Сабақтың атауы Адам қайдан, қалай пайда болған? Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет46/50
Дата04.07.2018
өлшемі7,44 Mb.
#46407
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қазақтың хас батыры Қарасай




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға елін - жерін қорғаған ер жүрек батырлар туралы, олардың ерлігі туралы, ел билеген хан, билер туралы білімдерін кеңейту.
2. Ой - өрісін, есте сақтауын білімдік қорын, сөздік қорын дамыту.
3. Патриоттық тәрбие беру.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ түрі: Ішінара ізденіс сабағы.
Сабақ әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ – жауап, картамен жұмыс
Сабақ көрнекілігі: интерактив тақта, батырлар суреттері, карта.




Психологиялық ахуал

«Тарихи сынақ хат»
Қазақ тарихында ---------------- алғашқы жартысы өте қиын және күрделі кезең болды. Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары, түптеп келгенде көршілес жатқан екі ұлы ел ------------ мен ---------------- бұларды бір - біріне --------------- саясатынан туындады.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту

«Шыңға қадам» ойыны
• 3 қатарға арналған сұрақтар, 1 топ 2 - топқа, 2топ 3топқа тақырып бойынша сұрақ қояды. Шыңға 1 - шыққан топқа жалауша беріледі.




Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

«Тарихи сынақ хат»


Қазақ тарихында ---------------- алғашқы жартысы өте қиын және күрделі кезең болды. Қазақ және Жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстары, түптеп келгенде көршілес жатқан екі ұлы ел ------------ мен ---------------- бұларды бір - біріне --------------- саясатынан туындады. Негізгі қарулары -------,---------------,------------,-------------,--------------,-------------.
(18 ғасырдың, Ресей мен Қытайдың, айдап салу, қылыш, найза, қалқан, айбалта, шоқпар, семсер)
Дұрыс, сонымен біз бүгін Қарасай батыр туралы мәлімет алады екен.
Қарасай Алтынайұлы 1589жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында Суықтөбе тауының етегінде дүниеге келген. Қарасай батырдың өмір сүрген кезі қазақ - жоңғар арасында екі ғасырға созылған қан қақсатқан соғыстың енді шиеленісіп жатқан кезі еді. Сол кезде ел билеген Есім хан мен Жәңгір сияқты ақылды хандардың арман - аңсары Қарасай сияқты батырлары арқылы жүзеге асып отырды. Ол көптеген соғыстарға қатысып қол бастаған. Қарасай 1664 жылы ақырғы рет 66 жасында қатысты. Осы соғыста Қарасай батыр ауыр жараланып саптан шығады. ның досы Ағынтай батыр да аяғынан жараланып, ақсақ болып қалады. Содан кейін қатты қимылға жарамай Қарасай батыр ел басқару ісіне кіріседі. Сол жылдары қазақ даласы тынышталып, Қарасай өзінің қандыкөйлек дос Ағытайдың аулына көшіп барады. Сонда 1 жыл тұрып 1671 жылы 73 жасында дүниеден өтеді. Сүйегі Арқадағы Айыртау деген жерге қойылды Қарасай батырдың 6 баласы болады. Осылайша Ұрпақтан - ұрпаққа ұран болып қалады. Осы сәтті пайдаланып айта кететін жайт
• ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев осы Қарасайдың тікелей ұрпағы екен. ҚАРАСАЙ — КӨШЕК — АЙДЫР — МЫРЗАТАЙ — ЕДІЛ — САПАҚОЙ — НАЗАРБАЙ -- ӘБІШ — НҰРСҰЛТАН.
• Мәтінде кімдер туралы айтылып тұр?
«Артық болмас білгенің»
• Есім хан - 1598 - 1628 жылдары ел басқарған
• Жәңгір хан Есім ханның баласы, жоңғарларға қарсы соғысқан «ғажайып ерлігі үшін салқам Жәңгір деген ата берген»
• Қарақал, Тойлы – Ойраттың екі тайшысы
(екі жасақтың басшысы, әскер бастаған)
• Ойрат - 17 ғасырда Еділ бойына көшіп келген қалмақтарды ойраттар деп атаған
• Дөкір - жаудың батыры
• Жақсығұл - қазақ мергені.

• Олых - Ойрат батыры


Дәптермен жұмыс
Сөзжұмбақ шешу Батырлар сөзі шығады.
Кинофильм көрсету
Олай болса осы ел қорғаған замандағы батыр ағаларымыздың ерлігі туралы кинофиьмнен үзінді көрейік. «Көшпенділер»фильмі бойынша.
Өмірмен байланыс, шығармашылық жұмыс
Сен де осындай ерлікке дайынсың ба?
«Шыңға қадам» ойыны
• 3 қатарға арналған сұрақтар, 1 топ 2 - топқа, 2топ 3топқа тақырып бойынша сұрақ қояды. Шыңға 1 - шыққан топқа жалауша беріледі.




Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт,
Жаңбыр жауды себелеп,
Жапырақты жамылып,
Жата қалды көбелек.




Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс
Олай болса Қарасайдың ерлігі туралы оқулықтан қараймыз. (Өздеріне оқытам)




Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Райымбек батырың Секерханмен жекпе – жегі




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Әңгімені мәнерлеп, сауатты оқуға машықтандыру. Оқушылардың өз еліне, ата - мекеніне сүйіспеншілігін арттыру. Қазақ халқының батырлары туралы алған мағлұматын көбейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Райымбек бабамыз сияқты батыр, елін, жерін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу.




Психологиялық ахуал

Б Ұ Қ А Р
С А Б А Л А Қ
Б Ө Г Е Н Б А Й
А Р Ы С Т А Н
ӘБ І Л М А Н С Ұ Р
НА У Р Ы З Б А Й
Т Ө Л Е
К И І М

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі: Алматы Талғар маңындағы ұрыстардың жүріп жатқан кезі . Таяуда Жоңғарлар алатаудың батыс сілемінде қазақ әскерлерінен ірі жеңіск ұшыраған болатын . Жеңістің әсерінен болар , қазақ жауынгерлерінің көңілдері көтеріңкі . Айыздарын қандырып айтатындары: соңғы ұрыстағы Каракерей Қабанбайдың қалмақ батыры Қаскелеңнің мойын омыртқасын үзіп түсіргені , Шапырашты Наурызбайың Шамалханды жержастандырғаны сияқты ерлік оқиғалар . Қалмақтар шығысқа арай жөңкіле көшуде. Негізгі қолдары шашырап кеткен олар әр тұста көлемі шағын топтармен қарсылықтар көрсетпек Осыны пайдаланып қазақ қолбассылары Қаракерей Қабанбай мен Шапырашты Наурызбай жастарға көбірек ерік беріп , оларға әскер бастау , жекпе – жекке шығу тәжірибелерін үйретіп жүр . Қалмақтар талғардан өтіп Түргенге таяған жерде үлкен қарсылық көрсетті . Олар әбден бауыр басып алған Есік , Шелек өңірлерін тастап кеткісі келмеді . Бес мыңдай қол жинауға шамасы келген қалмақ алпауыты Секерхан ежелгі алкеуде әдетіне басты .




Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.






Ой толғаныс

Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді. Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында көше бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген.




Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады







Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қаракерей Қабанбайдың Арқауыл батырмен айқасы .




Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: Қазақ батыры – Қаракерей  Қабанбайдың өмірі, саяси қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның  психологиясын ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы батырдың алатын орнын анықтау.

Дамытушылық: Тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың әдісі:     сұрақ – жауап топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р. картасы, әдеби кітаптар, тақырыпқа байланысты плакаттар. 





Психологиялық ахуал

Қабанбай батыр туралы деректер.

Қабанбай батырдың шыққан тегі.




Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.




Қызығушылықты ояту






Мағынаны тану

Мұғалімнің түсіндірмесі:

Қаламақтармен Алакөл маңында ұрыс салып жатқан кез . Жалаулары желбіреп , найзалары көк тіреп , арғымақтары жер тарпып , екі елдің әскері бір – біріне өшіге ентелеп тұр . Екі ортада шағын алаң бар . алаңда еңгезердей біреу ары – бері ойқастап шауып жүр .



  • Жекпе – жек деп айқайлайды ол .

  • Жекпе – жек , жекпе – жек! – деп шулайды артындағы қалың қол .

Бұл – қалмақтың арқауыл деген батыры еді . Ол жас , небәрі жиырманың ішінегі жігіт болатын . Ортаға шыққан ол:

Қабабай шықсын – деп айқайлады. Әдетте сайысқа түсер батырдың қарсыласын өзі таңдап шақыруы дәстүрде бар . Бірақ оның өзінің қалыптасқае қағидалары болатын. Батырлар жас шамаларына қарай өз теңдестерімен күш сайыстыратын . Жас қалмақтың дәсүрді бұзып , бұл кезде жасы алпысты алқымдап қалған Қабанбайды атап шақыруы қазақтардың ызасын келтірді . Қаракерей Қабанбай соғысқа қатысқан қырық жыл қырғын ішінде жекпе – жекте онымен күш сынаса алатын батырлар қалмақта болған жоқ . Қабанбай батыр кейде ұрыс даласында бірнеше күн қатарынан жекпе – жекке шығып , жаудың бірнеше батырыын омақастырған күндер болған . Қазақтың хас батырына ессі кетпеген қалмақ қолбасылары мен рулары кемде – кем еді . Мына қылықтары қалмақтардың Қабанбайдың жасы ұлғайған шағында білек күшінің қайнар кезі келген шығар деп , оның көзін жас батырдың қолымен құрту мақсатын көздеген далбаса болатын .






Сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.






Ой толғаныс

Өлең шығару.
______________ батырды
______________ тағдырды
______________қалдырған
______________балдырған





Үйге тапсырма

Мазмұндау .

Күнделіктеріне жазып беремін




Бағалау


Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Бағалау парақшасын толтырады.




Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет