Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет37/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Топырақты гипстеу. Құрамында сіңірілген натрий катионының мол болуы сор, сортаң топырақтардың физикалық қасиеттеріне теріс әсер етеді. Олардың құрамындағы органикалық, минералдық коллоидтар сумен төмен жылжиды. Осының нәтижесінде топырақтың беткі қабатында өсімдікке қажетті негізгі қоректік заттардың мөлшері азаяды. Сор, сортаң топырақтардың беткі қабатына су тиген уақытта жібіп, ісініп балшыққа айналады, ал кепкен кезде құрылымы ірі кесекті түйіртпекті болып қатып қалады. Бұндай топырақтардың ауа, су өткізгіштігі өте төмен, әрі құнарсыз болып саналады. Сондықтан дақылдардан жақсы өнім жинау мүмкін емес. Аталған топырақтардың қасиеттерін жақсарту үшін, оларды химиялық жолмен мелиорациялайды. Ол үшін құрамында СаSO4•2H2O қосылысы болатын мелиоранттарды пайдаланып, топырақтың сіңіру кешенінің құрамындағы натрий катионы кальциймен алмастырылады.
Топырақты гипстеуде мынандай химиялық реакциялар жүреді:
Na2CO3 + CaSO4 = CaCO3 + Na2SO4;
(ТСК) Na + CaSO4 = (ТСК) Ca + Na2SO4
Na
Топырақты гипстеу үшін гипс (71-73% CaSО4), фосфогипс (70-75% CaSО4) және балшықгипс (60-90% CaSО4) қолданады.
Топырақты гипстеуге арналған гипс (CaSО4•2H2O) мөлшерін (т/га) мына формуламен есептейді:
CaSO4•2H2O мөлшері, т/га = 0,086(Na - 0,1T)•H•d, мұнда
Nа - 100 г топырақтың құрамындағы натрий мөлшері, мг-экв.;
Т - 100 г топырақтың сіңіру сыйымдылығы, мг-экв.;
Н - жыртылатын қабат терендігі, см;
d - гипс енгізілетін топырақтың көлемдік массасы, г/см3.

Егер топырақтағы сіңірілген натрий мөлшері белгісіз болса, онда топырақ ерекшеліктеріне қарай гипстің орташа мөлшерлерін (1-10 т/га) қолдануға болады. Суармалы жерлерді гипстеуге осы мөлшерлерді 25-30 %-ға азайтады. Гипстің жоғары мөлшерін 2-3 жыл ішінде біртіндеп қолдануға болады.


Қазіргі кезде сортаң топырақтардың қасиеттерін агротехникалық жолмен жақсарту кеңінен пайдалануда. Ол үшін топырақтың 30-45 см тереңдікте орналасқан, гипске бай қабатын үстіне аударады. Оны топырақтың өзін-өзі гипстеу тәсілі деп атайды. Алайда мұндай тәсілдер топырақ құнарлығы мен өсімдіктің қоректенуін бүтіндей жақсартады деп ойлауға болмайды. Сортаң топырақтың қасиеттерін жақсарту үшін, механикалық, химиялық және биологиялық шараларды комплексті түрде жүзеге асыру керек. Сонда ғана оның зиянды жақтарының әсері төмендейді.
4-тақырып. ТОПЫРАҚТЫҢ АЗОТ ҚҰБЫЛЫМЫ (РЕЖИМІ)

1. Егіншіліктегі азот мәселесінің маңызы.


2. Топырақ құрамындағы азот қосылыстарының мөлшері мен түрлері және олардың өзгеруі.
3. Топырақты азотпен байытуда және белок мөлшері жоғары өнім алуда бұршақ тұқымдас өсімдіктерінің маңызы.
4. Солтүстік Қазақстан топырақтарының азот құбылымының (режімінің) ерекшеліктері.
5. Топырақтың азотпен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері.

Топырақта азоттың жалпы мөлшері оның құрамындағы органикалық зат мөлшері, яғни қарашірінді мөлшеріне байланысты. Топырақтағы азоттың үлесіне қарашіріндінің 1/20 немесе 5% ғана тиеді. Топырақта азот органикалық және минералды бөліктерден тұрады.


Топырақта азоттың жалпы мөлшері жоғары болғанымен өсімдіктер азотты минералды түрінде сіңіреді (аммоний, нитрат түрінде). Сондықтан өсімдіктердің минералды азотпен қамтамасыз етілуі топырақтағы органикалық зат мөлшері мен оның ыдырау жылдамдығына байланысты болады.
Топырақтағы органикалық заттардың ыдырауы мына сұлба бойынша жүреді: белоктар, гуминді заттар → амин қышқылдары, амидтер → аммиак → нитриттер → нитраттар.
Әуелі белоктар мен гуминді заттар амин қышқылдарына және амидтерге ыдырайды, олардан аммиак бөлініп шығады. Топырақтың азоттық органикалық заттардың аммиакқа дейін ыдырауы аммонификация құбылысы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет