Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж


Тамырдың негізгі үш аймағы болады



бет16/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Тамырдың негізгі үш аймағы болады: бөліну аймағы (меристема); созылу аймағы; тамыр түкшелерінің аймағы.
Бөліну және созылу аймақтарына қарағанда, қоректік элементтерді тамыр түкшелері орналасқан аймақ клеткалары әлденеше рет қарқынды сіңіреді.
Өсімдіктің тамыр түкшелері тамырдың қоректік заттарды сіңіру қабілетін ұлғайтады. Сондықтан да тамыр түкшелері орналасқан аймақты тамырдың қоректік заттарды сіңіру аймағы деп атайды.
Дегенмен тамыр түкшелері қоректік заттарды жақсы сіңіреді және өздерінің өткізгіш жүйелері арқылы өсімдіктің жер бетіндегі мүшелерін қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Ал созылу және бөліну аймақтарында өткізгіш жүйе жоқ. Бұл аймақтар сіңірген қоректік заттарды өздері пайдаланады.
Өсімдіктің қоректік заттарды сіңіруі жұмсалатын энергия түріне қарай активті және пассивті болып бөлінеді.
Пассивті жолмен сіңіруге диффузия, осмос құбылыстары жатады. Қоректік элементтердің енуі диффузия немесе осмос арқылы транспирация кезінде өтеді. Пассивті жолмен сіңіруі электрохимиялық градиент бойынша жүреді, яғни заттардың молекулалары мен иондары ерітіндінің концентрациясы төмен бағытына қарай қозғалады. Иондардың электр заряды болғандақтан, олардың клетка және орта арасындағы бөлінуі электрлік потенциал айырмашылығы мен концентрация айырмашылығына байланысты. Осы екі шаманың қосындысы электрохимиялық градиент болып саналады.
Өсімдіктің қоректік заттарды активті жолмен сіңіруі шешуші рөл атқарады. Бұны тамыр жүйесінің қоректік заттарды талғап сіңіруі дәлелдейді. Өйткені өсімдіктің тамыр жүйесі сыртқы ортадан барлық элементтерді емес, қажеттілерін сіңіреді. Активті жолмен сіңіруді қоректік элементтердің енуінің және олардың жылжуының жылдамдығы көрсетіп отыр. Мысалы, таңбалы көміртек көмегімен 14С көмірқышқылының тамырдан жапыраққа 10-15 мин ішінде жылжуы анықталған.
Активті жолмен сіңіруі электрохимиялық градиентке қарсы жүреді.
Енді иондардың тамыр клеткасына қарай активті жолмен өтуінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық. Плазмалеммадан тыс орналасқан клетка аралықтары және клетка қабықшасындағы фибрилла мен мицелла аралықтары біртұтас бос кеңістік түзеді. Оны апопласт деп атайды. Барлық клеткалардың апопластары өзара байланысып біртұтас жүйе құрайды. Сыртқы ортадағы иондар апопластқа диффузия немесе гидростатикалық қысым әсерінен қозғалатын су ағынымен бірге жылжиды. Апопластан өтетін су иондарды өзімен бірге әкетеді. Клетка қабықшасы теріс зарядты болғандықтан көптеген катиондарды адсорбциялайды, сөйтіп олардың концентрациясын 20-800 есе жоғарлатады. Иондар концентрациясының көтерілуі олардың одан әрі жылжуын жеңілдетеді. Қабықшаға енген иондар апопласт жолына түседі немесе плазмалемма арқылы өтіп симпласт жолына енеді. Сонымен қатар ерітінді қабықшаның тесіктері арқылы өтіп, плазмалеммамен тікелей жанасуы да мүмкін. Мұнда да иондар симпласт жолына өтеді. Симпласт деп өзара жалғасып жатқан цитоплазманың плазмадесма жіпшелерімен байланысуынан пайда болған торды айтады. Симпласт арқылы тасымалданған иондар метаболизмге қосылады және шоғырлана келе концентрациясы артады. Иондар мембрана арқылы өтіп, тамырдың түкшелеріне шығуы екі түрлі насос күшімен жүреді. Бірінші насос тамырдың эпидермис клеткаларының плазмалеммасында орналасқан. Ол иондарды сыртқа ортадан тамыр клеткасына тасымалдайды. Екінші насос ксилемаға жанасып жатқан клеткалардың плазмалеммасында орналасады. Бұл насос иондарды ксилема түктеріне шығарады.
Клетка иондарын пайдалануда талғампаздығы, олардың ішкі қабатында концентрациясының өсуі, тамыр клеткаларының химиялық қасиеттері жақын иондарды сіңіргенде бәсекелестігін тасымалдау теориясы түсіндіреді. Бұл теория бойынша иондар мембраналар кедергілерінен өтерде бос күйінде емес, тасымалдаушы молекулалар комплексімен өтеді. Ал мембрананың ішкі жағында комплекстер иондарға ыдырайды (диссоцияланады). Бұл босаған иондар тасымалдаушы заттардың көмегімен басқа заттармен әрекеттеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет