Сабақтар топтамасы Ембі қалалық №1 орта мектебінің Ембі қалалық №7 орта мектебінің


/Қарақыпшақ Қобыланды батырға арналған тарихи - мемориалдық кешенінің ашылуына орай өткізілген әңгіме сағаты/



бет5/5
Дата22.01.2017
өлшемі1,36 Mb.
#7602
түріСабақ
1   2   3   4   5

/Қарақыпшақ Қобыланды батырға арналған тарихи - мемориалдық кешенінің ашылуына орай өткізілген әңгіме сағаты/

Мақсаты: Қобыланды батыр туралы тарихи мағлұматтар бере отырып,оқушылардың білім деңгейін көтеру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушылар бойына отансүйгіштік, елжандылық пен ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: "Қобыланды батыр, ертегі емес" - тарих атты кітап көрмесі

Кітапханашы: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 2007 жылдың 8 қыркүйегінде эпостық кейіпкерден тарихи тұлғаға айналып, өзімізге қайта оралған Қарақыпшақ Қобыландының мәңгілік тыныштықтапқан мекені Ақтөбе облысындағы Қобда өңірінің Жиренқопа жерінде дүбірлеген той өтті.

Түбі бір түркі жұртының барлығына ортақ болып келген Қобыландының асыл сүйегі жатқан Ақтөбе өңірінде батырға арналған мемориалдық - туристік кешеннің ашылуы жергілікті халық үшінде,қонақтар үшін де шын мәніндегі үлкен оқиға болды.

1 жүргізуші: "Жаудан жерін қорғаған,

Қайратын елге арнаған,

Ұран болған ұлтына

Намысы биік нар бабам!

Ата қоныс құт мекен,

Айтылды сен деп арман - ән,

Тарихты құшып, сыр бүккен

Бәріне куә мың далам " деп жырлаған жырауларымыздың жырларынан үзінді келтірейік:



1 оқушы: Мекендеген сұрасаң,

Жирен деген көл еді,

Ешкі құрған деген бел еді

Қобдада тұрған



Қобыланды деген ер еді

(Айса жырау)



2 жүргізуші: Сонда тұрып Қобыланды

Аттанамын деп қалмаққа

Жол жүріп келе жатады,

Жайықтың арғы бетінде

Жиренқопа деген жыр еді

Бесоба деген дөң еді

(Мұрын жырау)

1жүргізуші: Соңғы жылдары Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей бастамасымен "Мәдени мұра" бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама ел рухын көтеріп, ұлт жажадының жаңаруына септігін тьигізетін күшке айналды. "Қобыланды" - сол игілігі мол, маңызды зор шаруаның биік шыңы.

2 жүргізуші: Елге тұтқа болған батыр бабамыздың мемориалдық кешені - батыр мәртебесін бір көтеріп, ерлікке, бірлікке бастайтын қасиеті орынға айналары сөзсіз. Кешен туралы тарихшы - маманға кезегі беріледі.

Тарихшы - маман: Мұрын - жырау, ақын Нұрпейіс Байғанин жырлаған нұсқаларында Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Жиренқопа елді мекеніндегі жер - су атаулары кеңінен таралған. Кесене Жиренқопа ауылында бұрыннан құлатқан және жергілікті қарттардың көрсетуімен Қобыланды батыр сүйегі қазылып, Алматы қаласында әкетілді. Зерттеу жұмыстары жүргізіліп, оның батырға тән екендігі тұжырымдалды.

2006 жылы батыр сүйегі туған өлкеге қайта жерленіп, басына қайрақ тас орнатылды. 2007 жылы облыс әкімі Е.Сағындықовтың бастауымен басына зәулім де, әдемі кесене орнатылды. Батыр кесенесі дулыға пішінді, төбесінен қарағанда батырдың қалқаны іспеттес. Кесене биіктігі - 17,5 м, ені - 12м.

Кесененің авторы - белгілі сәулетші Бек Ыбыраев.

Кесене ішіндегі айқастырылып қойылған үш найза, Қобыландының қайрақ тасы, басқа да тарихи белгілер - бәрі, бәрі өзіндік мән - мағынасынан ой салады.

Кесенеге апарар жоллдағы балбал тастардың да мәні ерекше.Жалпы алғанда, кесенедегі қандай да көріністің өзіндік айтары бар.

Ішке кірген кезде бір - біріне қосақталып байланған үш найза тұр,ортасында қалқан. Ұзындығы 4 м, ұшы күміс найзаларды Алматыдан келген ағайынды ұсталар Айтберген, Махмуд, Тұрсынжан Құлмантегілердің ісімер қолынан шыққан жәдігер ұлтымыздың ұсталары әлі де бар екендігі туралы мақтан оды оятты.



1 жүргізуші: Қобыланды батырдың тарихтағы және әдебиеттегі орны туралы әдебиетші - маманға сөз кезегін берелік.

Қобыланды эпосын алғаш зерттеуші - Мұхтар Әуезов. Ал Қобыланды жөнінде аңыз әңгімені алғаш рет баспа бетіне түсірілген орыс ғалымы В.Радлов. Батыр туралы жырды пластинка түсірген 1919 жылы Талиха Бекхожина.

Қобыланды 15 ғасырда халықтың бостандығы, елдің бірлігі,көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет еткен батыр. Бір жағынан Қобыланды батырды ұлтымыздың бүгінгі атауының қалыптасу шағының бастауында тұрған тарихи тұлға десек те болады. Қобыланды батыр жырында ұшырасатын қаһармандар есімдері Алтын орданың ыдырауы мен қазақ хандығының құрылуы ортасындағы тарихи тұлғалар.

Кітапханашы: Қобыланды батыр - қазақ жерінде өмірге келіп, елін, жерін қорғаған даңқты батыр. Кейінгі ұрпақтың мақтанышпен еске алатын, үлгі тұтатын батыр бабаларымыз туралы әңгіме сағатын өткізіп, бүгінгі ұрпақты бабалар рухында, Отансүйгіштік патриоттық қасиетті сезімге баулу – игілікт іс екені баршамызға мәлім. Ел ағалары арқасында өлгеніміз тірілгендей істер атқарылды. Өйткені аңыздағы Қобыланды бабамыз өмірге қайта оралды.




Тлекенова Г. Ж

7 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі



Сабақтың тақырыбы:

Ел басқарғандар: жетістіктер мен кемшіліктер.

Мақсаты: қазақ елін кімдер басқарды, Қазақ автономиялық Соцалистік Республикасы құрылып, Қазақстан егеменді мемлекет болғанға дейін аралықта саяси басшылықта болып кеткен мемлекет басшылары туралы оқшыларға мәлімет беру.

Дамытушылық: ел басқарған тұлғалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасауға саналылық пен түсіне білу.

Тәрбиелік : Оқушылар бойында ел басшыларына құрмет пен қызығушылық сезімін сіңіру.

Сабақтың жоспары: 1. Мемлекет басшыларының өмірі мен қызметі

2. Жетістіктер мен кемшіліктер.

3. Ойтүйін. Қорытынды.

Сабақтың барысы:

Біздің қазақ даласы қай замандада дарынды, ақылды адамдардан кенже қалған емес. Адамзат тарихының әр ғасырында өз дәуіріне лайықты кемеңгер адамдар өмір сүрген. Олар тек өзі үшін емес халқы үшін, өмір кешкендіктен тарихта еш уақытта өшпес орын иемденген. Әрбір ғасыр өз ерекшеліктерімен айқындалып, адамзат санасында, жылнамасында таңбалана қалатыны айдан анық.

Сол замандағы құбылыстар, олардың бұйдасын ұстап жетелеген тұлғалар өз кезінде қатардағы іс қоғамдағы өз міндеттерін орындаушы ғана пенделер ретінде аса көңіл аудара қоймайтындығы бір заңдылық сықылды. Уақыт керуені өтіп, ұзап кеткеннен кейін ғана олардың әр біреуі өз бағаларын алады. Олар кецінгі ұрпақтарға әрі үлгі, әрі қызықты болары сөзсіз.

«Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады» деп жазған екен. Өткен кезде қазақ елін кім басқармады.



Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы құрылып, Қазақстан егеменді мемлекет болғанға дейінгі аралықта.

(1920 – 1991ж ) 18 адам елдің саяси басшылық билігінде болған.

Олардың ішінде ұлттық сапасы жағынан

1 поляк – Станислав Станиславович (1919 шілде-1920 сәуір)

1 грузин – Виктор Иванович Нанейшвили (1924 қыркүйек-1925 тамыз)

1 еврей – Филипп Исаевич Голощекин

1 армян – Левон Исаевич Мирзоян (1933 қаңтар – 1938 ж. мамыр)

1 ұйғыр – Исмаил Абдрасұлұлы Юсупов (1962- желтоқсан–1964 желтоқсан)

9 орыс – Акулов, М.М. Костеловская, Г.А. Коростелев, Н.А. Скворцов, Г.А.Борков, П.К. Пономаренко, Л.И. Брежнев, Н.И.Беляев, Г.В.Колбин.

4 қазақ – М.Мырзағалиев (1921 қаңтар – 1921 мамыр), Ж.Шаяхметов (1946 маусым-1954 ақпан), Д.А. Қонаев (1960 қаңтар – 1962 желтоқсан, 1964-1968ж.), Н.Ә.Назарбаев (Қазақстан Республикасының Президенті).



Сол бір жетпіс жыл ішінде мерзімдік жағынан

І – орында Д.А.Қонаев – 25 жыл.

ІІ – орында Ф.И.Голощекин – 8 жыл 5 ай.

ІІІ – орында Ж.Шаяхметов – 7 жыл.

ІV – орында Н.А.Скворцов – 5 жыл 4 ай.

Сол 18 - дің 14 – і қазақ халқының тарихын мәдениетін, әдебиетін, этнографиясын білмейтін белгісі де келмейтін оны тек тобыр ретінде ғана білетін адамдар еді.




Жетістіктері

Кемшіліктері

И.А. Акулов, М.Мырзағалиев, М.М.Костеловская, Г.А.Коростелев, В.И.Нанейшвили оларға тән ортақ жетістік: елдегі сүзек, оба сияқты қауіпті індетке тосқауыл қоя білу, ауылды жаппай сауаттандыруға бет бұрғызу

Ф.И. Голощекин «Кіші қазанды» аштықты ұйымдастырушы.Республика халқы ауыр жағдайға душар болды.1929 жылы республикадағы 44 млн. 723 мың 200 бас малдан 1934 жылы 4,5 млн. бас мал ғана қалды.Қысымнан қашып,босқын болған адамдар саны көбейді. 1930 жылы Қазақстандағы халық саны 317,4 мың адамға, 1932 жылы 769,1 мың адамға кеміді.Ұйымдастыру мен ашаршылық салдарынан жүздеген мың адам республикадан тысқары жерлерге кетіп калды, біразы шетелге өтіп кетті. 1931-1933 жылдары Қазақстанда 2 млн.100 мың адам опат болды. Олардың ішінде 1 млн.750 мыңы – қазақтар.

Левон Исаевич Мирзоян Қазақстанда 1931- 1933 жылдары Ф.Г.Голощекин ұйымдастырған ашаршылық салдарын жою мақсатында жүргізген шаралар үшін қазақ халқы «Мырзажан» деп құрмет тұтқан. Мирзоян басшылық еткен кезеңде Қазақстан мәдениеті алға дамыды. 1934 ж. ҚазМУ ашылды, 1936 жылы Мәскуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті, 1938 жылы алғашқы қазақ кинотуындысы «Амангеді» жарыққа шықты. 1936 ж. Қазақ АҚСР-і РКСФР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды.

И.Юсупов қазақ жерін саудаға салып, қазіргі көршілес елдермен жер дауының негізін салушы

Д.А.Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады.Тау-кен ісін дамытуға үлес қосты, елде жаңа қалалар мен ірі елді-мекендер пайда болды.

Г.В.Колбин желтоқсандағы қанды оқиғаны, ұлтшылдықтарды қудалаушы ретінде халық санасында сақталады.

Сабақты қорытындылау:




Сабақ ұнады ма?

Неге ұнады?

Неге ұнамады?





















Ел бірлігін көксеген Әйтеке би



Мұғалімі: Тлекенова Г.Ж.

Ел бірлігін көксеген Әйтеке би

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға Әйтеке би өмірінен деректер беру, ғибратқа толы нақыл сөздерін түсіндіру, 370 жылдық мерейтойы туралы мәліметтер беру.

2. Отанды сүюге, батылдыққа, әділдікке, үлкенді сыйлауға, ауызбірлікке, шешендік өнерге тәрбиелеу.

3.Өз бетімен ізденуін ,Отанының тарихы мен әдебиетін оқып білуге үйрету,өзіндік тұлға болып қалыптасуын дамыту.

Сабақтың түрі: әдебиет, тарих пәндер бойынша кіріктірілген өнеге сағаты.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, мәнерлеп оқу, көрініс, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі, бүктеме, «Аңыз адам» журналы 2011 №24, географиялық карта, бейнефильм «Әйтеке би».

Сабақтың барысы:

Әнұран орындалады.

Жүргізуші : Елдің бағын ашпаса,

Ел мұратқа жетер ме?

Елінің сағын сындырса,

Ер мұратқа жетер ме?

Ел тірегі – Ері ,

Ер тірегі – Елі бола білген қауымның

Басынан бағы кетер ме?

Есті еріңді ез тұтқан,

Өзіңді өзің қорларсың,

Есеріңді ер тұтсаң,

Іргемізден жау кетпей,

Төрімізден дау кетпей,

Сойқанға сойқан жолығып,

Сорларсың да зарларсың.



Бұл жолдарды айтқан – бабамыз Әйтеке би. Біздің бүгінгі сабағымыз «Ел бірлігін көксеген Әйтеке би» деп аталады.

Әдебиетші мұғалім: «Егер біздің үш даңқты биіміз – Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің өз заманындағы ең асқақ мұраты барлық қазақтардың бірлігі болған болса сол мұрат біздің заманымызда ең басты мақсат болып қала береді», - деген болатын елбасымыз Н.Назарбаев. Биыл Әйтеке би бабамыздың туғанына 370 жыл толмақ. Нағыз елін сүйетін азамат болып қалыптасуда бабамыздың өмірі, нақыл сөздері бізге үлгі, сондақтан да бүгінгі сабағымыз төрт топ – «Тағылым», «Зерде», «Ұлағат», «Әйтекебитанушылар» арасында өтеді. Алдымен «Би» деген сөздің мағынасын түсініп алайық. Назар аударыңыздар!

Тарихшы мұғалім : Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, шешендігімен, дәстүрлі әдет – ғұрыптарын білетіндігімен ерекше көзге түскен бұл топтың өкілдері ру ақсақалдарымен қазыларының міндетін атқарды. 18 ғасырда қазақ даласында зор беделге ие болған билер: үйсін Төле би, Қаздауысты Қазыбек, айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Олардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды.

Жүргізуші : «Атадан пұл қалғанша, елін, жерін ойлар ұл қалсын» бұл сөзді айтқан Әйтеке бабамыз. Сол өзі айтқандай сарқылмас мұра қалдырған, әділдігімен, әрқашан ел мүддесін көздеген халықшылдығымен есте қалған Әйтеке би өмірі шығу тегі туралы зерттеген «Тағылым» тобына сөз берейік.

1- оқушы : 1644 жылдың 23 наурызында Әйтеке би Бәйбекұлы Өзбекстандағы Нұрата тауының Бұхара жеріне қарай созылып жатқан Қыз – бибі тауының етегінде дүниеге келген. 5 жасында ауыл молдасынан сауат ашады. 7 жасында атасы Ақша Әйтекені өз тәрбиесіне алып Самарқандағы Ұлықбек Жалаңтөстің тәрбиесінде болып әскери ойын тәсілдерді меңгереді. Қолбасшылық батырлық рухын бойына сіңіреді.

2-оқушы : 15 жасына дейін атасы Ақша ханның тәрбиесінде болып ел басқару әділетсіздікке қарсы күресу, адалдықтың ала жібін аттамау жөнінде тағылым алады, медреседе оқып жүрген жылдары арабша, парсыша тіл үйреніп дін, әлемтану, математика, құқық сабақтарын меңгереді. Жалаңтөс атасының сәулет өнеріндегі үлгісі мен тәлімін үйренеді. 20 жасында Нұрата, Самарқан төңірігіндегі 60 мың үйлі алшын мен 40 мың үйлі қарақалпақтың «Ұлыс биі» болып сайланады. 1669 жылы Кіші жүз халқының бас биі болады. 1680 жылы Тәуке ханның ордасына кеңесші би болып келеді. 17 ғасырдың соңында Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын жазуға қатысады.

3-оқушы : Әйтеке бабамыздың бір есімі емес жанам төрт есімі болған. Оның азан шақырып қойған аты «Айтмұхаммед» екен. Ал халыққа кеңінен тараған Әйтеке би есімі негізінен құрметке құрылған. «Айт – екен айтсын» дегеннен қалған. «Айтмұхаммедті» жөргекке орағандар бесікке салғанда «Айттығым» деген. Кейін осы еркелеткен мағына беретін сөз «Айтық би» болып көптің есінде қалған. Ал жеңгелері қазақы ғұрыппен «Қара жігіт» деп атаған.

4-оқушы : Әйтеке биді жан – жақты тануға бидің атақты бабасы Жалаңтөс баһадүр бейнесі көп үлес қосады. Шежіре бойынша Жалаңтөс Сейітқұл бидің он ұлының бірі. Қазақ – жоңғар соғыстары кезінде оның үлкен әскери көмегі: қазақтардың жеңіске жетуіне көп септігін тигізген. Қазақ хандығы үшін сондай сындарлы кезеңде әрі саясаткер, әрі қолбасшы ретінде қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолында еңбек еткен. Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында билік құрған кезіне «Ширдор», «Тілла қари» медреселерін өз қаржысына салдырған. Ол бар ғана емес, ел қамын ойлаған қайраткер. Өз ақшасын балаларды, жастарды оқытуға жұмсаған.

Көрініс: «Әйтеке бидің Жеті жарғы заңын шығаруға қатысуы».

Жүргізуші: Төледей әділ жанды көргенім жоқ,

Соңынан жайдан жайға ергенім жоқ .

Өзіңе ұқсап қарасып ерегісте,

Намысты елім қолдан бергенім жоқ , - дейді Әйтеке бабамыз тағыда.

Бабамыздың бізге жеткен нақыл сөздеріне щолу жасаған «Ұлағат» тобына сөз берейік.

1-оқушы : Әйтеке ел басқару ісінде әрқашан адалдықты, теңдікті, адамгершілікті нысана етіп жүзеге асырған екен. Қандай дау болмасын сөз құдіретімен әркімді баурап алып кетеді екен. Сондықтан жұрт оны «Айыр тілді Әйтеке» деп атаған.

Көрініс : «Әйтеке бидің» жігіт шағында айтқан төрелігі.

2-оқушы : Әйтеке бабамыз қазақ бірлігін баянды етуге тырысқан адам. Күлтөбедегі бір жиында ол : Біз қазақ бір биенің құлыны едік,

Тұлпар болып оза шабайық.

Біз бүкіл қазақ бір ұяның балапаны едік,

Қанаттанып сұңқар болып самғайық.

Біз бүкіл қазақ бір тоғайдың ағашы едік,

Орман болып жайқалайық,

Біз бүкіл қазақ, бір шаңырақ, бір қазан,

Бір төрелік, дастарқан болып

Атамекенді түгел қамтиық.

3-оқушы : Әйтеке бидің өнегелі сөзін оқи отырып шежірелі шешеннің көкейінде тығулы жатқан көмбеге кезіккендей боламыз. Мысалы:

Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып жауға найзаң тимесе,

Елден бөлек үйің күйсін!



Көрініс: «Әйтеке бидің төрелігі»

Жүргізуші : Ұлттың мәдениетін, тарихын білуге ұмтылған ұрпақ іздегенін ең алдымен Ұлттық энциклопедиядан табады, сондай-ақ бабамыздың өз тегінен тараған ұрпақтары туралы мәлімет қарастырған «Зерде» тобына сөз беріледі.

1-оқушы : Әйтеке бидің өз кіндігінен тараған ұлдары ел тізгінін, сөз шылбырын ұстаған турашыл ер мінезді жандар болған. Әйтеке ұрпақтары – Жалтыр, Қонысбай, Көбек, Өміртайлардың билік сөздерін Кіші жүз ғана емес, Орта жүз қазақтары да жыр ғып айтқан. Яғни, ел арасында олардың атымен айтылатын ғибратты сөздер аз емес. «Әйтеке бидің ұрпақтары негізінен Ақтөбе облысының Қарабұтақ, Шалқар ауданы мен Ақтөбе қаласында, Сыр бойының Қазалы, Арал өңірлерінде, Қарақалпақстан жерінде тұрады. Бабамыздан тараған ұрпақтары жобамен 20 – 30 мыңның үстінде» дейді , - сегізінші ұрпағы Бауыржан Итенов.

2-оқушы : Сондай – ақ бабамыздың 8-ші ұрпағы болып келетін Ғұбайдулла Ақтаев деген азамат көп жыл ағарту саласында қызмет еткен. Бүгінде Ақтөбе қаласында №6 мектеп сол Ғұбайдулла атымен аталады.

3-оқушы : Қазір де зейнеткер, Ақтөбе қаласының тұрғыны Әйтеке бидің 4-ші ұрпағы Хантөре Қосманбетов. Ол 1995 жылдан бері Ақтөбе қаласында «Әйтеке би» мейірімділік қорының жұмыс істеп келе жатқандығын, Ақтөбе облысы бойынша дәстүрлі түрде волейболдан турнир өткізіліп тұратындығын айтады.

Жүргізуші : «Жақсының жақсыдығын айт, нұры тасысын» дегендей, соңғы жылдары қазақтың маңдайына біткен Әйтеке би сияқты ірі тұлғаны есте қалдыру, оның шешендік өнегелі сөздерін насихаттау бағытында біраз жұмыстар атқарылуда. Сөз «Әйтекебитанушыларда».

1-оқушы : Әйтеке бабамыз тек шешен ғана емес, ол әскери қолбасшы да болған. Билікті найзаның күшімен емес, ақыл – парасатының кеңдігімен шешкен. Бұл жайлы жазушы Ә.Кекілбаев «Ел бірлігін көксеген Әйтеке би», М.Есламғалиұлы «Алшын Әйтеке би ғұмырнамасы» кітабын, О.Смағұлов, П.Бейсембаев т.б. тарихшы, әдебиетшілер біраз еңбектер жазған.

2-оқушы : «Әйтеке би» қоғамдық қорының қолдауымен 2009 жылы Ж.Мұқановтың «Әйтеке бидің ақ жолы» атты кітап шығарып, екі деректі фильмдер түсірген. «Әйтеке би» облыстық мейірімділік қорының төрағасы Е.Тұрсынбеков : «Әйтеке би деген кім?», «Әйтеке бидің қазақ мемлекетіне сіңірген еңбектері, шешендігі мен билігі, елшілігі» деген тақырыптарда оқу орныдарында, аудандарда іс – шаралар өткізіліп тұрады. Сөйтіп, Әйтеке бидің бабамыздың есімін насихаттай жүріп, қоғамдық пікір қалыптастырдық,- дейді.

3-оқушы : Ақтөбе қаласында, Аққемер ауылында екі көшеге бабамыздың есімі берілді. Антрополог – ғалымдар бидің сүйегін қазып, бабамыздың бет – бейнесін қағаз бетіне түсірген. Содан соң Мәскеудегі М.Герасимов атындағы зертханада бабамыздың бюстін жасатып, ол қазір Ақтөбеде облыстық өлкетану мұражайында тұр. 2008 жылы Ақтөбе қаласы әкімшілігінің алдындағы алаңға Әйтеке бидің ескерткіші қойылды.

4-оқушы : 1997 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Жаңақазалы посёлкасының атауы «Әйтеке би» кенті болып ауыстырылған. Сол қалада да Әйтеке би ескерткіші бар. Өзбекстан Республикасының Нұрата кентінде Әйтеке би мен Сейтқұл бабаға кесене ашылды.

5-оқушы : Қарақалпақ елінің суретшісі Ы.Қыдыров шежіре деректерін оқып, Әйтеке бидің «Ширдор» медресесінде ұстаз болып жүрген уақытының бір кезеңін суретке бейнелеген. Баба есімін насихаттау, көркем өнерде, әдебиетте, кинода, бейнелеу – болашақтың еншісіне және ол кезек күттірмейтін мәселе.

Ән : «Төртқараның ұлымын». Авторы : Саламат Саймов .

Жүргізуші : «Кетермін, артымда сөз, әнім қалар, кеінгі жастар оқып үлгі алар» деп Шәкәрім атамыз айтқандай біз бүгін Әйтеке бабамыз төңірігінде әңгіме қозғадық, пікірлестік, ой бөлістік. Не білдік, не түйдік?

Қорытынды : топтастыру .



Әйтеке би

Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға монғол империясының құрылуы,қоғамдық құрылысы және Қазақстанды жаулап алуы жөнінде түсінік беру.Сондай – ақ,

Осы зардаптардың әсерінен қазақ халқының қалыптасуы

кешеуілдеп,этникалық құрамы мүлдем бұзылғандығы, Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық дамудың барысына да зиян келгендігі жайында толық мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы осы бір оқиға арқылы оқушыларды патриоттыққа,елжандылыққа,саяси салауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, саяси оқиғаларды өз бетінде тұжырымдай білуіне бағыт беру.Алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиет.Қазақ тілі.

Сабақ барысы:

1.Ұйыдастыру сәті.

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Жаңа сабақтарды түсіндіру

4.Жаңа сабақты бекіту

5.қорытынды

6.Үй тапсырмасы

1.Әбу Насыр әл-Фараби туралы не білесің? (Ол шығыстың аса көрнекті ғалымы,философ,музыкант,математик.Және логика,медицина,ғарышнама,анатомия,философия,заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі).

2.Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды?

(Қойға табыну салты, отқа табыну дәстүрі)

3.Қолөнердің қандай түрлерін білесің? (Ұсталық,зергерлік,тас өңдеу,құмырашы-көзешілік)

4.Зергерлер не жасаумен айналысады?(Сән-салтанатты,әсем зергерлік бұйымдарды жасаумен)

5.Егіншіліктің дамуына не әсер етті?(Қала халқының өсуі және оның тұрғындарының сұраныстарына байланысты дамыды.)

6.Мешіт дегеніміз не?(Мұсылман дінінің әдет-ғұрып,салт-дәстүрі орындалатын қасиетті ғимарат)

7.Жүсіп Баласұғұнның қандай еңбегін білесің?(«Құдатғу білік»)

8.Махмұт Қашқаридың қандай еңбегін білесің?(« диуани лұғат ат-түрік»)

9.Алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштерді ата?(Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері)

10.Ортағасырлық дамыған қалаларды ата? (Отырар,Тараз,Талғар,Баба-Ата,Құйрықтөбе)

11.Қандай өзеннің бойында қалалар көп орналасқан?(Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсында

12.Қолданбалы өнердің құрылыс материалы не болды?(Сары топырақты балшык пен ғаныш).

3.Жаңа сабақты меңгерту

Жоспар:

1. Монғол империясының құрылуы.

2. Молғол империясының қоғамдық құрылысы

3. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

4. Жаулап алудың зардаптары

5. Ұлыстардың құрылуы

1.Қазіргі Монғолия жерінде 13 ғасырдың басында Керей,Найман,Жалайыр хандықтарының шекарасына іргелес жатқан

монғол тайпалары бірде тату,бірде араз өмір сүрген. «Монғолдың құпия шежіресінде» Керей хандығы монғол тайпаларының арасында жақсы қарым-

қатынас орнағандығы айтылады.Бұл қатынасқа Керей ханы Торының Монғолдың келешек қағаны Шыңғыстың тәрбиесіне көп еңбек сіңіргендігі дәлел бола алады.

Сонымен,Монғол империясының алғаш шаңырағын көтерген Шыңғыс хан

(бала кезіндегі аты Темүжін) 1155жылы Монғолияның Кендітау аймағында

Есугей батырдың отбасында туған.Оның 9 жасында әкесі татарлар қолынан

қаза тапты.

1206жылы монғол тайпаларының бас қосқан құрылтайында Монғол империясы құрылып, оның ұлы ханы болып Шыңғыс хан сайланады.

«Монғолдың құпия шежіресі» бойынша, осы жағдайдан кейін Керей ханы Торы Темүжінде «Монғолдарды жеңіске жеткізетін Жеңісхан болсын» деп

бата береді.Сол «Жеңісхан» деген сөз «Шыңғыс хан» болып аталып кетеді.

2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы

(Империяның құрылымы слайд арқылы интерактивті тақта көрінеді)

Хан-Уәзір-Түменбасы-Мыңбасы-Жүзбасы-Онбасы

Мемлекетік басты заңы «Жасақ» деп аталады.Ол екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім Шыңғыс ханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы

кей мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрады.Екінші бөлім әскери азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдардан және заңды бұзғандарды

жазалау ережелерінен тұрады.

«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғары органы құрылтай болды.Ол жылына бір рет жаз айында шақырылды.

3.Монғолдардың қазақ жерін жаулап алуы

1207-1208 жж.үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздары мен теріскей Сібір

халықтарының басып алды.



1207-1209жж.Шыңғыс хан таңғұттар мемлекетін,Тұрфан кінәздіктерін,ұйғырдың бағындырды.

1211-1215жж.Қытай жерін басып алып,олардың дуалдарын құлатып,өрт

шығаратын соғыс техникаларын қолға түсірді.



1217жылы Шыңғыс хан Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе ноянды жіберді.

1218жылы монғолдардың Жетісу жеріне енеді.Мұнан соң Шығыс Түркістан

мен Жетісуды басып алғаннан кейін Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылады. «Отырар опаты»болады.(1. «Шыңғыс хан»фильмі түсірілген бейнетаспадан монғолдардың қазақ жерін қалай ойрандатқаны көрсетіледі.2.Бір оқушыға М.Шахановтың «Отырардың опаты» өлеңі оқытылады)



1219жылы Шыңғыс ханның ұзын саны 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды.

1219-1220жж.Сыр бойындағы қалалар толығымен монғолдардың иелігіне көшеді.

4.Жаулап алудың зардаптары:



Монғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды.Бұл аймақта шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді мекен болса,одан кейін 12-15ғасырларды бар жоғы 20-ға жуық қала мен қоныс-жайлар қалған.Жуас қала

атанған Баласұағұнның өзі түгіл орны қайда екені белгісіз болып кеткен.

а)Монғол шапқыншылығының кедергісінен қалалық мәдениетінің дамуы кешеуілдеді.

б)Отырықшылық мәдениет тоқырады.

с)Егін шаруашылықтарының жүйесі бұзылды.

д)Елдер арасындағы қарым-қатынас мүлде тоқтады.

е)Ең басты мәселе халықтардың этникалық құрамы бұзылды.

ж)Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзақ жолдарға кешеуілдеді.

и)Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың барысында орасан зор зиян зор.

Сабақтың бекіту сәті.(Бекіту сәтінде берілген тапсырмалардың барлығын оқушылар интерактивті тақтада орындайды.)

Тапсырма-2. «Жылдар сөйлейді» ізденушілік тапсырмасы.

1207-1208жж.________________________________________

1207-1209жж.________________________________________

1211-1215жж.________________________________________

1217ж.______________________________________________

1218ж.______________________________________________

1219ж._______________________________________________

1219ж._______________________________________________

1219-1220жж._________________________________________

Тапсырма-3.Тарихи диктант.

Шарты:диктант ішінен бүгінгі сабаққа қатысты есімдерді(адам аттарын)

ғана теріп жазу.

Әл-Фараби,Айша,Әл-Бируни,Жеңісхан,Гаухар-Шахназ,Жошы,Арыстан-Баб,Темүжін,Сүлеймен Бақырғани,Жебе,Жүсіп-Зылика,Шағатай,Әли,Жүсіп Баласағұн,Әл-Максиди,Ахмет,Төле,Хамиадани,Мөңке,Ибраһим,Үгедей.

Тапсырма-4. «Сөйлемдерді толықтыру» тапсырмасы.

Шарты:Сөйлемнің ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толықтыр.

1.13 ғасырдың монғолдар (Керей,Найман,Жалайыр)хандықтарымен шекаралас жатты.

2.Шыңғыс ханның шын аты(Теміжүн) болатын.

3. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің билігінің жоғары органы (құрылтай)болды.

4. 1217жылы Шыңғыс хан Күшіліктің Жетісудағы иеліектерін басып алуға жіберді.

5.Шапқыншылықтың әсерінен (Баласағұн) қаласы жойылып кетті.



Сабақты қорытындылау:

Алайда,Шыңғыс хан көзтоймастықпен қаншама жерді аяусызқантөгіспен,зорлық-зомбылықпен,шапқыншылықпен жаулап алып,балаларына қаратқанымен оның балалары арасындада,олар басшылық еткен ұлыстардың арасында не саясат,не экономикалық не бір этникалық байланыс болған емес.Қайта олардың арасында, керісінше,билікке талас-тартыс күшейе түсті.Туыстық қарым-қатынастары да мезгіл өткен сайын суи түсті.Тіпті,1259жылы ұлы хан Мөңке қайтыс болғаннан кейін,Шыңғыс тұқымдарының арасындағы

Талас шиеленісе бастады.

Дегенмен,балалар,монғол шапқыншылығының тұсында жасаған ата-бабаларымыздың ерлігін,Отан қорғау жолындағы қанкешті іс-әрекеттерін ұғынып,бағалау біздің парызымыз екенін естен шығармағанымыз абзал.



Үйге тапсырма:

1.Тақырыпқа дайындалу.

2.Өтілген тақырып мазмұнына сүйене отырып,тесттік тапсырма құрастыру.

«Республикалық 45minut.kz» газетінің сабақтар топтамасы
ЖИНАҚ ТОПТАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ:

1. "МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?"

2. Бауыржан Момышұлының әскери өмірлік жолы мен өсиет сөздеріне арналған "Мен қазақтың ұлымын" атты тақырыпта әдеби кеш өткізуге арналған материалдар.

3. ВНЕКЛАССНОЕ МЕРОПРИЯТИЕ НА ТЕМУ: «МЫ ГОРДИМСЯ СВОИМИ ЗЕМЛЯКАМИ»

4. "Сен Қазақстан мемлекеті туралы не білесің?" (интеллектуалды ойын)

5. Жасай бер, жаса, қазағым менің (Тарихи альманах)

6. Эпостан оралған батыр

7. Ел басқарғандар: жетістіктер мен кемшіліктер.

8. Ел бірлігін көксеген Әйтеке би

9. Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы

Сабақтар топтамасы «Республикалық 45 minut.kz газеті»

редакциясының баспа бөлімінде әзірленген

жылы баспаға жарияланады.

Баспа редакторы: Нағиев І. Б.


Үйлестірушісі: Ақтөбе қаласындағы

13 орта мектебі мұғалімдерінің 45 minut.kz тілшісі



Имамурзина Қ. А.

Таралымы: ғқ дана. Алматы қаласы, 2014 жыл
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет