Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет39/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Денитрификациянитратты азоттың газ тәрізді түрлеріне (NO, N2O, N2) дейін тотықсыздануы. Денитрификация нәтижесінде N газ күйінде күйінде ауаға ұшып кетеді. Денитрификация топырақта - аэрация нашар болғанда, орта реакциясы сілтілі болғанда, топырақта клетчаткаға, көмірсуларға байланысты органикалық заттар мол болғанда жүреді.
Иммобилизация – минералды азоттың органикалық түріне айналуы. Бұл сирек кездеседі, көбінесе бұл процесс топырақта клетчаткаға байланысты, азотты аз органикалық заттарды, мысалы сабан енгізгенде болады.
Әр түрлі топырақтарда органикалық заттың минералдану қарқындылығы бірдей емес. Шымды-күлгін топырақтарда минералдану қарқынды жүреді, себебі оның құрамындағы фульво-қышқылдар қарқынды ыдырайды, қара топырақтарға қарағанда. Бірақ, қара топырақтарда пайда болатын нитраттар мөлшері шымды-күлгін топырақтарға қарағанда көп болады, өйткені қара топырақтарға органикалық заттар көп және нитрификация процесі үшін жағдайлар қолайлы. Қышқыл топырақтарда N-ң аммиакты формасы көп.
Солтүстік Қазақстан топырақтарында жалпы азоттың мөлшері 0,05-0,5% ол топырақтың құнарлығына, қарашірінді мөлшеріне байланысты болады. Бірақ, өсімдіктердің қоректенуі үшін азоттың минералды, яғни сіңімді формалары қажет. Солтүстік Қазақстан топырақтарында аммиакты азоттың мөлшері төмен, ең үлкен мөлшері көктемде байқалады, жаз бойы өте аз. Көктем суық ылғалды болғанда аммиактың мөлшері көбейеді, бірақ көктем кезеңінде температураның тез жоғарылауымен топырақтағы аммиакты азот нитраттарға дейін жылдам тотығады. Нитратты азоттың мөлшеріне топырақ түрі, климаттық және агротехникалық жағдайлар әсер етеді.
Топырақтағы нитратты азот мөлшері, дақылдар өнімділігі және азотты тыңайтқыш тиімділігі арасында тығыз тәуелділік бар. Топырақта нитратты азоттың мөлшері төмен болса, онда өнім де төмен болады. Бірақ, азотты тыңайтқыштарды қолдану тиімділігі жоғары болады.

Топырақтағы N-NO3 мөлшеріне байланысты дәнді дақылдарды азотпен қамтамасыз етілуі бойынша топтастыру (В.Г.Черненок бойынша)



Топырақтың қамтамасыз етілу класы

0-40 см қабатындағы N-NO3 мөлшері, мг/кг

Азот тыңайтқыш
тарына қажеттілігі

N-ң норма-тивтік
енгізу мөлшері,
кг/га ә.е.з.

Р2О5-пен қамтамасыз етілуіне сәйкес

Азоттан алынатын нормативтік қосымша өнім

< 25

> 25

ц/га

%

өте төмен

< 4

< 6

5-3

> 30

өте жоғары

60

төмен

4-8

6-9

3-2

20-30

жоғары

45

орташа

8-12

9-12

2-1

10-20

орташа

30

көтеріңкі

12-15

12-15

< 1

< 10

төмен

-

жоғары

> 15

> 15

0

0

жоқ

-

Топырақтағы нитратты азоттың мөлшері жоғарылауымен өнім де өсіп тұрады. Әр түрлі дақылдарға минералды азоттың мөлшерінің қолайлы шегі болады. Бұл жағдайда ғана өсімдіктерден жоғары өнім алуға болады. В.Г.Черненоктың деректері бойынша дәнді дақылдарға қара-қоңыр топырақтың 0-40 см қабатында нитратты азоттың оңтайлы мөлшері 12-15 мг/кг.


Азот тыңайтқыштарына қажеттілігін анықтау үшін топырақтың азотпен қамтамасыз етілуін білу керек. Ол үшін топырақты агрохимиялық зерттеу керек. Нәтижесінде агрохимиялық картограммалар жасалады. Азот бойынша агрохимия картограммасы жеңіл гидролизденетін азот мөлшеріне қарай жасайды. Бірақ, өсімдіктің азотпен қамтамасыз етілуінің негізгі диагностикалық көрсеткіші сонымен қатар топырақтың аймағында нитратты азот болып табылады.
Жеңіл гидролизденетін азот мөлшері тұрақты көрсеткіш, ол топырақтың потенциалды қабілетін анықтайды. Жеңіл гидролизді азоттың мөлшері әлсіз өзгереді, бұл азоттың формасы емес оның фракциясы болып табылады. Жеңіл гидролизді азот құрамына қарапайым амин қышқылдары, амидтер, аммиакты, нитратты азот кіреді.
5-тақырып. ТОПЫРАҚТЫҢ ФОСФОР ЖӘНЕ КАЛИЙ ҚҰБЫЛЫМЫ (РЕЖИМІ)

1. Топырақ құрамындағы фосфор қосылыстарының мөлшері мен түрлері және олардың өзгеруі.


2. Солтүстік Қазақстан топырақтарының фосфор құбылымы (режімі) және оны реттеу тәсілдері.
3. Топырақтың фосформен қамтамасыз етілуінің диагностикалық көрсеткіштері.
4. Топырақ құрамындағы калий қосылыстарының мөлшері мен түрлері және өсімдіктер үшін олардың сіңімділігі.
5. Солтүстік Қазақстан топырақтарының калий құбылымы (режімі) және оны реттеу тәсілдері.

Топырақтағы фосфор мөлшері оның механикалық құрамы мен органикалық заттардың қорына байланысты, 0,01-0,2% аралығында болады. Топырақтың үстіңгі қабатында төменгі қабатқа қарағанда фосфор көп кездеседі. Бірақта топырақтағы жалпы фосфор қорының аз бөлігі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Сондықтан фосфордың жалпы мөлшері, бұл элементпен өсімдіктің қамтамасыз етілу дәрежесін білдірмейді.


Органикалық фосфаттар негізінен, топырақтың қара шіріндісінде шоғырланған. Орманды далалық аймақ топырақтарының қара шіріндісінде 1,78-2,46%, қуатты қара топырақ шіріндісінде 0,81-1,25%, кәдімгі қара топырақ қара шірінді құрамында 0,90-1,27%, сілтісізденген қара топырақ қара шіріндісінде 1,10-1,43%, ал қара қоңыр топырақ шіріндісінде 0,97-1,30% фосфор болады.
Топырақта минералды фосфаттар кальций, магний, алюминий, темір тұздары түрінде кездеседі яғни олардың құрамын топырақтың сіңіру кешеніндегі катиондар анықтайды. Мысалы, реакциясы бейтарап және сілтілік топырақтарда кальций фосфаттары басымырақ болса, қышқыл топырақта алюминий мен темірдің фосфорлы қосылыстары кеңірек таралады. Фосфор қышқылының кальций тұздары алюминий мен темір тұздарымен салыстырғанда суда ерігіштіктерімен ерекшеленеді.
Суда жақсы еритін фосфордың минералдық қосылыстарына Ca(H2PO4)2, Mg(H2PO4)2 және бір валентті катиондардың фосфор қышқыл тұздары (KH2PO4, NaH2PO4, NH4H2PO4 т.б.) жатады. Ортофосфор қышқылының бұл типтес тұздары өсімдік үшін фосфор элементінің негізгі көзі деп есептеу керек. Сол сияқты кальций мен магнийдің дифосфатары (CaHPO4, MgHPO4) әлсіз қышқыл ерітіндісінде еритіндіктен өсімдік қоректенуіне қажетті фосфор қосылыстарына жатады. Топырақта көп таралған екі валентті катиондардың үш негізді тұздары, мысалы Ca3(PO4)2 суда ерімейді, сондықтан көпшілік ауыл шаруашылығы дақылдары олардың құрамындағы фосфорды қабылдай алмайды. Үш негізді кальций фосфаттарының ерігіштігін азот тыңайтқыштарымен бірге қолдану арқылы жоғарлатуға болады. Ал люпин, қарақұмық, эспарцет, сиыр жоңышқа, асбұршақ сияқты дақылдар қиын еритін минералдық фосфор қосылыстарының құрамындағы фосфорды сіңіре алады.
Өсімдік, органикалық заттар мен пиро-полифосфаттар құрамындағы фосфорды олар гидролизденген соң сіңіреді. Метафосфаттардың фосфорын өсімдік тікелей пайдалана алады.
Топырақтағы адсорбцияланған фосфор да өсімдік үшін қоректену көзі болып саналады.
Топырақтағы фосфордың негізгі көзі аналық тау жыныстары болып табылады. Ең көп мөлшері диабаз, гнейс, гранит минералдарында кездеседі. Және көп мөлшері топырақтың үстіңгі қабаттарында болады. Өйткені өсімдіктер мен микроорганизмдер әрекеті нәтижесінде топырақтың үстіңгі қабаттарында жиналады. Топырақтағы фосфордың мөлшері оның механикалық құрамына тәуелді.
Апатиттің мүжілу, ыдырау нәтижесінде ортофосфор қышқылдарының тұздары пайда болады. Өсімдіктердің қоректенуі үшін Р-ң негізгі көзі ортофосфор қышқылының тұздары (H3PO4).
Ортофосфор қышқылы топырақта әр түрлі негізде алмасқан тұздары: бір негізде алмасқан H2PO4 , екі негізде HPO4 және үш негізде PO4 тұздар.
Топырақтың ертеде әр түрлі катиондар кездеседі. Мысалы, K+, NH4+ 1 бір валенттіCa2+ Mg2-1 екі валентті, Al3+, Fe3+ үш валентті катиондар
Ерігіштігі мен өсімдікке сіңімділігіне қарай ортофосфор қышқылының барлық тұздары үш топқа бөлінеді: суда жақсы еритін, әлсіз қышқылда жақсы, суда нашар еритін, күшті қышқылда жақсы, әлсіз қышқылда нашар еритін, суда ерімейтін.
Бірінші және екінші топтың фосфаттары жылжымалы фосфаттарға жатады, олар өсімдікке сіңімді фосфор болып табылады.
Әртүрлі топырақтарда фосфаттардың мөлшері мен олардың ара қатынасы әртүрлі болады. Көптеген топырақтарда бірінші топтың фосфаттары өте аз, ал екінші топтың фосфаттары екінші орында, ең көп кездесетін үшінші топтың фосфаттары. Бейтарап топырақтарда кальций фосфаттары, қышқыл топырақтарда алюминий мен темір фосфаттары көп болады.
Құрғақ және ылғалды кезеңдерінің кенет алмасу нәтижесінде топырақтағы минералдар ыдырайды, олардың құрамындағы фосфор топырақ ерітіндісіне көшеді. Сондықтан ылғалды жылдардан кейін топырақта жылжымалы фосфордың мөлшері аз мөлшерде артады. Топырақтағы жылжымалы фосфордың мөлшерін анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады: Кирсанов, Чириков, Труог, Францессон. Карбонатты топырақтарда және Солтүстік Қазақстан топырақтарында жылжымалы фосфорды анықтау үшін Мачигин әдісі қолданылады.
Топырақтағы фосфордың мөлшері мен өнімділігі арасында тығыз тәуелділік бар. Белгілі шекке дейін бұл тәуелділік пропорционалды тәуелділікке жақын. Топырақта фосфордың мөлшері төмен болса, дақылдардың өнімділігі төмен болады, ал фосфор тыңайтқышын қолдану тиімділігі жоғары болады. Топырақтағы фосфор мөлшері жоғарылауымен өнім де өсіп тұрады.
В.Г.Черненоктың (1997) көп жылдық зерттеу нәтижелері бойынша дәнді дақылдар үшін (жаздық бидай, арпа) жылжымалы фосфордың оңтайлы мөлшері топырақтың 0-20 см қабатында 35-45 мг/кг аралығында болады.
Топырақтағы жылжымалы фосфор мөлшерін 1 мг/кг-ға арттыру үшін топыраққа 10,6-10,7 кг/га фосфор енгізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет