Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет40/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Туған – туысқандар




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға туған - туысқандар, ағайындар туралы, туыстық атаулар туралы мағлұматтар беру.
Оқушылардың ой - өрісін, танымдық процестерін, тіл байлықтары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды бауырмал, кішіпейіл, қонақжай, үлкен кішіні сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: суреттер, слайд




Психологиялық ахуал

Қуанамын мен де,
Қуанайық, достарым,
Қуанасың сен де
Арайлап атқан күнге.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі :

- Балалар, туыс деп кімдерді атайды?


- Оларды не үшін туыс деп атайды? (Оқушылар өз бетімен әңгімелейді)
Мұғалім:
Қазақта жігіттің үш жұрты бар болады. Олар: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Өз жұрты - өзіңнің ата, әжесі, әке - шешесі, аға - жеңгесі, әпкесі, іні - қарындастары, т. б. аталас туыстары жатады. Нағашы жұрт - өзіңнің анаңның туыстары, яғни, төркіні. Анаңның туыстары саған – нағашы, ал сен оларға – жиен боласың. «Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды» деген мақал да бар, ол нағашы жағынан біреулердің ренжітуіне тыйым салынады. Жігітке ең жақын жұрт – нағашысы. Жиеншар деген туыстық атау
а) Оқулықпен жұмыс.
Ә) Дауыстап тізбектей оқу.
- Күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы (қайын ата)
- Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі (жезде)
- Бірге туған апалы - сіңлі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы (бөле)
- Бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені (әпке)
( Оқушыларға туыстық атауларға байланысты рөлдер ойнату)




Сергіту сәті

Күн ұйықтайды.
Күн оянды.
Жел соқты,
Жаңбыр жауды.
Найзағай шатырлады,
Жел басылды
Күн ашылды




Ой толғаныс

- Балалар, мына мақалдардың жасырын сөзін тауып көрейікші:
... тату болса — ат көп, (ағайын)
... тату болса — ас көп. (абысын)
... — туырлығым, (туғаным)
... — қазынам. (қарындасым)
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызда біз «Туған - туысқандар» - мен танысамыз!




Үйге тапсырма

Өздерінің туыстары туралы әңгімелеу

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет