Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет3/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Адамды адам еткен – еңбек




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

«Адамды адам еткен еңбек»деген ұғымның мағынасын ашу.
Сабақ міндеттері:
1. Оқушыларға жануарлардың тіршілігі бақылауды үйрету. «Адам - табиғаттың бір бөлігі»деген тұжырымды дәлелдеу.
2. Адамның іс – әрекетін жануарлардан ажырата білу дағдысын дамыту, есте сақтау, шыдамдылық, жіті бақылау, логикалық ойлау сияқты қабілеттерін жетілдіру.
3. Сабақ барысында еңбекқорлыққа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Жануарлар әлемі» бейнетаспасы, суреттер, «Тарихи деректеме» кестесі»




Психологиялық ахуал

Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі:
1. «Адамды адам еткен еңбек» мәтінін оқытып, негізгі мағынасын белгілету.
2. Мәтін бойынша қазіргі заман адамының ерекшелігін көрсететін салыстырмалы саралау жұмысын жүргізу. Тірек сызба құрастырылады.
Қазіргі заман адамы --------------------------- Жануарлар
Үй, қабырға, қоршаулар соғады ----------- Аралар, құстардың ұясы
Аспанға ұшу -------------------------------------- Құстардың ұшуы
Оқушылар салыстыруды жалғастырады.
«Адамды адам еткен еңбек екенін білу үшін қандай тарихи деректемелер пайдаланады?» деген сұраққа жауап алу.Жалпа адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады емес пе? 

     Еңбек дегенміз бойымыздағы күшімізді пайдалану.



     «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді. Ал іс-әрекетсіз бос жүру, еріншектік, жалқаулық – жаман әдет болса керек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Күнделікті ішіп- жейтін тамағының, киетін киімінің өзі еңбекпен келеді. Қысқасы қоғамдағы байлықтың бәрі еңбектен тұрады. Мысалы: Бамбук ағашының қалай өсетініне назар аударайық. Алдымен топыраққа бамбук ағашының тұқымы егіліп, бес жылға дейін суарылып, ықыласпен күтіледі. Алайда алтыншы жылға қараған кезде ғана сабағы өсе бастайды. Бір қызығы, бұл сабақтың алты аптаның ішінде 27 метрге дейін өсіп, бес жылдың ішінде өскен ағаштармен теңесуі.
Сонда бамбук ағашы бес жылдың ішінде өседі ме, әлде алты аптаның ішінде өседі ме?- деген сұраққа өсірген адамдар «Алты аптаның ішінде»,- десе, ал сырт көзбен қарайтындар үшін бес жылдың ішінде өсіп жетілетіні айдан анық. Дегенмен топыраққа тұқым егіліп, оны ықыласпен суарып тұру, күн көзінен, жаңбыр және желден қорғау сияқты ұзақ уақытқа созылған қажырлы еңбек пен үлкен сабырлылықтың арқасында ғана бамбук ағашы өсіп жетілуде. Міне, сондықтан да жұмсалған еңбектің бостан-босқа кетпейтініне және сабыр түбі – сары алтын екендігіне сенуіміз керек. Ал сенімсіздікпен жасалған іс ешқашан да алға баспайды.




Сергіту сәті

Тік ұста бойыңды
Жоғары соз қолыңды.
Соз қолыңды тағы да,
Жеткіз жираф мойнына.




Ой толғаныс

Заттық дереккөз – Еңбек құралдары, үй шаруашылығындағы ұстайтын аспаптар, қару жарақ, әшекейлер, қираған ғимараттар.
Жазбаша дереккөз - Шежіре, хаттар, хандардың жарлығы, іс - қағаздары, әңгімелер т. б.
Ауызекі дереккөз - Ертегі, мысал, жыр, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, аңыздар.




Үйге тапсырма

Еңбек жайында тақпақтар жаттап келу .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Техника , құрылыс – ой мен еңбектің жемісі .




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға адам еңбегі жайлы айтып , техника м құрылыс жайында түсіндіру .




Психологиялық ахуал

Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.
Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі: Адам-табиғат перзенті .Ол табиғат ортасында өмір сүріп , тіршілік етеді . Саналы ойлаудың арқасына ол өзінің адам ретінде алғашқы пайда болған дәуірінен бастады . Табиғаттың , оның ішінде әсіресе тірі табиғаттың алуан түрлі құбылыстарына таңданады . Оған қызыға қарап , өзі де сондай дегенді қиялдап , ойланатын болды Мысалы , адам құс тәрізді аспанда ұшуды , балық сияқты аспанда жүзуді армандады . Әрине , ол кезде бұл қиял ғана еді .Бірақ ойланудың , армандаудың , ынталанудың нәтижесінде «адам да оны жасай алады ғой» деген пікірге келеді .Сөйтіп , адам табиғат сырын , құпиясын зерделеді . Оның»техникасын» меңгерді . Құс пен инеліктің ұшуын бақылап – ұшақ , тікұшақ жасады . Бал арасының ұясын , ағаш жапырақтарының діңі , бұтақтарының оналасуын , құрылымын , т. б. зерделеп , алуан түрлі ғимараттар салды , құмырысқа илеуіне негзделген қалалар тұрғызды . Әрине , адам аса терең ойдың иесі болғандықтан , тірі табиғатты дәлме- дәл сол күйінде қайталамайды . Ғимараттарды , техниканы өз жағдайына икемді , өз қажетіне неғұрлым қолайлы , күнделікті тіршілігіне ыңғайлы етіп , жетілдіреді . Демек , тіршілігіміздің барлық саласындағы әр жаңалықтың басты себепшісі -

Алдымен адамдадың ақыл – ойы . Ал , адамға ой салушы , жетелеуші табиғаттың өзі .






Сергіту сәті

Сол аяқ, оң аяқ,
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.




Ой толғаныс

Зиянды әдеттердің адам өміріне тигізетін залалы қандай?

Қиындықтар кездескенде оларды қалай жеңуге болады?



Зиянды әдеттер денсаулыққа қалай әсер етеді? Мысал келтіріңдер




Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет