Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің шарты болып келетін сабақтасың түрі.
Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде?қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше?
Мысалы:Не ексең, соны орасың. Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.
Жасалуы:
1
2
3
4
-са, -се+ жіктік жалғауы
-май, -мей,
-пай, -пей,
-бай, -бей
-майынша,
-мейінше,
-пайынша,
-пейінше,
-байынша,
-бейінше
-ғанда, -генде,
-қанда, -генде
Сабақ оқысаң, бес аласың.
Сабақ оқымай, бес алмайсың.
Сабақ оқымайынша, бес алмайсың.
Сабақ оқығанда, бес алар едің.
Шартты бағыныңқылы сабақтастардың шартты райдан жасалған түрлерінде кейде үтірдің орына сызықша қойылады. Ол басыңқы сыңары бастауышсыз келіп, толымсыз жұмсылған жағдайда болады. Мысалы, Оған қарай бассаң- сұмдық.
251- жаттығу. Шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді. Аңшылар қосттарына келсе, Абай қасында қонақ бар екен. Құрмаш пен әжесі шақырса- келеді. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тү\ұрмақ еді. Көз көрмей, көңіл сенбек емес. Осы интернаттар ашылмағанда, консерваторияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлап беру мәселесі шешілмек емес.
253- жаттығу. -й, -йынша тұлғалары арқылы жасалған шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрыңдар. (6 сөйлем)
254- жаттығу. Көркем шығармадан жасалу жолы әр түрлі 10 шартты бағыныңқы сөйлем теріп жаз. (жасалу жолын көрсет, тұрлаулы мүшелердің астын сыз)
255- жаттығу. Шартты бағыныңқылы сабақтаса құрылған 5 мақал жаз. (жасалу жолын көрсет, тұрлаулы мүшелердің астын сыз)