Еңбек
|
|
|
|
Сабақтың атауы
|
Қағаз және қатырғықағазбен жұмыс
Қатырғықағаз туралы қысқаша мағлұмат
Қатырма қағаз таспасынан тоқылатын бұйымдар
|
Сілтеме
|
Еңбек оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
түрлі-түсті қатырма қатырма қағаз, желім, қылқалам, қайшы.
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Оқушыларға қатырма қағаздан себет тоқуды үйрету. Танымдық қабілеттерін дамыту. Ептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім келесі оқушыға үлкен жүректі ұсынып тұрып,бүгінгі күніне сәттілік тілейді. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
|
Мұғалімнің түсіндірмесі
|
Себет тоқу жұмысы қағаз таспаны тіктеп тоқудан басталады. Мұндай тәсілмен қорап, себет, сандықша сияқты бұйымдарды тоқып алуларыңа болады. Тоқудың екінші түрі - таспаны қиғаштап тоқу. Бұл тәсілмен дайындалатын бұйымдар сәнді көрінеді.
|
Мағынаны тану
|
1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап 3.Практикалық жұмыс. Жұмыстың орындалу реті: 1.Түрлі-түсті қағаздан ұзындығы 20 см, ені 15 см тік төртбұрыш қиып аламыз. Ол қораптың негізі болады. 2.Қағаздың жиектерінен 5 см-ден қалдырып отырып, сызық жүргіземіз. Бұрыштарындағы артық бөлшектерді қиып, алып тастаймыз. Қорап қабырғаларын бүктеу сызықтары бойынша ішке қарай қайырамыз. 3.Ені 1см-ге тең болатын жолақтар сызамыз. Оларды бүктеу сызығына дейін қиямыз. 4. Қорап қабырғаларын 3-суретте көрсетілгендей етіп ені 1см ұзын жолақтардың көмегімен тоқимыз.
|
Сергіту сәті
|
Еңбек етсең терлеп оның аты – еңбек,
Гүл өсірсең терлеп оның аты – еңбек,
Кесте тіксең зерлеп оның аты – еңбек,
Ағаш ексең терлеп оның аты – еңбек,
Қиындықтың бәрін еңбек қана жеңбек.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Жасаған қораптарың әдемі шықты ма?
|
Үй тапсырмасы
|
Жұмысты үйде аяқтау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|