Сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал Павлодар (075. ) Ббк 74. я 73 А28



бет3/23
Дата06.02.2022
өлшемі447 Kb.
#54886
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Сұрақтар мен тапсырмалар
1 Музыкалық білім беру педагогикасының пәні және қызметі.
2 Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы ролі.
3 жалпы дидактикалық тұрғыдан «Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымына қатысты негізгі категорияларға түсініктеме беріңіздер.


Әдебиеттер [1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9]
2 Музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы


Жоспары:
1) Ежелгі кезеңдегі музыкалық тәрбие;
2) XIX ғасырдың екінші жартысындағы музыкалық тәрбие мәселелері;
3) XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағымузыкалық тәрбиенің ерекшеліктері;
4) XX ғасырдағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы;
5) Жаңа кезеңдегі музыкалық білім беру педагогикасының дамуы.

Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты.


Өнердің осы түрінің адамның жан дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде жинақталған.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында музыкалық білім беру саласы дербес ғылым саласы ретінде дами бастады. Оған бірнеше факторлар себепкер болды. Біріншіден, бұл қоғамның әлеуметтік жаңаруы және адамгершілік, халықтық, ізгілік, демократизм идеяларының өркендеуіне байланысты еді. Осы кезеңде өмір сүрген орыс классик сазгерлері, педагогтары А.Н.Серов, В.В.Стасов, Ц.А.Кюи, М.Глинка, А.Доргомыжский, П.Чайковский, С.Танеев, Н.Римский-Корсаков және т.б. өнердегі халықтық демократизм, ағартушылық идеяларын дәріптеп, тәрбиені прогрессіл рухпен қанықтыруды батыл талап етті және музыкалық мәдениетті жетілдіру жөнінде құнды пайымдаулар жасап, оларды іс жүзінде жүзеге асыруға атсалысты.
Зерттеушілер музыкалық білім беру педагогикасының ғылым ретінде қалыптасу, даму жағдайын басты үш кезеңге бөліп қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет