Сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал Павлодар (075. ) Ббк 74. я 73 А28



бет1/23
Дата06.02.2022
өлшемі447 Kb.
#54886
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер факультеті


Орындаушылық өнер кафедрасы


МУЗЫКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҚ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕР
«Музыкалық білім» мамандығы бойынша күндіз
және сырттай оқитын тәлімгерлердің дәріс
сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал

Павлодар
УДК 37. 036:39 (075.8)


ББК 74.6 я 73
А28
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған


Пікірсарапшы:
Педагогика ғылымының кандидаты, доцент Сметова А. А.


Құрастырушы: У.А. Ажіғалиева, Қ.М.Балажанова

А28 Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер оқу әдістемелік құрал / құрастырушылар Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М. – Павлодар, 2007. – 59 б.


Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография» пәніне арналып, күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлерге жалпы дәріс сабақтарының тақырыптарымен таныстырады.
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық білім» ҚР МЖМБС 3.08.256 - 2006 мамандықтары бойынша жасалған бағдарламаның талаптарына сай жасалған.
УДК 37. 036:39 (075.8)
ББК 74.6 я 73
© Ажіғалиева У.А., Балажанова Қ.М., 2007
© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007
Кіріспе

Музыка – адам сезiмiнiң нәзiк тiлi, яғни адамдардың бiр-бiрiмен эстетикалық тәрбие беруде адам өмiрiнде музыканың атқаратын рөлi аса зор. Сондықтан жаcтарымызды музыка мәдениетiне тәрбиелеу iсiн жан-жақты ойластырып, олардың музыкалық талғамын әрдайым дамытып отыруға мейлiнше көнiл бөлуiмiз керек.


Білім саласындағы әлемдік дамуды ескерту, Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беруді, соның ішінде музыкалық білім беруді реформалау жоғары мектептегі музыкалық-педагогикалық процестерді ұйымдастырудың қалыптасқан негіздерін әдіснамалық-теориялық тұрғыдан терең пайымдауды қажет етеді.
Қазіргі таңда болашақ музыка мұғалімдерін даярлау ісі белгілі бір жүйеге келтіріліп жатқанымен бұл салада лайықты оқулықтар, оқу құралдары жоқ деуге болады.
Музыкалық білім беру педагогикасы – педагогика, психология, музыкатану ғылымдарын ұштастыратын қалыптасу үстіндегі ғылым саласы. Өкінішке орай, оның дербестігі, мазмұны, объектісі, пәні, тіпті терминологиясы жөнінде әлі де бірыңғай пікір-пайымдаулар қалыптасқан жоқ.
Кейінгі жылдары музыкалық білім берудің тарихи, әдіснамалық-теориялық мәселелері, әдістемесі ресей ғалымдарының бірен-саран еңбектерімен танымал болғанымен, қазақ тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік ұсыныстар жоқтың қасы. Бұл сөз жоқ, болашақ музыка мұғалім пәні мұғалімнің кәсіби даярлау ісіне нұсқан келтіруде.
Ұсынылып отырған оқу құралы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.
Оқу құралының «Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері» атты бірінші бөлімінде музыкалық білім беру педагогикасының пәні мен міндеттері, ғылым ретінде дамуы мен қалыптасуы, оның өзге ғылымдармен байланысы баяндалады.
Екінші – «Музыкалық педагогикадағы халықтық салт-дәстүрлер» атты бөлімінде қазақ халқының ән және әншілік өнеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне тоқталып, оның халық өмірімен тығыз байланыстылығы, тарихылығы, көркем образдылығы, философиялық ой-тереңдігі қарастырылды.
Үшінші - «Музыкалық білім беру педагогикасының теориясы» атты бөлімінде музыкалық-педагогикалық процестің мәні, музыканы оқыту принциптері, музыканың әдебиетпен байланысы мазмұндалды. Біз бұл оқу құралымызда музыкалық білім беру педагогикасының барлық мәселелерін жан-жақты қарастырдық деп айта алмаймыз.
Музыкалық білім беру педагогикасында әлі де шешімін табар көптеген проблемалар бар.
Аталған мәселелерді ойдағыдай дұрыс шешім табуы жоғары білім беру жүйесінде болашақ маман даярлауға арналған «Музыкалық білім берудің тарихы мен теориясы», «Музыканы оқыту әдістемесі», «Музыкалық-педагогикалық практикум» курстары бойынша оқу-әдістемелік құралдарды жетілдіру ісімен тығыз байланысты деп есептейміз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет