Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет7/14
Дата04.07.2018
өлшемі1,8 Mb.
#46581
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мазмұндама

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: сөздерді дұрыс қолдана отырып мәтін мазмұнын  дұрыс баяндап жазуға төсілдіру;

-сөз тіркестерін қолдану дағдыларын тексеру;

-жауапкершілікке тәрбиелеу.


Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту


Мағынаны тану

Аю мен бөрене

 

    Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты.Ағаш басындағы бал арасына тамсанып,аузынан сілекей шұбырып,оны жегісі келіпті.Аю ағаш басына өрмелеп шығып,ұяға жақындағанда,ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты.Балға ұмтылған аю оны итеріп жіберді.Әрі серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралғанда аюдың басына сарт ете қалды.Қара күшіне сенген өжет аю ашуланып одан бетер қатты итерді.Аюдың құлағы шыңылдап,басы айналды.



Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде,қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып,ағаштан ұшырып түсірді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: тамсанып,сілекейі шұбырып.

 

Мазмұндама жоспары:

1.Аюдың бал арасына кездесуі.

2.Балға ұмтылған аю.

3.Аюға кедергі жасаған бөрене.

4.Аюдың ажалы.




Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс


Аюлар (лат. Ursidae) — жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, барибал, ерінді аю, малай аюы, көзілдірікті аю және үлкен панда деген 8 түрі кездеседі. Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді. Оның дене тұрқы 3 м-дей, салмағы 400 – 700 кг-дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен, әсіресе каспий итбалығымен (нерпа) қоректенеді. Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»енгізілген (1976 жылы). Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань қоңыр аюы) мекендейді. 

Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сөйлем мүшелерінің байланысы

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-жүзінде меңгереді; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары молаяды; мәнерлеп сөйлеуге , көркем жазуға үйренеді. Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелесу, жинақтау, сұрақ-жауап, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.


Психологиялық ахуал

- Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәтілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

– Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.

- Көркем жазу минуты: Пп Пенал ........

- Сөздік жұмыс: Сөздерді қатесіз көшіріп, сөз құрамына талдау:

Ұшақ, үшінші, жүрді, дәмді, жылдар, оқыды, көгілдір, жаңалықтар, кітапхана, Досжан, әсемпаз.

5. «Бой сергіту» - ойыны. Өткенді қайталау:

- Сөйлем нені білдіреді?

- Сөйлем нелерден тұрады?

- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

- Бастауыш деген не? – сұрақтары - ?

- Баяндауыш деген не? – сұрақтары -?

- Тұрлаулы мүшелер деген не?

- Тұрлаусыз мүшелер деген не?

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау


Сергіту сәті

Қоян шықты далаға

Жан-жағына қарады

Отырды, тұрды, секірді,

Орнына келіп отырды.



Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс: Мәтінді аяқтап жаз:

Қыс келді. Малшылар малдарын қораға кіргізді. ..............................................................................................................



Қорытынды: - Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға болады? - Венн диаграмма құрастыру :
















Бастауыш баяндауыш




Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шығарма

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға отбасы туралы түсінік береді. Отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру. Сауаттылыққа тәрбиелеу.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өзге оқушылардың шығармаларын оқып беру

Шығарма

                                          Менің отбасым

        Менің отбасымда анам,әкем,екі апам,жездем бар.Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз.Менің ата-анам менің біліміме риза.Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым.Менің ата-анам мейірімді.Әжем маған әрқашан  мейірімді,сыпайы бол,-дейді.Мен үлкен адамға,жол беремін.Әжем болса,маған ақылын айтып үйретеді.Мен әжемнің арқасында барлық әдептілік  пен әдемілікке үйрендім.Мен әжемді жақсы көремін.Мен кіші апам екеуіміз демалыс күндерде далаға шығып ойнаймыз.Менің отбасымды мақтан етемін.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер
Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.
***
Сыйға сый, сыраға бал.
***
Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.
***
Тіріде сыйласпаған,
Өліде жылыспайды.
***
Танымас, танымасын сыйламас.
***
Көңілдегі сырды көз білдіреді.
***
Өз үйім өлең төсегім.
***
Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.
***
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.

Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жалаң және жайылма сөйлем

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту.
Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы
оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың формасы: жекелей, топпен.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: сиқырлы сандар, қақпалар, ойын, сызба.

Психологиялық ахуал

- Балалар, сендер өздеріңді жақсы көресіңдер ме?
- Бір - біріңді жақсы көресіңдер ме?
Ендеше бір - бірімізге деген жылы лебізімізді білдірейікші.
Бір - біріне жылы лебіздерін білдірген соң бәріне сабақта сәттілік тілеймін.
Сабақта әр дұрыс жауапқа фишка таратылатынын, сосын сабақ соңында фишка санына байланысты бағаланатындарын хабарлау.

Қызығушылықты ояту

«Сиқырлы сандар» ойыны.
Буындар сандармен жабулы тұрады. Сұрақтарға жауап беру арқылы сандарды біртіндеп ашамыз. (Сұрақтар алдын ала үнтаспаға жазылған)
1. Сөйлемнің қандай мүшелері бар?
2. Тұрлаулы мүшелерге не жатады?
3. Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
4. Бастауыш дегеніміз не?
5. Баяндауыш дегеніміз не?
6. Жай сөйлемнің қандай түрлері бар?
7. Жалаң сөйлем деген не?
8. Жайылма сөйлем деген не?

Сергіту сәті

Балалар, орындыққа дұрыстап отырып, қолымызды санымызға қоямыз, көзді жұмып, бұлшық етті бос ұстаймыз.
- Мен ыңғайлы орналасамын.
- Ешқайда асықпаймын.
- Ақырын және баппен рақаттанып дем аламын.
- Мен тынышталамын.
- Мен тынышпын, маған өте жақсы.
- Денемнің барлық жері тыныш.
- Қолым босаңсиды.
- Бүкіл денем тыныш.
- Денеме өте жағымды және ыңғайлы, ол дем алады.
- Мен жақсы дем алдым.
- Қолдан, аяқтан бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.
- Басым дем алған және сергек.
- Өзімді жақсы сезінемін.
- Ақырын көзімді ашамын.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Ойын:  “Кім көп біледі?” Ережелер әлемі.

1.Сөйлемнің  түрін  ата,

2.Сөйлем  мүшелері  дегеніміз  не,

3.Сөйлем  мүшелері  нешеге  бөлінеді?

4.Тұрлаулы мүше  дегеніміз  не?

5.Тұрлаусыз  мүше  дегеніміз  не?

6.Сөз  таптарын  ата,

Дәптерме  жұмыс. Көркем жазу минуты.



Талдау  практикалық  әдісі.

а) Сөз  құрамын талдау :Мұнайшы,өнерпаз,еріншек,кітаптар;

ә)Сөйлем түрін,тыныс белгісін анықтау:Қоңырау   соғылды  ма.Айдана  әдемі  жазды.Табиғат  қандай тамаша.

б)Сөйлем мүшесіне талдау:Қыс түсті.Жапалақтап қар жауды.

Электрондық оқулық:ережемен  танысу

Бастауыш пен баяндауыштан  жасалған  сөйлемді  жалған  сөйлемдеп  айтамыз.



Тұрлаулы  мүшелерден  басқа  тұрлаусыз  мүшелері де барсөйлемді  жайылма  сөйлем  деп айтамыз.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Диктант

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сауысқан туралы түсінікті қалыптастыру. Сауатты жазуын қалыптастыру.

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Сауысқан.
  Сауысқан - өте  айлалы, аса  сақ құс. Қасына  ешкiмдi  жуытпайды. Сауысқанның  ұшуы  да  ерекше. Бұл  құстың  тағы  бiр  ерекшелiгi - жылтыр, әшекейлi  заттарға  әуестiгi. Оның  ұясынан  әр  түстi  матаны, қағаздарды, жылтыр  шыныларды,түрлi  түстi тастарды, күмiс  тиындар  мен  алтын  сақиналарды да  кездестiремiз. Сауысқан  тоты  секiлдi, адамның  айтқан  сөзiн  жаттап  алады.
                                                           (48 сөз.) 

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сауысқан (лат. Pica pica) - торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын, кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны Қазақта кейде алақанат сауысқан деп те айтады.



Үйге тапсырма

Қайталау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қаратпа сөз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.     Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.

2.     Диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.     Еңбексүйгіштікке баулу.


Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Плакатка і.Жансүгіровтың «Шәркей» әңгімесінен үзінді жазып, тақтаға іліп қою.

 

        Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті...  Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды.



-         Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді.

-         Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы.

Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

-         Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? – деді.

Апасы:


              - Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді...

 

Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.



-         Қаратпа сөз дегеніміз не?

-         Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады?



Сергіту сәті

1.     Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

2.     Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

3.     Сауысқан-ау, сауысқан,

Сақтанасың дауыстан.

4.     Тырау, тырау, тырналар,

Тамаша әнін тыңдап ал.

Ой сергітеді,

шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Шығармашылық диктант.

1.     Өмір жасың ұзақ болсын, ...! 

2. Ой, ..., ...! Ойналық та күлелік.

3. ..., бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар.

4. Рақмет, ...!

Керекті сөздер:  Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.

Қаратпа сөздің ережесі.

Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір оның екі жағынан қойылады.

Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады.



Қаратпа сөз сөйлемнің ішінде көтеріңкі дауыс ырғағымен айтылса, леп белгісі қойылады.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет