Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет17/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Симпорт – электрохимиялық градиент бойынша клетка ішіне протон Н+ мен басқа қосымша заттың (аминқышқылы, қант, фосфор т.б) белсенді сорылуы.
Антипорт – клеткадан протонның Н+ шығарылуы және электробейтараптығын сақтау үшін сол зарядпен ионды, мысалы К+ клетка ішіне кіргізу.
И.И. Мечников лейкоциттардың бактерияларды «жұтатындығын» дәлелдеді. Кейін көптеген клеткалар өзінің құрамына қоршаған ортада қалқып жүрген қатты бөлшектерді және тамшыларды бойына сіңіретіндігі анықталды.
Пиноцитоз – қоршаған ортада қалқып жүрген сұйықтық тамшыларын клетканың өз бойына «жұтып алу» (сіңіру) құбылысы.
Фагоцитоз – қоршаған ортада қалқып жүрген қатты бөлшектерді клетканың өз бойына «жұтып алу» (сіңіру) құбылысы.
Сіңірілген заттар әуелі клетка мембранасының сыртқы қабатында адсорбцияланып, одан әрі қарай ішіне кіріп созылып түйіседі. Мұнда олар пиноцитарлық көпіршіктер пайда болып клетканың ішкі бөлімінде қозғалыстарда болады.
Өсімдік қоректік элементтерді тамырдың топырақпен және топырақ ерітіндісімен тікелей жанасуы арқылы сіңіреді. Қоректік зат тамыр арқылы адсорбциялық жолмен енеді. Тамыр клеткаларындағы белок құрамында негіздік және қышқылдық топтардың болуынан протоплазма бетінде оң және теріс зарядты учаскелер болады. Демек протоплазма қоректік заттан бір мезгілде түрлі катиондар мен аниондарды адсорбциялайды. Мұнда өсімдік тамыры тыныс алған кезде пайда болған көмірқышқыл газы өсімдік тканьдарындағы сумен әрекеттеседі де көмір қышқылы (H2CO3) түзеледі. Бұл қосылыс диссоциациялануынан Н+ ионы топырақтағы катиондармен (K+, Ca2+, Mg2+, NH4-), HCO3- аниондармен (NO3-, SO42-, PO43-) алмасады. Топырақ ерітіндісінен тамырға өткен иондар басқа қосылыстарға айналады немесе өзгеріссіз сабақтар мен жапырақтарға тарайды.
Кез келген өсімдік қоректік элементтерді пайдаланғанда өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай талғампаздық танытады.
Тамыр жүйесінің талғампаздығын тұздардың физиологиялық реакциясы дәлелдейді. Өсімдік өзінің өсіп-даму кезеңдерінде иондарды талғап сіңіреді. Сөйтіп тұздардың физиологиялық реакциясы өзгереді. Топырақ құрамындағы өсімдік пайдаланбаған аниондар мен катиондар оның ерітіндісінің реакциясын қышқылдық немесе сілтілік жаққа қарай ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет