Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Біліміңді пайдаға асыр
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Оқушыларға өз білімдерін одан әрі жетілдіру мақсатында жақсы істер жасауға тәрбиелеу .
|
|
Психологиялық ахуал
|
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
5 жолды өлең құрастыру .
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі : Сен оқып білім алып қана қойған жоқсың . Ұнаған үйірмелерге қатыстың . Бұрын білмейтін талай нәрсені білетін болдың . Енді осы білімің арқылы сен де өз отбасыңа , туған туысқандарыңа пайдаңды тигізе аласың . Халық аппай сауаттана қоймаған бұрынғы кездерде ауылдағы бастауыш сынып оқушылары үлкен кісілерге де көмек беретін .Әсіресе , сауатсыз ата - аналарға , үлкен кісілерге керекті қағаздарын ,хаттарын жазып көмектесетін . Оларға қызықты әңгімелер , кітаптар оқып беріп алғысын алатын . Себебі , ол кезде ауылды жерлерде кино концерт жиі қойылатын . Мұндай көмек нәтижесінде оқушыардыңөзі де тез жән мәнерлеп оқуға жаттығатын .
|
|
Сергіту сәті
|
Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық
|
|
Ой толғаныс
|
Мақалдар құрастыру .
|
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді түсініп оқып келу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Кітап қайдан шығады?
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
1. Оқущыларды алғашқы кітаптың шығу тарихымен таныстыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру;
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Сабаққа деген ынталарын арттыру;
3. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ - жауап, түсіндіру, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, тірек сызба, кітап көрмесі.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да,
Шуақты көктем нұр төгіп
Көңілді кетті көтеріп.
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі :
Жұмбақ жасыру
Ұсынған қойнынан,
Білімнің үлгісін.
Шықпайды ойыңнан,
Досың ғой білесің.
Бұл не?
(кітап).
- Сонымен, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: Кітап қайдан шығады?
- «Күш – білімде, білім неде?»
- Кітапта
- Онда, кітаптың шығу тарихы туралы сыр шертейік.
Кітап - ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап ақылдың кені. Кітап - бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы. Кітап - барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы.
- Ендеше, кітап қайдан шықты?
- Қазір сендер, өздеріңді ежелгі адамбыз деп елестетіңдер, алдарыңда қағаз жатыр, сендер оқу білмейсіңдер, ал біз айналамызда болып жатқан құбылыстарды, заттарды қалай жазар едік?
- Қане, құс деген сөзді қалай жазар едіңдер? Ағаш, бұлт, күн, көз т. б.
- Қалай жаздыңдар?
- Суретін салдық, бейнеледік, таңбаладық.
- Бұл таңбалар иероглифті жазбалар деп аталады. Ал ол кездегі жазу құралы тас көмір, күйе болған.
Алдымыздағы кітаптар бірден пайда болмаған. Алғашқы кезде кітап болмаған кезде адамдар тасқа қашап жазған. Қазақ тарихында тұңғыш кітап 1841 жылы «Боз жігіт» деген атпен Қазан қаласында басылып шықты.
Кітап
қыш тақта
мұқабалы кітап
папирус
пергамент
- Оқулықпен жұмыс
- Мәтінді түсініп оқу.
|
|
Сергіту сәті
|
Тез қозғалып осылай
Жаттығулар жасайық.
Жақсылықты үйреніп,
Жамандықтан қашайық.
/Б.Бөрiбаев/
|
|
Ой толғаныс
|
● Мәтін бойынша сұрақ - жауап
- Алғашқы кітаптар қандай болған және олар не нәрселерге жазылған?
- Бұрын кітаптар неге қолмен көшірілді?
- Кітап алғаш қалай басылған, қазір қалай басылады?
- «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» дегенді қалай түсінесің?
- Кітап туралы қандай мақал - мәтелдер білесің?
|
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді түсініп оқу. «Білім көзі - кітапта» тақырыбына эссе жазу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Жазғы директор
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
Білімділік: Өткен сабақтарда алған білімін бекіту;
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту үшін түрлі тапсырмалар орындау;
Тәрбиелік: Жаз мезгілі туралы тәрбиелі әңгімелер айту; Ағаштарды сындырмауға, өзендерді ластамауға үйрену; Табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: жаздың суреті, тірек сөздер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ .
|
|
Психологиялық ахуал
|
«Тәтті алма» ойыны. Тақтада алма ағаш суреті тұрады, қасында шелек. Оқушының мақсаты: Алманы бір – бірлеп жинау, әр алманың артында сұрақ болады:
- Неше жыл мезгілі бар?
- Бір жылда неше күн бар?
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір аптада неше күн бар?
- Жазда қандай ағаштар өседі?
- Көктемде қандай гүлдер өседі?
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі :
Алдымен мынадай сұрақ қойылады:
- Балалар, көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді?
- Балалар жазда қайда барады?
Жаз – ең ыстық жыл мезгілі. Жазда балалар демалады. Олар демалуға ауылға, үлкен қалаларға, лагерьге барады. Жазда олар шомылып, күнге қыздырынады. Сондықтан олар жыл мезгілін жақсы көреді.
|
|
Сергіту сәті
|
Біздер тату боламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
|
|
Ой толғаныс
|
Дәптермен жұмыс.
Көп нүктенің орнына жұрнақ, жалғау қосып жазады.
Мен жазда лагерьге бар...
Сен жазда ауылға бар...
Ол жазда Астанаға бар...
Сен дүйсенбі күні мектепке бар...
|
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді түсініп оқу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |