Жауап
Біз сыныпта не үшін сұрақ қоямыз?
|
Өткен тақырыпты қайталау
1.Қорытындылау үшін Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
2.Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
3.Бағалау үшін;
4.Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
5.Тақырыпты қайта қарау үшін;
6.Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
7.Күрделендіру үшін;
8.Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
9.Түсінуге көмектесу үшін.
|
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Жақсы сұрақ дегеніміз не?
|
Тақырыпқа сай сұрақ.
Тиімді сұрақтар оқыту мен оқу үдерісінің негізгі аспектісі болып табылады, өйткені біз қоятын сұрақтар өзіміз дамытып отырған ой деңгейін анықтайды. Сұрақтарды қолданған сабақтар сұрақтары жоқ сабақтарға қарағанда нәтижелерге жету үшін әлдеқайда тиімдірек. Жақсы сұрақтар оқушылардың ойланып, оған жауап бере алуы үшін біршама уақытты талап етеді және оқушылар оқуға қаншалықты белсенді қатысса, олардың қамту деңгейі де соншалықты үлкен болады.
|
Сіздің сыныбыңызда сұрақтардың көбін кім қояды? Неліктен?
|
Сұрақтарды оқушылар қояды. Олар өз білімдерін толық жетілдіру үшін, сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін сұрап, біледі.
|
Сұрақ қою және оларға жауап беру үдерісіне барлық оқушыларды қалай тартасыз?
|
Ең төмен оқитын және білседе жауап беруге қиналатын оқушылардан бастаймын . ал үлгерімі жақсы оқушыларға бөлек , қиындау тапсырма дайындап келуге тырысамын.
|
|