Сабақтарында 5 е оқыту моделін қолдану жолдары П. У. Баймишова


-кесте – 5Е моделін оқытудың кезеңдері



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата01.12.2023
өлшемі0,51 Mb.
#194398
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
pdf

1-кесте – 5Е моделін оқытудың кезеңдері
Кезеңдер
Мұғалімнің 
іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқу нәтижелері
Engagement /
қатысу
Жаңа әдіс-тәсіл-
дерді қолдана оты-
рып, оқушыларға 
кіріс ұғымдарымен 
байланыс орнатуға 
көмектеседі.
Оқушылар жаңа 
ақпаратпен танысуға 
қызығушылық танытып, 
сұрақтар қояды, ойла-
рын білдіреді, бақылау-
ларымен бөліседі.
Оқушылардың алдын ала 
білімдерін анықтау. Жаңа 
тұжырымдаманы оқытуды 
бастамас бұрын оқушылар-
дың ықтимал қате түсініктерін 
анықтау. Сабаққа белсенді 
қатысуға ынталандыру.
Exploratory
/ зерттеу
Оқушыларға қа-
жетті құралдарды, 
зерттеулер үшін 
ережелер мен 
нұсқаулық береді, 
зерттеулерді дамы-
туға көмектеседі.
Болжамдар мен гипо-
тезаларды тексереді, 
деректерді бақылау, 
сипаттау және жазу 
арқылы зерттеу жүр-
гізеді. Деректерді, 
идеяларды және қо-
рытындыларды басқа 
оқушылармен салысты-
рады.
Оқушының зерттеу дағдыла-
ры, тұжырымдамалық түсінігі, 
идеяларды байланыстыру
экстраполяциялау қабілеті 
дамиды. Оқушылардың 
ғылыми идеяларды зерттеуге 
негізделген оқыту нәтижелері 
беки түседі.


74
2. ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
БІЛІМ • BILIM
ISSN 1607-2790 (PRINT), ISSN 2960-0642 (ONLINE) 
WWW.BILIM-UBA.KZ 
№2 (105) 2023
Кезеңдер
Мұғалімнің 
іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқу нәтижелері
Explanation
/ түсіндіру
Сыныпта талқы-
лауды бастайды.
Ғылыми ойдың 
мағынасын беру 
үшін ашық, оқушы-
ны ойландыратын 
сұрақтар қояды.
Ғылыми тұжырымда-
маларды жеткізу үшін 
белгілерді, ережелерді, 
бақылауларды, жал-
пылауды және заңдар-
ды қолданады, басқа 
оқушылардың түсінік-
темелерін мұқият және 
сыни түрде тыңдайды 
және сұрақтар қоя-
ды немесе пайдалы 
ақпарат қосады. Жаңа 
жаңалықты басқа 
оқушыларға хабарлай-
ды /талқылайды.
Оқушылардың қарым қаты-
нас, ғылыми пайымдаудың 
логикасы мен дәйектілігін, 
ғылыми ойлау дағдыларын 
дамыту
Elaboration
/ дамыту
Оқушыларды ал-
дыңғы білімді жаңа 
ғылыми ұғымдар-
мен байланыстыру 
үшін ғылыми тер-
миндерді қолда-
нуға ынталандыра-
ды, нәтижелерге, 
деректерге немесе 
дәлелдерге сүйене 
отырып қорытынды 
жасауға көмекте-
седі.
Алынған нәтижелерді
анықтамаларды және 
жаңа дағдыларды ұқсас 
ғылыми тұжырымда-
маларға қолданады.
Жаңа және алдыңғы 
білім арасында тұжы-
рымдамалық байланыс 
орнатады, басқа оқушы-
лардың түсіндірме-
лерін дәлелді ғылыми 
фактілер мен принцип-
терді қолдана отырып 
сынға алады.
Жаңа ғылыми тұжырымда-
маларды құру, жүйелеу және 
өңдеу мүмкіндігі. Ғылыми 
ұғымдарды кеңірек түсіну.
Ғылыми тұжырымдамаларды 
жалпылау қабілеті. Күрделі 
ғылыми мазмұнды өңдеу.
Evaluation
/ бағалау
Оқушылардың 
сабақты түсінгенін 
тексеру үшін баға-
лау құралдарын 
пайдаланады.
Ғылыми фактілер мен 
принциптерді қолдана 
отырып, сұрақтарға жа-
уап береді. Рефлексия-
ға белсенді қатысады.
Оқушы алған жаңа ғылыми 
білімді / тұжырымдамалық 
ойлауды анықтау. Оқудағы 
олқылықтарды анықтау [3].
Эксперименттік сыныпта практикалық 
немесе зертханалық сабақты өткізуге 
дайындық ретінде эксперименттік топта 
қолданылатын, 5Е оқыту моделінің кезең-
дерін қамтитын экспериментке арналған 
нұсқаулық парақтарды әзірлеу маңызды 
болып табылады. 
5Е оқыту моделінде зертханалық сабақты 
қалай өткізуге болатынын 9-сыныптағы 
№ 3 зертханалық жұмыс «Математикалық 
маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін 
анықтау» (оқу мақсаты: 9.2.5.8 – матема-
тикалық маятник периодының формула-
сынан еркін түсу үдеуін анықтау; 9.2.5.9 
– период квадратының маятник ұзын-
дығына тәуелділік графигін тұрғызу және 
талдау) тақырыбы арқылы ұсынамыз. 
Ескерту: зертханалық жұмысты жүргізуге 
2 сағат уақыт бөлген жөн.
Оқушылардың практикалық (зертхана-
лық) сабаққа қызығушылығын тудыру 
үшін сабақ басында қызықты кіріспе жа-
сау керек немесе қызықты әңгіме (та-
рихы қызықты болса сол эксперименттің 
тарихын), болмаса оларға эксперимент 
туралы ойлануға және осы тақырып бо-
йынша білімдерін ұсынуға мүмкіндік 
беру үшін қызықты сұрақтар қою керек. 


75
2. METHODOLOGY OF TEACHING DISCIPLINES
БІЛІМ • BILIM
ISSN 1607-2790 (PRINT), ISSN 2960-0642 (ONLINE) 
WWW.BILIM-UBA.KZ 
№2 (105) 2023
Бұл іс-шаралардың мақсаты оқушылар-
дың сабаққа деген қызығушылығы мен 
ынтасын арттыру болып табылады.
Мысалы: егер сарай қақпасын күзететін 
сарбаз үнемі алға-артқа жүрсе, бұл қа-
рапайым гармоникалық қозғалыс па? 
Маятник сағаты теңіз деңгейінен таудың 
басына ауысқанда уақытты жоғалтады ма 
немесе ұтады ма? Қарапайым маятник-
тің ұзындығын секундомермен анықтауға 
бола ма? Қалай?
Кейбір эксперименттік тапсырмаларға 
тақырып бойынша қызықты суреттер 
қолдануға, қызықты ұқсастықтар келтіру-
ге, проблема немесе күнделікті өмірден 
бақылау ұсынуға болады. Оқушыларға 
идеяларды бір-бірімен талқылауға рұқ-
сат етілді және олардан тиісті идеяларды 
ұсынуды және мәселені шешу үшін экс-
перименттер жүргізу сұралады.
Ойланыңыз: қарапайым маятник жасау-
ды сұраса, экспериментті қалай жоспар-
лар едіңіз?
Зерттеуге кіріспе кезеңінде оқушылар-
дың назарын сабаққа аударғаннан кей-
ін олардан эксперименттегі тәуелді, тә-
уелсіз және бақылау айнымалыларын 
анықтау сұралды. Олар осы айнымалы-
ларды анықтаған кезде экспериментке 
әсер етуі мүмкін барлық факторларды 
ұсынады. Бұл кезең-оқушылардың бел-
сенділігінің максималды деңгейін қамти-
тын кезең. Зерттеу кезеңі 5 бөлімге бөлі-
неді. Бұл бөлімдер келесідей: B-зерттеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет