Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет10/14
Дата04.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#46581
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Зат есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Зат есім туралы түсініктерін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасына, грамматикалық белгісіне қарай талдау; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.

Сабақтың әдісі: Топтастыру.

Көрнекіліктер: Оқулық. Әдістемелік нұсқау, слайд, интерактивтік тақта.


Психологиялық ахуал

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Қызығушылықты ояту

Жұмбақ


Суға батпайды,

Отқа жанбайды.

                  (Мұз)

Сөзжұмбақ шешу.



 

 

З

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

і

 

 

 

 

 

м

 

 

 

Ал мұз сөзіне сұрақ қояйық МҰЗ не? Зат есім.

Ендеше балалар зат есім дегеніміз не?

Ережесі: Зат есім дегеніміз -заттың атын білдіреді. Кім? Не? Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетін аңғарту үшін мынандай тапсырмалар беремін. Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы: Құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, парта, торғай, қияр, жолжелкен т.б. Зат есім бас әріппен басталып жазылады. Оған адам аттары, жер-су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.

Қыс.


Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                                 (А.Құнанбаев)

- Балалар  егер байқап отырсаңдар жұмбақ, өлең қай жыл мезгіліне сәйкес келеді?

- Қыс

•  Енді осы сөздерді дәптерлеріңе көркемдеп жазып алыңдар.



•  Келесі тапсырма: осы сөздерге сөйлем құрастыру керек.

Қыс келді. Далада қар жауып тұр. Балалар қардан аққала жасады. Елдос пен Айдос мұз үстінде хоккей ойнады. Асқар шанамен су тасыды. Қыс мезгілі өте тамаша!



Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Жазып жазып бәріміз,

Талып қалды қолымыз.

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш,

Отырамыз біз тыныш.

•  Балдырған – сөзіндегі әріптерді пайдаланып бірнеше сөз құрау.

Бал. Мал. Балдыр. Нар. Аға. Баға.


Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

  • Қоржыннан асықтар алу арқылы сұрақтарға жауап берейік.

  • зат есімнің ережесін кім айтады?

  • Зат есімнің сұрақтарын атаңыз

  • Зат есімге мысал келтір және сұрақ қой

  • Сөйлем ішінен зат есімді тап. Далада боран соғып тұр.

  • Жылқы суыққа төзімді жануар. Зат есімді тап.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Зат есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Зат есім туралы түсініктерін кеңейту; зат есім болатын сөздерді мағынасына, грамматикалық белгісіне қарай талдау; сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлау жұмысына бейімдеу.

Сабақтың әдісі: Топтастыру.

Көрнекіліктер: Оқулық. Әдістемелік нұсқау, слайд, интерактивтік тақта.


Психологиялық ахуал

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.



Қызығушылықты ояту

Сан есім
Екі қалам


бір сызғыш.
Бес дәптер
Өткен сабақты пысықтау.
Сөз таптары
Зат есім
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Етістік
Не қылды? Не істеді? Қайтті?
Сан есім
Неше? Қанша? Нешінші?
Сын есім
Қандай? Қай?

Сергіту сәті

Біз гүлдерше өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.

Ой сергітеді,шашағандары

Басылады


Ой толғаныс

«Домино» ойыны


1. Сөз таптарын ата
2. Зат есім сұрағын ата
3. Сын есім деген не?
4. Заттың қимылын білдіретін сөз табын ата
5. Қанша? Қай сөз табының сұрағы.
«Кім жылдам ойыны
Атауы ---- Зат есім ----- Сын есім ----- Сан есім ----- Етістік
Алма
Келді
Әдемі
Бес
Отыр
Сұлу

1. Зат есім нені білдіреді?


а) заттың санын
ә) заттың қимылын
б) заттың атын

2. Кім? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.


а) Жандос
ә) дәрі
б) күлді
3. Аспан деген сөзді қайталайтын сұрақты тап
а) не істеді?
ә) не?
б) кім?
4. Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздерді тап.
а) Дәрігерлер, дәрілер
ә) күшік, әнші
б) қыс, торғай
5. Кім? Не? Қай сөз табының сұрағы?
а) етістік
ә) зат есім
б) сан есім.
Күннің шуағы пайда болады.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды зат есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысқтау, жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту;
Дамытушылық: танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту;
Сабақтың типі: Білім, білідк, дағдыны жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: Проблемалық сбақ
Сабақтың технологиясы: ДОТ, ПОТ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, проблемалық әдіс, ойын, ассосация

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Тірек білімдерін жетілдіру


Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім деп атайды.: ыдыс, кілем, аяқ.
Түбір сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайды: жұмыскер, ойыншық, күйші.
(Интерактивті тақтадан негізгі және туынды зат есімдерге мысалдар көрсету).

1. Оқулықпен жұмыс


1-топ . Ребусты шеш. Суреттегі заттардың атын үлгіде көрсетілгендей жаз. Оларға сұрақ қойып, мағынасын салыстыр.
Көз + ілдірік = көзілдірік
Балық + шы = балықшы
Ас + паз = аспаз
Дәрі + гер = дәрігер
2-топ

Өлеңді оқы


Іскерлер
Дәрігер бала емдейді,
Жолшы жолды жөндейді.
Ұстаз сабақ береді,
Бағбан жеміс егеді.
Ұста темір соғады,
Балташы ағаш жонады.
Диқан тыңды тіледі,
Ісмер кесте тігеді.
Кенші жерді қазады,
Ақын өлең жазады.
• Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда.
• Тағы қандай туынды зат есім болатын мамандық атауларын білесің?

Сергіту сәті

Көрікті далама қарашы,
Тізілген орман, тау, қаласы,
Алтай мен Атырау арасы
Қазақтың кең байтақ даласы
Қазақтың кең байтақ даласы

Ой толғаныс

«Ойлан, тап» ойыны
Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра.
Суреттер: қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, қой, жылқы.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды зат есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: сын есімнің негізгі және туынды түрлерін пысықтап, оқушылардың білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау, жинақтау сабағы.
Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру - ажырату.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмаларға қажетті көрнекіліктер, слайд, дидактикалық материалдар

Психологиялық ахуал

«Мен қандаймын?»
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен – Дарынды Дәурен т. б.
Сабақтың мақсатын хабарлау. Негізгі және туынды сын есім туралы алған білімдерімізді ортаға салып, жұмыс жүзінде қолдану.

Қызығушылықты ояту

«Бәйге» ойыны бойынша ауызша сұрақтарға жауап алу
1. Сол жақтағы 20. Сын есім дегеніміз не?
2. Ортадағы 50. Сын есім нешеге бөлінеді?
3. Оң жақтағы 10. Жаңылтпашты тез айтып, сын есімдерді тап:
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
4. Сол жақтағы 30. Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Оң жақтағы 30. Туынды сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
6. Сол жақтағы 10. Сөздерден негізгі сын есім жаса −жүз, біл, тау, тәртіп, өнер.
7. Ортадағы 40. Берілген етістіктерге – ғыш, −гіш, −қыш, −кіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса. Біл, жүз, тап, сез, байқа, сөйле, айт.
8. Оң жақтағы 20. Сын есімдердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.
Жаңа кітап, көк ту, әдепті оқушы, сүтті сиыр, атақты шопан, жүйрік ат, көктемгі мезгіл.
9. Ортадағы 40. Туынды сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Сулы, өнегелі, мұздай.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сурет арқылы көктем келбетін бейнелеу. Өлеңнен сын есімді тауып, қай сөз табымен байланысып тұрғанын айту.
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Көңілді сөзіне дыбыстық талдау жасау.


3 буынды сөз, 7 дыбыс, 7 әріп;
К - қатаң дауыссыз дыбыс
ө – жіңішке дауысты дыбыс
ң - үнді дауыссыз дыбыс
і - жіңішке дауысты дыбыс
л - үнді дауыссыз дыбыс
д - ұяң дауыссыз дыбыс
і - жіңішке дауысты дыбыс

4. Мағынаны тану, түсіну


Тақтадағы сөйлемдерге назар аударту.
Тапсырма: Сөйлемдерді оқып сын есімдерді табу, сөз құрамына талдау.
- Қандай ұқсастық бар?
- Айырмашылығы бар ма?
- Осы мысалдарға қарап сын есім туралы не айтуға болады?

Ол өжет адам еді.


Балалардың талабы таудай.
Айгүл жасыл көйлек киді.
Данияр тәртіпті оқушы.
(Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасату).

5. Оқулықпен жұмыс. 2 - жаттығу (өлеңді талдап, жазбаша орындау).


Өлеңді мәнерлеп оқу. Негізгі сын есімді 1 топ, туынды сын есімді 2 топ теріп жазады.

Құлағы пүліштей,


Тұяғы күмістей,.
Көзі жұлдыздай,
Жүні құндыздай.

Ақ емес, шұбар лақ,


Ойынға құмар лақ.
Шақырсаң келеді,
Би билеп береді.

6. Сергіту сәті.


Допты оқушыға лақтырып, «алма» деген сөзді атаймын, оқушы оны қағып алып «қызыл»деген сөзді айтып допты қайтарады. Ойын осылайша басқа сөздермен жалғастырыла береді.

7. Танымдық тапсырма.


Сәйкестікті табу
Білгіш ----- адам
Қоңыр ----- ағаш
Сенгіш ----- бала
Терең ----- ауыл
Әсем ----- қозы
Жуан ----- құдық
Көршілес ----- қала

7. Оқулықтан тыс тапсырма.


Терме диктант.
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық
(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазып, талдау).

8. «Кім тапқыр?» ойыны


Сөздерді негізгі немесе туынды сын есім қатарына орналастыру.
Таза, үлкен, қызыл, өнерлі, сезгіш, арзан, жуас, тәртіпті, айнадай, жүзгіш, білгіш, бақытты, таудай, жасыл, ақылды, инабатты, сәулетті, әсем, жүйрік, доғал, суық, күндей.
(талдау)

III. Ой толғау


9. «Тамшыларды көлшікке түсіру» ойыны
Бұлттан жауған тамшыларда сын есімдер жазылған, негізгі сын есім тамшыларын,
негізгі сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру, туынды сын есім тамшыларын, туынды сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру. (ойын барысында талдап отыру, сабақты қорыту)
- Ал, балалар, міне, бұлт ыдырап, күлімдеп күннің көзі шықты.

Дәмді алма, көрікті бала, гүлді көйлек, жұлдыздай жарық, сұлу қыз, жаңбырлы күн, қатты тоқаш, жасыл орман, білімді оқушы, ұзын сызғыш, таудай биік, әсерлі әңгіме, пайдалы жұмыс, шөпті жер, қызыл көйлек.



Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет