Білімділік: сабақтың мазмұнын ашуға егеменді, тәуелсіз ел жайында мемлекетімізге байланысты білім беру.
Дамытушылық: Оқып-білу жұмысын ұйымдастыру, мақсат қоя білуге және бұрынғы КСРО құрамы жайында ой өрбіту, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, топтастыру, оқып-білу, түртіп алу, «БҮБ стратегиясы» Тренинг. «Рахмет, Алғыс айтамын»
Типі: дамыта оқыту.
Көрнекіліктері: ҚР физикалық картасы. Н.Ә.Назарбаевтың суреті, буклеттер, оқулық, үлестірмелі карточкалар БҮБ стратегиясы
Психологиялық ахуал
Отан дейміз кең - байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. (оқушылардың ойын сұрау)
Қазақстан Республикасы Президенті мемлекеттің басшысы, елдің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Республикада халықаралық қатынасымен өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғанға дейін Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталған ірі империяның құрамында еді.
Бұл ірі империя «Одақдас Республикалар» деп аталған.
Сергіту сәті.
Біз туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасының жас азаматымыз.
Тәуелсіз жеріміз бен елімізді әке, аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының (Қазақ КСР-і) мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
1991 жылы 10 желтоқсаннан бастап КСР-і Қазақстан Республикасы деп атала бастады.
1992 жылы Қазақстан дүние жүзіндегі ең ықпалды және беделді ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болды.
1995 жылы 30 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Қазір Нью-Иорктегі БҰҰ-ның зәулім ғимаратының алдындағы салтанантты алаңда әлем мемлекеттерінің туларымен бірге Қазақстанның да аспан түстес көк Туы желбіреп тұр.
16-желтоқсан – Тәуелсіздік күні деп мерекеленеді.
«Елу елдің бірі болу мүддеміз,
Елі сүйген Елбасымен біргеміз» — демекші елімізді қандай жетістіктері арқылы әлем таныды?
2010 жылы 1 желтоқсанда Қазақ халқы Астанада абыройды асқақтатқан Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Саммитін өткізді.
2011 жылы 30 қаңтары еліміздің спорт тарихындағы айтулы күнге айналды. VII қысқы Азиада ойындары «Астана-Арена» стадионында салтанатты түрде ашылды, т.б. (оқушы ойын жалғастыру)
Білімді қорыту:
Сұрақ-жауап.
1. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?
2. Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
3. Қазақстан қай жылы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды?
Сергіту сәті
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
Ой толғаныс
Тест: 1. Біздің мемлекеттің басшысы кім?
2. Президент нені басқарады?
3. Қазақстанда балалар құқығы туралы заң қашан қабылданды?
4. Парламент қандай жұмыстар атқарады?
5. Үкімет құрамына қандай мүшелері кіреді?
/дәптерлерін ауыстырып тексеру/.
Үйге тапсырма
Шығармашылық жұмыс «Егеменді еркін ел»
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
Таяу шетел , алыс шетел
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Жалпы мақсаты:Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздіктің тарихи маңызы және ТМД-ның құрылуы туралы білу және меңгеру.
Оқыту нәтижесі:Өзін-өзі реттеу, бірлесіп оқу түсіну дәрежесін анықтау, ынтымақтастықтың нығайуы, диолог арқылы сұрақ қою және жауап беру арқылы Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы және тарихи маңызы туралы білім алады.
Негізгі идеялары: Топтық, жұптық жұмыс жасау барысында адамгершілік қасиеттерін дамыту, уақыттың қадірін біліп, оны орынды жұмсай білуге дағдыландыру.
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті: не істеймін?
Жұмыс түрлері. Оқушылардың
іс-әрекеті Ресурстар мен жабдықтар
Психологиялық ахуал
«Маған ұқсайтын досым», мақсаты: оқушылардың арасындағы жылулық қалыптастыру
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мұғалімнің түсіндірмесі:
Кеңес одағы тарап ,әр республика өз алдына жеке мемлекет болып бөлініп кекенімен , олардың бәрі бұрынғыша өзара экономикалық байланыстарды қайта жалғауға мүдделі еді . Сондықтан олар жаңа құрылым түзу әрекеттерін жасады . 1991 жылдың желтоқсанында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қысқаша ТМД құрылды .Оған бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған 1 мемлекет енді . Балтық жағалауындағы үш ел бұл ұйымға кіруден бірден бас тартты . Грузия ТМД – ның құрылу жиналысына бақылаушы ретінде қатынасты . Кеңес одағы тарап ; ТМД құрылғаннан кейінгі кезеңде саяси басылымдарда «таяу шетелдер» , «алыс шетелдер» деген ұғымдар пайда болды . «таяу шетелдер» деп шартты түрде бұрынғы КСРО құрамында болған елдер атала бастады . Оған себеп бұл елдердің кезінде бір мемлекеттің құрамында болғандығы , экономикалық , мәдени – рухани жағынан жақы тұрғандығы болды . Кезінде бұл елдердің азаматтары бір – бірімен еркін араласып жатты , олардың қарым – қатынасында тілдік кедергілер де болған жоқ . Бұрынғы КСРО – ның құрамында болмаған елдердің бәрі «алыс шетелдер» қатарына жатады . Бізбен шекаралас ҚХР да ,бізге таяу жатқан
Үндістан да осы топқа енеді .қазақстан қазір таяу шетелдермен де , алыс шетелдермен де экономикалық – мәдени байланыстар жасайды . Бұл жердегі , негізгі ұстаным – екі жақты тиімділік . Демек , екі ел немесе елдер тобы арасындағы жасалатын шарттар сол актіге қатысушылардың бәріне де тиімді болуы керек .
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
Ой толғаныс
-Қазақстанның мемлекеттік тәуелсізігін жариялауы жәнетәуелсіздік алуының халықаралық маңызы;
-Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуының тарихи маңызы;
-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы; 1. Жеке тапсырма