1.Табиғаттағы өзгерістердің барлығын табиғат құбылыстары екенін түсінеді;
2) Оқушыларды қоршаған ортадағы дүниелер мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсінуге, зерттеуге бақылау жасау;
3) Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын көреді және түсінеді.
Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық:
«Мен атқан таңды сүйемін, таңды сүйемін
Шуағын шашқан күнді сүйемін, күнді сүйемін.
Аялаған табиғатты сүйемін, табиғатты сүйемін.
Қоршаған бар әлемді, өзімді сүйемін»
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Ойын
- Күз қандай?
- Күзде не болып жатады?
- Қандай құбылыстарды байқауға болады - деген сұрақтарға жауап беретін тірек сызбаларды жасайды. Кім жылдам, жүйрік және дұрыс жауап берген болса, сол жеңімпаз деп аталады. Қыз болса, қамшысын алып шығады, ұл болса қызға әдемі гүл сыйлап береді. Балалардың пікірлеріне мынандай сызба жасалады.
- Өте жақсы, балалар. «Қоңырқай күз болыпты, қурап жапырақ солыпты»- дегендей Абай Құнанбаевтың «Күз» өлең шумақтарың кім айтып береді екен? (мәнерлеп оқыту).
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Табиғат - адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да - табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан - жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.
Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
1.Табиғи және жасанды денелердің айырмашылығын ажырату, заттардың бір - бірінен қасиеті жағынан айыра білуге, табиғи құбылыстардың өзгеруі жайлы түсінік беру. 2) Ойлау қабілетін дамыту, 3) Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түрі.
Психологиялық ахуал
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Қарама - қарсы сұрақтар:
1. Бұрынғы уақыттарда жүргізілген бақылаулар мен тәжірибелерді жазып алу үшін нені жетілдіру қажет болды? Өз білімін
2. Әсіресе нені үйрену қажет? Жаза, оқи білуге, математикалық есептеу әдістерін
3. Бүгінгі күнге дейін жеткен қандай жұмыстарын білеміз? Тасқа салған суреттер, зерделеу жұмыстары
4. Бақылау құралының негізгісі не? Көз
5. Түрлі тәжірибелерді жасаған кезде кімдер аспаптарды қолдана білді? Адамдар
6. Күннің шығуы мен батуына қарай нені анықтады? Уақыт
7. Бара - бара не ойлап тапты? Сағат
8. Қандай белгілер бойынша бақылап - сағатты айыруға тырысты? Табиғи өсімдіктерде кездесетін
9. Қандай сағатты ойлап тапты? Су, құм, күн, гүл сағаттар
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану
Тақтамен жұмыс оқулықтан табиғи, жасанды денелерді ажырату
2 - топ: Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады. Үстелдің үстіндегі тас, целлофандағы ауа, стақандағы суды көрсетіп қайсысына жататындығын айту.
3 - топ: Дене заттардан тұрады. Үстелдің үстіне 2 сызғыш ( ағаш, пластмасса), 1 қант, стақандағы су, өсімдік, ауа. Өсімдіктің құрамы күрделі.(су, крахмал, қант және басқа заттар бар. Адамдар мен жануарлар да әр түрлі заттардан тұрады. Кітап пен дәптер, қаламды дәлелдеу.
4 - топ: Сен білесің бе? айдары бойынша (балаларға қосымша карточка тарату)
Қайсы дене? Қайсы зат? Ажырат. Үстелдің үстіне сабын қою.
Сабын неден жасалған? Ерте кезде қазақ халқы қара сабынды алабота деген өсімдікті өртеп, малдың сүйектерін өртеп, өсімдіктің күлін және сүйектің майын қосып жасаған. Жасалған нәрсе түнімен тұрған. Сабынның мынадай пайдасы бар:
Егер жара шықса сол жерді сабынмен жуу керек. Иіс сабыннан гөрі кір сабынды пайдаланған дұрыс екен.
3 минут уақыт беру. Топтың жауаптарын тыңдау.
Енді біраз шаршаған шығармыз, сергіп дем алайық.
Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Ал, балалар бүгін сабақта не үйренгендеріңді тексеріп көрейін. Бәріміз тақтаға назар аударайық• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Жаңбыр судан,
• Тапсырма: Денелер қандай заттардан тұрады? Ұшақ металлдан
• Тапсырма: Не неден жасалады? Ауызша
• Логикалық тапсырма. Алабота мен шырпының суретін көрсету. Қандай байланысы бар?