2. Бейнелеу өнерінен шығармашылық жұмыстар
Оқушылардың рухани жан дүниесі бай болуы үшін ең алдымен көркем өнерлік сана дамуының ерекше маңызы бар. Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятып,эстетикалық сезім мен көркемдік талғамды қалыптастыруға,жалпы адамзаттық өнер құндылықтарын ажырата білуге,өнердің шын мағынасын түсініп, оны өмір қажеттілігіне жарата білуге бейімдеу аса қажеттілікті талап етеді.Бастауыш сынып оқушыларының өнерден алатын орны ерекше. Бейнелеу өнері оқушылардың саналық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күш. Сондықтан бейнелеу өнері оқушылардың әлеуметтік дамуындағы бірден-бір негізгі белгі болып табылады. Қазіргі жетілген қоғамымыздың жастары өзінің бүкіл адамгершілігі, ақыл-ой парасаты, мәдениеті жағынан бұған дейінгі қай кездегідей болса да еңсесі биік тұратын,жан- жақты тәрбие алып,жаңа сана, жаңа қасиеттермен шыңдала түскен рухани жан дүниесі мейлінше жетілген болуы тиіс. Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әртүрлі тұрпаттары мен әдіс-тәсілдер түрін пайдалана,оқушының сурет салудағы шығармашылық үрдіске енуін белсендіріп, әр түрлі тұрпатта орындау әдіс-тәсілдерін игеруде жаңа шешім қабылдауына көмектеседі. Шығармашылық деген балалық шақ кезінен басталады.
Таныс көріністер бейнеленген шығармаларды таныстыру оқушыларды өнерге тартудың ұтымды жолы.
Тапсырмалар:
1. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінің мақсаты
2. Бастауыш мектепте бейнелеу өнерінің міндеттері
3.Шығармашылық жұмыстар түрі
9.2 тақырып. Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс – тәсілдері, сабақ жоспарын құру ерекшеліктері
Мақсаты: Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс – тәсілдерін меңгерту. Сабақ жоспарын құру ерекшеліктерін үйрету.
1. Бейнелеу өнерін оқытудың әдіс – тәсілдері
2. Сабақ жоспарын құру ерекшеліктері
1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі өзінің қағидаларын жасауға педагогика ғылымының мәліметтеріне сүйенеді. Бірақ педагогика ғылымы, практикасыз оқыту өнерін меңгеру нәтижесіне жете алмайды. Ол тек қана жалпы қағидаларды көрсетумен ғана шектеледі.Осыған керісінше жалғыз оқыту әдістемесі педагогикасыз мұғалімге оқу процесін дұрыс құра білуге мүмкіндік бере алмайды. Мұғалім мектептегі педагогикалық қызметін сәтті жүргізу үшін, оған қазіргі дидактиканың негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны практикада шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.Бейнелеу өнері тәрбиелеп қана қоймай адамға қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Білім беру жолы оқушыны ғылыми мәліметтерге негізделген лайықты білімге апаруға тиіс. Бұл жерден екінші принцип – ғылымилық принципі туындайды.Мұнан соң көрнекілік принципін айтуға болады. Балаларға меңгертілетіндердің бәрі көру арқылы қабылдауға негізделуі тиіс. Бұл бізден заттар мен құбылыстарға таным негізі ретінде қарауды талап етеді. Оқушылардың білімінің шыншылдығына практика көз жеткізеді. Сондықтан да оқушылардың саналылығы мен белсенділігі принципі дидактикалық принциптердің маңыздыларының бірі. Балалар өз білімдерін нақты және берік меңгергенде ғана оларды қолдануға мүмкіндік алады. Осыдан келіп білімді меңгерудің беріктілігі принципі шығады.Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын принциптің бірі-жүйелілік принципі. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші — заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |