Сабақтың ортасы
9 – 18
18- 25
25- 38
|
Мұғалімнің түсіндіруі .
Өсімдіктердің жаңа сорттарын және үй жануарларының жаңа қолтұқымдарын шығару мақсатында, будандастыру нәтижелерін болжау мақсатында ,«қажетті белгі» бойынша шағылыстыратын ата-аналардың генотипін міндетті түрде білу қажет. Қандай белгі рецессивті болып келетінін біле отырып, дарақтың генотипін қажетті белгісі бойынша анықтауға болады. Рецессивті белгінің түзілуі үшін дарақ рецессивті аллельдер бойынша гомозиготалы болуы қажет, дәлірек айтқанда дарақтың генотипі фенотип бойынша анықталады (аа). Доминантты белгілері бар дарақтар фенотип бойынша ұқсас болғанымен генотиптерінде: АА (гомозиготалы дарақтар) немесе Аа (гетерозиготалы дарақтар).
Сондықтанда доминанты белгілері бар дарақтардың генотипін фенотип арқылы анықтай алмайды: толық доминанттылықтың арқасында гомозиготалы және гетерозиготалылардың бір бірінен айырмашылықтары жоқ
Доминантты белгілері бар дарақтардың генотипін анықтау мақсатында талдаушы будандастыру жүргізіледі.
|