Пайдалы қазбалардың бірқатары қышқыл алуға , тыңайтқыштар өндір -уге және құрылыс қажетіне жұмсалатыны саған белгілі . Олардың құрамынан металл қорытып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп аталады . Пайдалы қазбалардың бұл тобының ішінде ең көп таралғаны – тұз . Тұз дегенде біз әдетте ас тұзын түсінеміз . Ас тұзын тұзды көлдерде өндіреді .Көл суы жаздың аптап ыстығында көкп буланады да , еріген тұз түбіне шөге береді . Оны өндіру үшін тұз сорғыш машина қолданылады. Мұндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғыш сорабы болады. Түтік арқылы көл түбіндегі тұз суымен қоса тартып алынады . Машина тұзды айырып , бірден кішкене вагондарға тиейді .Машина да , вагондар да көл табына салынған рельсті бойлап жылжып отырады . Әрбір адамның тамағына күніне 2 грамм шамасында ас тұзы жұмсалады . Тұздан сода , хлор және басқа заттар алынады . Тұздың бұдан басқа да көптеген түрі бар Олардың біразын дәрі ретінде пайдаланамыз . Кейбіреулері , мысалға калий тұзы топырақты тыңайтуға жұмсалады .
(2 түрі): 4 адамнан тұратын топтар стикердегі сұрақтарға жауап береді немесе ол жөніндегі өз ойларымен бөлісіп, талқылап, стикерге өз ойларын жазады, кейін пікірлерін қорғайды. (диалогтік оқу)
Үйге тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Табиғаттағы су айналымы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Білімділік. Судың табиғаттағы айналымы туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушылардың оқыған тақырып бойынша ойын жинақтап, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік.Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг, тест тапрсырмалары, СТО стратегиялары, шығармашылық жұмыс,
Сабақ көрнекілігі: сабаққа презентация, электронды оқулық, бейне таспа, оқулық, су айналымы салынған кесте, дәптер, тест тапсырмалары, тақырыпқа сай схемалар.
Психологиялық ахуал
«Күн шуағы»Қол ұстасып бәріміз,Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мұғалемнің түсіндірмесі :
Су-ғажайып зат.Сусыз тіршілік етпейтін ағза кездеспейді. Су-табиғатты ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.(Глобустан көрсету) Судың кереметі- оның жер бетінде тынымсыз айналыста жүруі./Судың табиғаттағы айналымы слайд б-ша түсіндіріледі./
1. Күн сәулесінің қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.Сонымен қатар топырақ,өсімдік,жануарлардан буланған субуы ауа қабатына көтеріледі.
Ауаның салқын қабатында су буы қоюланып,бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа оралады.Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді./Бұлт туралы білімдерін еске түсіру./
Күн қыздырғаннда қайтадан буланып,ауаға көтеріледі.
Мәтінмен жұмыс.Білімді алғашқы бекіту.
Оқушыларға тізбектей оқыту.
Ойын «Иә», «Жоқ»
-Жер бетінің үштен бір бөлігін су алып жатыр./жоқ/
-Су табиғатта тынымсыз айналыста болады./иә/
-Күн сәулесінің қызуынан су буланып, ауа қабатына бармайды./жоқ/
-Ауаның салқын қабатында су буы бұлт түзбейді./жоқ/
-Сусыз тіршілік ететін ағза кездеседі./жоқ/
-Ағзалар денесі ден пайызына дейін судан тұрмайды./жоқ/