Сабақтың атауы Адам ағзалары және олардың қызметі Мақсаты



бет6/51
Дата06.04.2020
өлшемі1,15 Mb.
#61698
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
дүниетану 1,2,3,4-тоқсан




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жүйке жүйесі

Мақсаты

білімділік: Оқу тәрбие үрдісіне жаңа технология енгізе отырып, оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып, оқушылардың білім деңгейін көтеру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, есту, көру сезімдерін жетілдіру, сөздік қорларын байыту. Түрлі әдістерді қолдана отырып, оқушылардың ой - өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: Жүйке жүйесінің бөлімдерінің маңызын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, еңбек дағдысын қалыптастырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Жұлын туралы таныстырылым көрсету.



Мағынаны тану

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42 - 45см, салмағы 34 - 38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты (нейронның денесі мен қысқа өсінділерінің жиынтығы) бар. Сұр заттың сыртын ақ заты (нейронның ұзын өсіндісінің жиынтығы) қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Сұраққа жауап беру

Жүйке жүйесінің қандай маңызы бар?



Жүйке жүйесі неден тұрады?


Үйге тапсырма

Жүйке жүйесінің бөлімдері

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сезім мүшелері:Көз,құлақ,мұрын,тіл,тері.Олардың адам өміріндегі маңызы мен қызметі



Мақсаты

1) Сезім мүшелерінің түрлері, олардың құрылысы, атқаратын қызметі, ағзадағы маңызына тоқтала отырып, таным білімділігін арттыру.

2) Сезім мүшелерінің құрылысын, атқаратын қызметін, ағзадағы маңызын іс жүзінде көрсете отырып, пәнге деген қызығушылықтарын ояту арқылы дамыта оқыту.

3) Сезім мүшелерінің гигиенасымен таныстыру арқылы әр түрлі аурулардың алдын алуға баулу, өз денсаулықтарын қадірлеуге, құрметтеуге баулу.


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Көзге арналған жаттығулар орындау.

1)Отырып жасалады. 3-5 секунд созылған оң қолыңның сұқ саусағына қара, содан сол қолыңның алақанымен сол жақ көзіңді 3-5 секундқа жаба тұр, осы арада оң жақ қолыңды бүгіп және жазып тұр. Ал енді керісінше оң қолыңмен оң жақ көзіңді жауып орында.

2)Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.

3)Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Егер көз шаршаса мынадай жаттығуларды орында:

-Көзді қатты қысып,қайта аш (5рет)

-Көзді айналдыра қозғалт (солға-жоғары-оңға-төмен),(10рет)

-Қолыңды алға соз.Қолдың саусағына қара,жайлап қол ұшын мұрныңа жақындат,содан кейін жайлап,керісінше алыстат. (5рет)

-Терезеден алысқа 1 минут қара.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жұмбақ шешкізу.

Жақсы –жаман нәрсенің

Ол бәрін де көреді.

Жақсыларын ішінен

Саған айтып береді. (Көз)

Көз туралы не білеміз?

Біз көреміз,естиміз,әртүрлі иістерді,дәмді,ыстық пен суықты сезе аламыз.

Осы бір ғажайып қабілеттер бізге бес сезім мүшесі арқылы беріледі.

Олар:

-көз-көру мүшесі;



-құлақ-есту мүшесі;

-мұрын-иіс сезу мүшесі;

-тіл-дәм сезу мүшесі;

-тері-ыстық пен суықты сезу мүшесі;

Осы бес сезім мүшесі арқылы біз өзімізді,қоршаған әлемді танып білеміз.

Жұмбақ.


Жолдың екі жағында тұратын екі ағайынды бірін-бірі көрмейді.

(көз)


Көз-қандай мүше?

Көз –көру мүшесі.

Ендеше,бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз: « Сезім мүшелері.Көз –көру мүшесі».Көз-көру мүшесі,адамның негізгі көмекшісі.Ол айналадағы заттың барлығын көруге,түрін,түсін,пішінін ажырата білуге көмектеседі.Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ,оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз.Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан.Ол көзге жарық өтетін терезеше тәрізді.Жарық көз бұршағы арқылы өтіп,бейне көздің торлы қабықшасына түседі.Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді.Содан барып,біз бейнені көреміз.Көзді шаршаудан,зақымданудан сақтау керек.


Сергіту сәті

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?


Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Көз туралы қызықты мәліметтер

-Жағымды заттар көргенде адамның қарашығы 45% дейін ұлғаяды.

-Ер балаларға қарағанда қыз балалар көзін екі есе жыпылықтатады екен.

-Көзді ашып түшкіру мүмкін емес.

-Көк көзділер ауруға сезімталдау.

-Тез оқығанда көз аздау шаршайды.

-Көз астына қарағанда үстінде кірпік көптеу.

-Аралардың көзі бесеу болады. Екі үлкен,үш кішкентай.

-Ал құмырсқалар болса жұлдыздарды күндізде көре алады екен.

-Шаянның көзі антенна сияқты шошайып шығып тұратын бұтақшаларында орналасқан.Тіпті құйрығында да орналасқан көзі бар екен.



Үйге тапсырма

Үйден мәтінді оқу және көз туралы мақал-мәтелдер жинау,жаттау.



Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет