Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет14/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Балалар, бүгін біз сабақта топпен жұмыс істейміз. Әр топқа – топ басшысын тағайындайық. Мына кестеге жауаптарын белгілейміз.

Эпиграф: «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын».

Балалар біз өткен сабақтарда қазақстанның жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары туралы үлкен тарауды оқып, таныстық.

Ал, Қазақстанда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі?

Ойпат, жазық (Ккаспий, шығыс Еуропа, Батыс Сібір)

Үстірт «Үстірт. Торғай үстірті. Жем)

Аласа таулар: Сарыарқа, Мұғалжар

Биік тау (Алтай, сауыр – Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Тянь – Шань).

(Бәрін картадан көрсету)

Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін

Міне, жер бедерін мына суреттен көрейік, көрікті де әсем жерлерін Батысты – Теңіз деңгейінен төмен жатқан – Қарарқия ойысы – 132 метр мен ең биік тау – Тянь – Шань – 6995 метр – Хан Тәңірі.

Ал енді Шығыс Қазақстан өңірінің көрікті жерлерін теледидардан көрейік. Жақсылап назар салыңыздар.

Видеокөрініс

Осындай тамаша жер бедері қалай пайда болғанына тоқталайық. Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Тақырыбын тақтадан жазады. Енді өзіміз танысқан терминдерді есімізге түсірейік:

1. Платформа

Геосинклиналь

Тектоника

Сейсмология





Сергіту сәті

Әр қолда саусақ бес-бестен,
Шықпас тегін ол естен,
Біліп соның шамасын,
Мысал ойлап табасың




Ой толғаныс

Балалардың алдында Сарамандық жұмыстың тапсырмалары таратылады

Алдарыңдағы тапсырмамен оқып, танысыңдар. Қане 1 – ші тапсырманы оқып жіберейік. Тапсырма түсінікті болса әр топ эраларды таңдап алыңдар. (Оқушыларға 5 минут беріледі), Дайындалып болған соң әр топ өз жұмыстарын қорғап шығады. Енді 2 – ші тапсырмаға көңіл бөліңдер. Кім оқып жібереді?






Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Кенді пайдалы қазбалар




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Кенді пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев туралы әңгімелеу, Алматыдағы геологиялық мұражайлар туралы мағлұмат беру;
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой - өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба - байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.




Психологиялық ахуал

Жер - Ана, кен - байлық, табиғатты сүйетін
Әрбір сабақ
Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын
Әрбір ісім
Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық
Әрбір күнім
Білімге зейін салатын.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі

Пайдалы қазбалардың түрлерін бірнеше топқа бөле отырып, олар туралы білім түсініктерімізді кеңейтеміз


«Ой қозғау»
- Көмір қандай зат? Оның қасиеті (жанады)
- Темір нелерден жасалады, қалай аталады? (металлдан)
- Ас тұзы не үшін қажет? Жерді тыңайту үшін қандай қазбаның түрін қолданамыз?
Оқушылардың ойларын тыңдай отырып, осы әрбір айтылған қазбаның түрлі топтарға бөлінетіндігін айту.
Ү. Жаңа сабақ
Мұғалім түсіндірмесі
Пайдалы қазбалар қолдануына қарай үшке бөлінеді
(жанғыш пайдалы қазба, кенді пайдалы қазба, кенге жатпайтын пайдалы қазба)
Жанғыш - тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, газ.
Кенді - алюминий, мыс, қорғасын, күміс, мырыш
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар - ас тұзы, фосфор, құм, саз, цемент
- Пайдалы қазбаларды кімдер зерттейді?
- Геологтар
- Қазақтың тұңғыш геологі кім еді?
- Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (түсіндіру)
Жанғыш пайдалы қазбалар
Тас көмір - ең көп өндірілетін пайда қазба. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды.
Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.
Мұнай - өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.

Кенді пайдалы қазбалар


Бұларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий сияқты металдар алынады. кенді пайдалы қазбалар орталық Қазақстанда өте көптеп кездеседі. Әсіресе, Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгілі.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Олар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.
Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде
Газ - Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий – Арқалықта
Мыс кені – Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен
« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.
Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»
«Бақытты ұлы Отан» әнін шырқаймыз.
Пайдалы қазбалардың шартты белгісімен таныстыру




Сергіту сәті

Бір мен екі алмаңдар!
Үшке алданып қалмаңдар!
Кілең төрттік алғандар,
Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)




Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс
Пайдалы қазбалардың түрлерін жаздырту
Шығармашылық тапсырма
Пайдалы қазбалардың қажеттілігі туралы өз ойларынан өлең шығару
Көзге сергіту (планета) Планетамызда қанша пайдалы қазбалар болса, соның бәрін біздің жерімізден, яғни жер қойнауынан табуға болады екен.




Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұндау. іздену. Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар өндірілетін жерлерді көрсетуге дайындалу. Шартты белгілерін жатқа жаза білуге дайындық жасау.

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет