2 – доғада сәйкес бұр­ыш­тың алғашқы және соңғы мәндерi, R – радиус мәнi. Мысалы, центрi (450,100) нүкте­сiн­де орналасқан радиусы 50 пиксель 0 мен 90 аралығындағы қызыл доға сызу былай жазылуы тиiс:

SetColor (Red);

Arc(450,100,0,90,50);



Ellipse (x,y:integer; B1,B2,RX,RY : word);

эллипс до­ға­сын сыза­ды, мұндағы х,уцентр координаталары, В1, В2 – алғаш­қы және соңғы доғаның бұрыш­тары, RX, RY – эллипс­тiң жа­тық және тiк ра­диус­тары. Эллипс до­да­сы бастапқы В1 бұрышынан соңғы В2 бұры­шына дейiн сы­зы­лады, егер В1=0 және В2=360 болса, онда толық эллипс салынады. Эллипс iшiн бояу SetColor, SetFillStyle проце­ду­ралары арқылы орындалады. Мысалы:

SetColor(LightRed); {Эллипс сызығының түсiн орнату}

Ellipse(100,100,0,360,30,50,); {Толық эллипс сызу}


Эллипс iшi экран түсiмен бiрдей, оның iшi боялданын салу келесi процедурамен орындалады.

FillEllipse(x,y: integer; XR,YR : word); – iшi боялдан эл­липс сызу, мұн­дағы х,у – центрдi» координаталары, XR, YR – эллипстiң жарты ось­терi. Мысалы:

SetFillStyle(WideDotFill,Green); {Толтыру стилi}

SetColor(LightRed); {Эллипс сызығының түсi}

FillEllipse(300,150,50,50,);

Мұнда эллипс қызғылт түспен сызылып, оның iшi Wide­Dot­Fill үлгiсiмен (сиретiлген нүктелер) толтырылады.

Рielice(x,y: integer; B1,B2,R : word); – шеңбердiң iшi бо­ял­ған сек­торын сызу, х,у – центр координаталары, R –радиусы, В1, В2 – сектор бұрышынығ алғашқы және соңғы мәндерi. Мысалы:

SetFillStyle(10, LightGreen); {Толтыру стилiн орнату}

SetColor(12); {Сектор сызығының түсiн орнату}

PieSlice(100,100,0,90,50);

Эллипстiң боялған секторын сызу процедурасы да бар, оның пiшiмi:

Sector(x,y : integer; B1, B2, XR, YR :word); – эллипстiң боял­­ған секто­рын сызу, мұндағы х,у – центрдiң коорди­на­талары; В1, В2 – сек­тор­дың алғашқы және соңғы бұ­рыш­­тары, XR, YR – эллипс жарты осьтерi. Мысалы:

SetFillStyle(CloseDotFill,LightBlue); {Толтыру стилi}

SetColor(LightMagenta); {Сектор сызығының түсi}

Sector(300,150,180,135,60,70);
Графикалық экранда мәтiн жазу процедуралары эк­ранда график түрiнде шығарылатын бейнелерге түсiнiк бе­рiп отырады. Ол үшiн төмендегi Outtext және Outtextxy процедуралары қолданылады.

Outtext (Tex: String); процедурасы арқылы берiлген орыннан (позициядан) бастап экранға мәтiн жолын шы­ға­руға болады. Мысалы: OutText(‘Мәлiмет енгiзу:’);

Outtextxy(x,y : integer; Tex: String); мұндағы х,у – мә­тiн жазылатын жол­дың алғашқы басталатын орнының коор­динаталары, Тех – мәтiн, ол апостроф iшiне жазыла­ды. Мә­тiн осының алдында орнатылған тип­ арқылы ағым­дағы түсте шығарылады. Мысалы, экранның 60,100 нүкте­сiнен бастап «Дархан» деген сөздi шығару былай орындалады: OutTextXY(60,100, ‘Дархан’);

SetTextStyle(Font: word;Direction: word;CharSise:word); – шығары­латын мәтiннiң стилiн орнатады, мұндағы Font – қарiп (шрифт) нөмiрi, Direction – шығарылатын қарiп­тiң бағытын, CharSise – шыға­ры­­­ла­тын символдың өл­ше­мiн көрсетедi. Алғашқы екi параметр атаулары, мәндерi және сипаттамалары төмендегi кестеде көрсетiл­ген. Ал CharSize параметрi символдың өлшемiн (0...30 аралығын­да) бередi.


В) жаңа сабақты қалай түсінгендіктерін тексеріп көру;

Төмендегі фигуралар қандай процедуралар арқылы салынады?










Г) осы күнге тапсырма беру;


  1. Өз бетінше жұмыс істеу – 25 минут.

Таратылған суреттерді Паскаль бағдарламасында үйренген процедуралар арқылы салу









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет