Сабақтың атауы Бабалар мұрасы Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу



бет21/22
Дата26.06.2018
өлшемі1,28 Mb.
#45078
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22









3-сабақ

Сыныбы

6

Пәні

Музыка

Сабақтың тақырыбы

Құрманғазы жайлы бір толғау



Жалпы мақсаты

Күй атасы - Құрманғазы күйлерін тыңдату арқылы, терең мағлұмат бере отырып, өнер адамына деген құрмет сезімін тудыру
Оқушыларды күйші Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолы және күйшілік шығармашылығымен таныстыру.


Сілтеме

Музыка 6- сынып. Түрлі тапсырмалар,

Оқыту нәтижелері

Күй өнеріне баули отырып, ой өрістерін дамыту және күй жанрына қызығушылықтарын арттыру арқылы өнерге деген армандары артады Тақырыпты меңгереді

Өз-өзін бағалауды үйренеді.



Негізгі идеялар

Көру, ойлау, байқау, түсінуді дамытуға көмектеседі.

Қызығушылығын арттыру

Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен танысамыз?

Сұрақтарға жауап беру?

- Ән, күй, би, жыр

- Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге.

-Өнер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз

«Өнерлі бала - сүйкімді»,

Өнерліге - өріс кең.

- Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын не дейміз?

- Әрине әнші, күйші, биші, жыршы.

«Аман, бол шешем, аман бол»- Құрманғазының, күйін тыңдау.

- Балалар, бұл қандай күй?

- Кімнің күйі деп ойлайсыңдар?

Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді «арнау күйлер»- деп атайды. Соның бірі – Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шеше, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай - ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді.

Иә, балалар, бұл күйдің авторы - қазақтың халық композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбаев. Әрине бүгінгі жаңа сабағымыз «Күй атасы - Құрманғазы» туралы өтеміз. Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор.



Тапсырма көздері





Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Сандар арқылы топқа бөліну

ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 - 1889 )


Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы - Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды. Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр - сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30 - жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден қашқан", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік - психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым - бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген. Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар.
"Адай" күйінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік - психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Тыңдату: «Адай» күйі Күйді талдау. Күйдің характерін ашу.
Ән. «Туған ел»
Тыңдату. Ө. Байділдаев «Туған ел» Дауыс жаттығуы. До - мажор гаммасы
4, 5, 6 жалқаулық артта қалды.
7, 8 еңбек пен білім егіз,
9, 10 тапсырманы орындаған жөн.
Бекіту. Деңгейлік тапсырма:
1. Топтастыру әдісі.
Құрманғазы кім?
Құрманғазы → композитор, күйші, төкпе күйдің шебері, орындаушы

.«Миға шабуыл»

Топтық жұмыс.

1топ – Құрманғазының өмірі.

2 топ – Құрманғазының күйлері.

3 топ- «Адай» күйінің шығу тарихы.

Сабақты қорытындылау.

Сұрақ - жауап:

1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық?

2. Құрманғазының қандай күйлерін білеміз?

3. Музыка дегенде не ойлайсың?

4. Өнер деген не?

5. Күй тартатын адамды кім дейді?

6. Құрманғазы шәкірті кім?

Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Қазақ халқының күйшілік дәстүрін дәріптеген ата-бабаларымыздың еңбегін жас ұрпақ бойына сіңіру Сіз бен біздің алдымызда тұрған міндет деп білеміз.



.Топтық жұмыс. Оқушылар жаңа тақырыпта білетіндерін постер арқылы қорғайды. Тақырыпқа шолу жасайды.

Бағалау

Оқушылар өз-өздерін таратпалы кағаз арқылы бағалайды. Жиынтық бағасы қойылады.

Үйге тапсырма: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығы. Жаңа әнді жаттау.

Бағалау.


Кері байланыс

  1. Білемін

  2. Білдім

  3. Білгім келеді




Үйге тапсырма

Оқулықтағы «Құрманғазы жайлы бір толғау» туралы оқу, іздену



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет