Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Жыл мезгілдерінің ауысуы
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
А) Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.
Ә) Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын, сөздік қорын, көре отырып әңгімелеп беру қабілетін, ойлау қабілетін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Экологиялық, эстетикалық, еңбек, тәрбиелеріне баулу.
Әдістер: Сұрақ-жауап, сурет көріп әңгімелеу , тақпақ айту, дидактикалық ойын ойнату, сергіту сәтін жасату, сурет бояу.
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреттері , дидактикалық ойынға қажетті суреттер.
|
|
Психологиялық ахуал
|
«Әріптер сыр шертеді»
Т П Н Р
Ғ Л А У
Ш Й О Қ
Д М Б
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі :
Тапсырма - Жаз еліне кіру үшін, біз мынандай тапсырманы орындауымыз керек. Мына етістіктерден болымсыз етістіктерді құраңдар. Жаз, оқы, күл, бер, жүгір, секір, көр, же, іш, лақтыр.
- Шешуін тауып, Алпамыс әрі қарай жүреді. Көп пе әлде аз ба, жүріп келе жатып, ол өсіп тұрған ағашты көрді. Алпамыс ағаштан бір жапырақ жұлып алады, ал жапырақта мындай тапсырма жазылған.
2. Тапсырма: Күз елінде "Күз патшасы" билеген Ханшайым өз елі туралы білім сайысын ұйымдастырып отыр екен. Адасқан ай аттарын табу. Адасқан айларды дұрыс жазыңдар. Күз Ханшайымы балаларға риза болып сағаттың сынығын береді. Ал Алпамыс қайтадан жолға шықты. Ол қатты тоңды.
М: Сонымен балалар қалай ойласыңдар, Алпамыс қай жыл мезгіліне келіп жетті?
Б: Қыс.
- Дұрыс.
Алпамысты Аяз қарсы алады.
- Қайда бара жатырсың?- деп сұрады ол. Алпамыс жағдайды айтты.
- Иә, сағаттың бір сынығы менде, сендер қыс мезгілі туралы айтып берсеңдер мен сендерге сағаттың бір бөлшегін беремін дейді.
3 - тапсырма Қыс мезгілі туралы айтып беру.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн аязды салқын болады. Адамдар жылы киінеді. Қыста Жаңа жыл мерекесі болады
|
|
Сергіту сәті
|
Күн ұйықтайды.
Күн оянды.
Жел соқты,
Жаңбыр жауды.
Найзағай шатырлады,
Жел басылды
Күн ашылды
|
|
Ой толғаныс
|
Жұмбақтар шешейік.
Қыста ғана болады,
Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды ( Қар )
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
Таңмен көзін ашады,
Әдемге нұр шашады. (Күн)
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)
|
|
Үйге тапсырма
|
Жаңа сөздерді жаттап келу. Жыл мезгіліне суреттер салып келу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Пәннің аты
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім
|
Сабақтың атауы
|
Отбасы - шағын қоғам .
|
|
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
|
- Қоғам, оның көп түрлілігі, қоғам мүшелері, қоғам басшысы, қоғамның алып жатқан аймағы, қоғам - бізді қоршаған орта ұғымын ашу.
- Отбасы - шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы - біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу.
- Отбасы қоры, отбасы және экономика ұғымдарының сабақтастығын көрсету.
- Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым - қатынастар туралы түсініктер бере отырып, оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету.
- Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру.
- Отбасы - шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, ана, әкенің алар орны ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.
|
|
Психологиялық ахуал
|
Армысың, алтын күн!
Армысың, туған жер!
Армысың, мектебім!
Армысың, қонақтар!
Армысың, достарым!
|
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
|
|
Қызығушылықты ояту
|
|
|
Мағынаны тану
|
Мұғалімнің түсіндірмесі :
- Балалар айналып отырайықшы, көзімізді жұмып, мына мәтінді тыңдайықшы.Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім, отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз - Н. Ә. Назарбаев атамыз бар. Мен - бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын. Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім - отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе?
Әңгімелесу.
Бұл бөлімде ой түрткі жасау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға көмек беретін сұрақтар қою көзделеді.( Барлық баланы қатыстыру керек.)
- Осы балаға ат қояйықшы.
- Асан неге бақытты деп ойлайсыңдар?
- Оның қандай отаны бар?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Өзіне Кімді үлгі етеді?
- Неліктен мектеп оның мақтанышы?
- Ол кімдермен достық қарым - қатынаста?
- Оны кім аялады?
- Оны кім әлпештеді?
- Ол бауырларымен қандай қатынаста, қалай өсті?
- Осы әңгімеде не туралы сөз болды?
- Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата - ана, бауыларың, туыстарың)
- Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы - Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы - президенті, қоғам мүшесі - халық, )
- Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым - қатынаста болады.)
- Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам).
- Оның басшысы кімдер? (ата - ана)
- Оның мүшелері кімдер екен? (Әке, ана, ата, әже, аға - іні, әпке - қарындас)
- Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар?
- Қоғам.
- Қандай қоғам туралы болмақ?
- Отбасы - шағын қоғам?
Тақтаға: Отбасы - шағын қоғам деген сөз ілінеді4. Тыңдайық, ойлайық. Әр оқушыға
А) (1 - 2 - 3 сыныптағы білімдеріне сүйену.)
Жанпейісованың дамыта оқыту технологиясы б - ша «Менің отбасым» зерттеу анкетасын толтыру.
Менің отбасым:
Менің атым --------
Менің әкемнің аты ----------
Менің анамның аты ---------
Менің әжемнің аты ---------
Менің атамның аты ----------
Менің ағамның аты ----------
Менің әпкемнің аты ---------
Менің қарындасымның аты --------
Менің інімнің аты --------------------
Біздің үйде кішкентай нәресте, бөпеміз бар оның аты ----------------
- Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен.
Мысалы: Қоғам деген не?
- Отан - туыстарың
Адамды қоршаған орта
- отбасың - Ұстазың
- мектеп достарың
Жеке жұмыс. Әр оқушы бағаланады.
Отбасы қоғамының құрамы: Сурет конкурсы.
1. Отбасының тұрағы ---------
2. Отбасы басшысы ------------
3. Отбасы мүшелері ------------
4. Менің алар орным -------------
- әр оқушы өз суретін түсіндіріп өтеді.
|
|
Сергіту сәті
|
Әлди, әлди бөпешім
Әлпештейін көкешім.
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата ғой.
|
|
Ой толғаныс
|
Б) Мен және қоғам. Топқа бөлініп отырады. Топтың жетекшісі болады.
1 - абзацты оқыту:
- Күбірлеп оқу.
- Дауыстап оқу.
№1 Шығармашылық жұмыс. Адамның суретін салу, адамды қоршаған ортаны жазғызу. Әр топ өзінің жауабын жазады.
|
|
Үйге тапсырма
|
Әркім өз отбасының қорын жазып келеді. Менің отбасым сурет салу.
|
Күнделіктеріне жазып беремін
|
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады.
|
|
Кері байланыс
|
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |