Толымсыздоминанттылық доминантты аллель рецессивті аллельдің әсерін толық баса алмайды, гетерогизоталардың өз фенотиптері болады
Толымсыз немсес аралық доминанттылық деп бірінші ұрпақтың ата-аналарының біріне де ұқсамайтын біркелкілігін айтады. Мұнда ата-анасының қасиетінің аралығы байқалады. Мысалы, бірсыпыра қой тұқымдарының ішінде шұнақ құлақ қойлар кездеседі. Егерде ұзын құлақтылармен (салпаң құлақ) шұнақ құлақты қойларды шағылыстырса құлағының ұзындығы орташа қойлар туады. Құлақ ұзындығы орташа қойларды бір-бірімен шағылыстырған уақытта орта есеппен әрбір төрт қозының біреуі ұзын құлақты, екеуінің құлағы орташа ұзындықта, ал біреуінің құлағы шұнақ болады. Бұл нәтижелер әр түрлі құлақ формаларының бір жұп аллельдердің басқаруымен тұқым қуалайтындығын және олардың арасында толық басымдылықтың жоқтығын дәлелдейді. Осыған орай гомозиготалық аллельдің біреуі, мысалы «АА» — ұзын құлақты, екіншісі — «аа» шұнақ құлақты басқарады, ал ол екеуінің гетерозиготалық жағдайында («Аа») кездескен қойлардың құлағы орташа ұзындықта болады.
Есеп арқылы түсіндіру, мысал келтіру. (1оқушы тақтада )Мысалы :Гүлінің түсі қызыл түнсұлу өсімдігін, гүлінің түсі ақ түнсұлумен будандастырғанда , бірінші ұрпақта будан өсімдіктерінің түсі қызғылт болады .Ата анасына ұқсамайтын жаңа белгі пайда болды, доминантты қызыл гүл , толық доминанттылық көрсете алмады .Ал егер бірінші ұрпақтың қызғылт гүлдерін будандастырсақ, 2ұрпақта белгілердің ажырау жүреді генотип және фенотип бойынша 1:2.1 .
Мүғалім формативті бағалайды. Тапсырма 1. Толық және толық емес доминанттылықты салыстырыңыз.Кестені толтыру
Дескрипторлар: кестені дұрыс толтырады
Бірін-бірі бағалау.
Тапсырма 2 Мына есепті шығарыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз. Дескрипторлар : 1.Будандастырылған ағзалардың генотиптерін дұрыс анықтайды.2.Есептің берілгенін дұрыс жазады, есепті шығарады.3.Сұрақтарға дұрыс жауап береді .
Қызыл бүлдіргенді бір –бірімен будандастырғанда , қызыл жеміс береді ,ал ақ бүлдіргенді бір-бірімен будандастырса, ақ жеміс береді .ал егер ақ бүлдіргенмен, қызыл бүлдіргенді бір-бірімен будандастырсақ, олар қызғылт бүлдірген береді.
Ал егер қызылжемісті бүлдіргенді ,қызғылт жемісті бүлдіргенмен будандастырсақ, ұрпақтары қандай болады ? Қызылжемісті және ақжемісті бүлдіргендердің генотипін анықтаңыздар .
Шығарып болған соң мұғаліммен бірге жауабын тексереді.Өздерін өздері бағалайды.
Қалыптастырушы бағалау жұмысын орындайды.
Содан соң .Қорытындылайды .Мұғалімнің бағалауы
Қалыптастырушы бағалау жұмысы .
Сабақтың соңы
38-40мин
Кері байланыс :Тақтада слайд: Мен барлығын түсіндім Мен шамалы түсіндім Мен .... түсінбедім
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?–
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
.
Қабілеті жоғары оқушылар есеп шығарады (қосымша 3) Басқа оқушылар қалыптастырушы бағалау жұмысын жазады .
Қалыптастырушы бағалау жұмысын жазып болған соң ,дайын жауап арқылы Оқушылар бірін бірі бағалайды Мұғалім сабақ бойы формативті бағалау жүргізеді . .
Оқығанда көздерімен, кітаптың арасы 35см болу керек екенін ескертіп отырады Столда дұрыс отыру, сколиозды болдырмау жайында ескертеді