Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет15/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қара металл кендері




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі:  Қазақстанның қара металлургия өнеркәсібі туралы мағлұмат беру. 

Дамытушылығы:  Қара металлургия кәсіпорындарының орналастыру заңдылықтарын анықтай отыра, оқушылардың ой-өрсін дамыту.

Тәрбиелігі: Елбасымыз  Н. Ә. Назарбаевтың  қиын  да  қызықты  металлургия  саласында  қызмет  атқарғанын  айтып  өту.  Металлургия кәсіпорындары өнімдерінің экспортқа бағытталуына тоқтала отырып, оқушыларға металлургия мамандығын үлгі ету.

Көрнекілігі: флипчарт, ҚР экономикалық картасы, металл үлгілері, электронды оқулық.

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі

Сабақтың  типі:  аралас

Сабақтың  әдіс-тәсілдері:  баяндау,  сұрақ-жауап,  тірек-сызба,  т. б.




Психологиялық ахуал

Қиын да  қызықты  металлургия  саласында  еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев  өз  еңбек  жолын  бастаған.(презентация)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

(электронды оқулық арқылы тарихы сипатталады)

         Қазақстандағы қара металлургия негізі 1938 жылдан бастап қаланып, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қалыптасқан жас сала.

         Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Ұшқыш Сургутанов өзінің кішкентай ПО-2 ұшағының Сарбай көлінің ұшып жүріп, тұсбағардың тілшесінің өзгеретінің байқап жүрді. Сургутанов Николаевка ауылында орналасқан Аят экспедициясында тасымалдау жұмыстарын жасап жүрді. 12 ақпан 1949 жылы- тарихи күн болды. Сургутанов геологтарға өз ойын айтып, геологиялық және геофизикалық жұмыстар өткізуге сұраныс жасайды. 9 сәуірде Орал геологиялық басқармасында Сарыбай кен орны туралы анықтама жазылады. Геофизик Носиков өткізген геологиялық жұмыстар нәтижесінде Соколов кен орны да ашылды.

         Қазақстанда металлургиялық зауыт салу туралы бірінші мемлекеттік құжат 1942 жылдын сәуірінде шықты. Қарағанды қаласының қасындағы Самарканд ауылының 1944 жылы, қысқа уақытта салынған зауыт, бірінші мартен балқытуын берді. Темір кені қорынан Қазақстан дүниежүзінде 8, ал ТМД-да 3 орында.

         Қара металлургияның негізгі шикізаты – темір кені. Республикамыз темір кен орындарына өте бай. Оның ішінде, ірі темір кен орындарының қатарына Қостанай облысы Торғай иінінде Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар, Аят, Орталық Қазақстан аумағындағы Атасу, Қаражал кеніштері жатады. Жылына 30-40 млн т темір кенін өндіретін Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты жер бетіне жақын орналасқан темір кенін өндіруге маманданған.  Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.

         Қазіргі кезде қара металлургияның толық циклді және қайта қорыту өндіріс орындары бар. Қара металлургия өнеркәсіптерінде темір кенін өндіріп, шойын, болат балқытып, прокат және ферроқорытпаларды жасап шығарады. Қара металлургия өнімі – темір мен көміртектің қорытпасы. Оның құрамында сонымен бірге – кремний, марганец, фосфор, күкірт элементтері де болады. Қара металдың қасиеті, негізінен, оның құрамында көміртектің аз не көп болуына байланысты. Егер темір қорытпасында көміртектің мөлшері 2%-дан аспайтын болса, оны болат деп атайды, ал 2%-дан 6%-ға дейін болса, ондай қорытпаны шойын деп атайды. Шойынды темір кенінен кен қорытатын пеште өндіреді. Ал болатты мартен, конвертор, электр пештерінде балқытып алады. Болаттан дайын өнім – прокат алынады.





Сергіту сәті

Металға  байланысты  мақал-мәтелдер  айту

Қызықты  дерек:

Адамның денесінде ертінді түрінде  3-4г темір болады. Ол қанға қызыл  түс береді.  Қан құрамындағы темір  азайып кетсе, адам тез шаршайды,  басы айналады, көңіл күйі  нашарлайды. Мұндайда дәрігер оған  құрамында темірі  бар дәрі ішу  керектігін ескертеді. 





Ой толғаныс

Тест  тапсырмалары:

1. Ең  ірі  ферроқорытпа  зауыты  қай  облыста?

а) Алматы

ә) Өскемен

б) Ақтөбе

2. Металды  қорыту  үшін  пайдаланатын  отын.

а) ағаш

ә) кокс


б) мұнай

3. Қазақастан  қара  еталлургиясының  негізі  қай  жылы  қаланды?

а) 1938

ә) 1991


б) 1956




Үйге тапсырма

1. Республикадағы темір, марганец, хромит кен орындарына реферат жазу.

2. Қара металлургия кәсіпорындарын кескін картаға түсіріп, осы тақырыпты оқып келу.



Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Түсті метелл кендері




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Түсті металл кендері туралы түсінігін толықтыру. Ой-өрісін,тіл байлығын, есте сақтау, ойын толық айту қабілеттерін дамыту. Туған елін сүюге, оның әрбір байлығын қадірлеуге, ұқыпты болуға тәрбиелеу. Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдісі:  Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, түсті металл түрлері.






Психологиялық ахуал

Аққан Қаратаудағы,

Алтын шыға Алтайдан,

Жарқырап күндей жайнады.

Қарсақпайдан мыс ағып,

Бұлақтайын саулады,

Мақта көктеп Шымкенттен,

Ақтөбенің егіні,

Өрге өргелен өнімі.



Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Түсті металл туралы түсінік беру. Әр бір түсті металл ,өздері күнде көріп жүрген түсті металл туралы жеке –жеке тоқталып түсіндіру. Түсті металл ішіндегі ең көп тарағаны  алюминий екенін айту, оларды тұрмысымызда қалай пайдаланып жүргенімізді айту. Мысты  күнделікті қайдан көреміз? Алюминий –ең жеңіл түсті металл. Мырыш  ---көкшіл сұр түсті металл. Шелек, леген, астау мырыштан жасалады. Мырышты тот баспайды.Қорғасын мен мырыш қосылып  полиметалл кенін құрайды.Поли—көп деген сөз. Сарамандық жұмыс. Картадан түсті металдарды  шартты белгісі бойынша  табу. V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу Түсті металдарды, олардың қасиеттерін  әр оқушы айтып қорғайды. VI. Бекіту кезеңі: Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? -Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? -Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?






Сергіту сәті

Саусақтар күшін сынасақ,
Ойнақы епті шынашақ.
Еркелеп өскен кенжесі,
Қамқоршы оған өзгесі.




Ой толғаныс

Циклдің өндірістік құрамын анықтайтын  сұрақтар

1 Циклдің негізгі өндірісі қандай?

2 Негізгі өндіріске не қажет?

3 Не себепті кенді байытады?

4 Қалдықтар не үшін пайдаланылады?

5 Қосалқы өндіріс немен айналысады?






Үйге тапсырма

Кескін картаға металлургия орталықтарын түсіру.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет