Талдай будандастыру. Фенотиптері ұқсас өсімдіктер мен жануарлардың генотиптерін анықтау мақсатында талдай будандастыру жүргізіледі. Ол үшін генотипі белгісіз дарақ рецессивті белгісі бар гомозиготалы дарақпен будандастырылады. Егер алынған ұрпақ біркелкі болса, зерттеліп отырған дарақтың генотипі гомозиготалы, ал ажырау жүріп екі түрлі белгі көрінсе оның гетерозиготалы болғаны. Тақтада жазып түсіндіреді
Бекіту Оқушыларға талдай шағылыстыруға есеп беріледі . Есеп Бұршақтың сұр түсі ақ түске қарағанда доминантты. Бұршағы сұр түсті өсімдікті ,бұршағы ақ түсті өсімдікпен будандастырды. Нәтижесінде ұрпақтары 32 сұр түсті бұршақты өсімдік және 36 ақ бұршақты өсімдік алынды ата аналарының және ұрпақтарының генотипін анықтаңыз .
Критерийлері : 1.Есепті дұрыс безендіреді (оформляет ) 2. Ұрпақтарының генотипін дұрыс анықтайды 3.Ата –аналарының генотипін дұрыс анықтайды .
Жауабы тақтада көрсетіледі.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Қабілеті жоғары оқушыларға сурет бойынша өздеріне есеп құрастыруға беріледі