Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері



Дата07.02.2022
өлшемі252,5 Kb.
#87850
түріСабақ
Байланысты:
24.10 Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлем

  • Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысатын сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.
  • Биыл қыс суық болғанымен, қар аз жауды.
  • Бағыныңқы басыңқы.
  • , .

Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері.

  • Қарсылықты бағыныңқы
  • Себеп бағыныңқы
  • Қимыл-сын бағыныңқы
  • Мақсат бағыныңқы
  • Бағыныңқысы басыңқы сөйлемнің шарты болып келетін сабақтасың түрі.
  • Сұрақтары: қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпей? не етпей? қайтпейінше? не етпейінше?
  • Мысалы: Не ексең, соны орасың. Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес.
  • Жасалуы:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • -са, -се+ жіктік жалғауы
  • -май, -мей,
  • -пай, -пей,
  • -бай, -бей
  • -майынша,
  • -мейінше,
  • -пайынша,
  • -пейінше,
  • -байынша,
  • -бейінше
  • -ғанда, -генде,
  • -қанда, -генде
  • Сабақ оқысаң, бес аласың.
  • Сабақ оқымай, бес алмайсың.
  • Сабақ оқымайынша, бес алмайсың.
  • Сабақ оқығанда, бес алар едің.
  • Шартты бағыныңқылы сабақтастардың шартты райдан жасалған түрлерінде кейде үтірдің орына сызықша қойылады. Ол басыңқы сыңары бастауышсыз келіп, толымсыз жұмсылған жағдайда болады. Мысалы, Оған қарай бассаң- сұмдық.

251- жаттығу. Шартты бағыныңқы сабақтастарды тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.

  • Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді. Аңшылар қосттарына келсе, Абай қасында қонақ бар екен. Құрмаш пен әжесі шақырса- келеді. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тү\ұрмақ еді. Көз көрмей, көңіл сенбек емес. Осы интернаттар ашылмағанда, консерваторияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлап беру мәселесі шешілмек емес.

253- жаттығу. -й, -йынша тұлғалары арқылы жасалған шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрыңдар. (6 сөйлем)

254- жаттығу. Көркем шығармадан жасалу жолы әр түрлі 10 шартты бағыныңқы сөйлем теріп жаз. (жасалу жолын көрсет, тұрлаулы мүшелердің астын сыз)

255- жаттығу. Шартты бағыныңқылы сабақтаса құрылған 5 мақал жаз. (жасалу жолын көрсет, тұрлаулы мүшелердің астын сыз)



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет