Сабақтың атауы Бабалар мұрасы Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру,топтық жұмысқа бейімдеу



бет22/22
Дата26.06.2018
өлшемі1,28 Mb.
#45078
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22



4 сабақ




6 сынып

Сабақ тақырыбы:

Аңыз болған Құлагер

Жалпы мақсат:

Тақырыпты зерттеу арқылы ой өрістерін дамыту

Сабақтың мақсаттары

Ақан шығармашылығына түсінік бере отырып, “Құлагер” өлеңін оқу

 “Құлагер” өлеңі мен әнінің шығу тарихын оқушыларға түсіндіру




Күтілентін нәтижесі:

Дұрыс сөйлеуге үйренеді;Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі;Оқушының сыни ойлауы қалыптасады Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.

Негізгі идеялар:

Сабаққа қызығушылығын арттыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, маркер

АКТ


Интерактивті тақта

Оқыту әдістері:

Интерактивті оқыту әдістері

Миға шабуыл

Конвер- сұрақ әдісі

Жұпты әңгіме

Жигсо әдісі


  • Топтық жұмыс

  • Жұптық жұмыс

  • Шығармашылық жұмыс

Дерек көздері:

«Адам мүмкіндік-тері» тақырыбына берілген материалдар:

www.РефератOff.kz

www.art.kz


Тапсырмалар:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Ой қозғау.

ІІІ. Мағынаны тану.

ІV. Топтық жұмыс.

V. Шығармашылық тапсырма


Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

І Ұйымдастыру



Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін

Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Сынып оқушылары бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

ІІ Өткен сабаққа қысқаша шолу
«Мен – саған, сен- маған» әдісі арқылы сұрақ -жауап алу (диалогтік оқыту)


Әнші - ақындар тобын шолу

Әдебиеттанушылар мен өнертанушылар тобы өз дайындықтарын көрсетеді.


Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді (шығармашылығы жөнінде).

Білімдеріне қарай бағаланады.




Сұрақтарға келесі топ оқушылары жауап береді

ІІІ Білу ,тану

Уикипедия сайтынан алынған деректі талантты, дарынды оқушы түсіндіреді



Қазақтың әнші – ақындарының ішінде өмірімен де, өнерімен де ереше тұлға Ақан Қорамсаұлы – халық мәдениетінің көрнекті өкілі. Ақан серінің шын аты - Ақжігіт. Ата - анасы Ақан деп еркелетсе, елі сері деп ат берген өнерпаздың тұлғасы әркез биік. Ақан жақсылық, жамандық, адамгершілік, махаббат, сүйіспеншілік, дүние, қоғам, жаратылыс жайын, жүрек мұңын сырлы әнмен жеткізген суреткер, әнші, ақын - сазгер. Сегіз қырлы, бір сырлы, әнші, күйші, сазгер Ақан өмірін көптеген ақын - жазушылар шығармаларына арқау еткен.

«Құлагер» кинофильмінен үзінді көрсету.

Ақанның қыран құсы - Қараторғай, жүйрік тазысы - Базаралы, ел аузында аңыз болған сәйгүлігі – Құлагер.

Ақан Құлагердің маң - маң басқан жүрісіне көңілі толып, "Маңмаңгер" деген ән шығарады.

"Маңмаңгер" әнін тыңдату.

30 жастан асқанда ақын бірнеше қайғыға тап болады. Сүйген жары Ұрқиядан айырылады, қыраны Қараторғайы, құмай тазысы Базаралы өледі.

1876 жылы Сағынайдың асында Ақан Құлагерді бәйгеге қосады. Үш жүз аттың алдында қара үзген Құлагерді Ақанмен өштескен Батыраш, Қотыраштар өлтіреді. Ақан Құлагер өлімінен кейін мылқау ұлы Ыбанмен Қоскөлде елден жырақ өмір сүреді. Құлагерді жоқтап, «Құлагер» әні дүниеге келеді. Әнде ақынның ішкі жан сыры, күйзелісі, психологиялық толғанысы терең суреттеледі. Құлагерге қатысты тұстың бәрін тізіп жырлайды.

Құлагер, құлыныңнан керім едің,

Нағашым сұрағанда беріп еді.

Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,

Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің...

Ақын өлеңінде ішкі күйініші, Құлагерді қимау, өткен күнді сағыну, Құлагерсіз өмірге

көндігу де бар.
Ақын Ілияс Жансүгіров:

Көргенде ол мынадай сұмдық істі.

Үстіне Құлагердің құлап түсті.

Білмеді не болғанын, айрылды естен,

Аймалап Құлагердің басын құшты.

Құлагер қорқырайды қаныменен.

Ақан да шырқырайды жаныменен.

Егіліп, төгіледі Ақан сері,

Зарлаған Құлагердің әніменен...

деп Ақан зар қылады:

Осылай Ақан зарлап жылап жатты.

Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.

Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,

Айырылды ол, аттан - жақсы, достан - тәтті.

Аспанда күн күйігіп, күйді қатты.

Өкіріп жел мен жер де жылап жатты.

Ереймен бұлақтары көлге жылап,

Серіге көл күрсініп көңіл айтты...

Қазақтың жиылған халқы тіпті тау мен тасы, жері мен көлі, ұшқан құсы да ақынның тілімен Ақан үшін зар қаққандай әсерлі бейнеленеді. Құлагердің қазасы Ақанның әнін туғызбай қоймайды. Ақан Құлагерім деп жоқтау әнін төге жөнеледі. Бұл ән естіген халықтың жанын қайыстырғандай болады. Ел аузында Ақан мен Құлагер ат аңыз болып мәңгіге сақталады. Ақын Ілияс Жансүгіров:

Аты өліп, астан Ақан шаршап қайтты.

Ауылға оның әнін малшы ап қайтты.

Ел-елден Ерейменге жиылған жан,

Еліне «Құлагер» деп ән сап қайтты...

Біліп ал!

Ілияс Жансүгіров – (1894-1938) Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ілияс жасынан әкесі мен ауыл молдаларынан сауат ашқан. Ол 1928 жылы Мәскеудің журналистика институтын оқып тауысады. Ол алғашында мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Кейін келе көптеген қазақ баспаларында қызмет етеді. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесіледі. Ілияс Жансүгіров нағыз Отаншыл, елі мен жерін шынайы сүйген қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын. Ол өзінің соңында көптеген өлеңдер мен поэмалар, пьессалар мен романдар жазып қалдырды. Әсіресе оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын халық сүйіп оқиды.

Білесің бе!

Ақан сері – (1843-1913) бұрынғы Көкшетау облысында өмір сүрген. Ақанның шын аты- Ақжігіт Қорамсаұлы. Ол жасынан ауылдың молдасынан, сонан соң Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. Ол Біржан салды ұстаз тұтқан. Халықтың ел еркесіне айналып ол сері атанған. Ол өзінің ізінде көптеген әндер қалдырған. Атап айтсақ, «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша», «Қараторғай», «Құлагер» т.б


Қолдану

«Бейнесюжет»





Толғану. Ақан

Тасқанда ,тау суындай көңіл жыры, Бурабай бір таза жер « пері» жүрген...

Қазақтың сусындасын ойы-қыры. Онда жоқ жын мен сайтан өріп жүрген,

Бұрқырат кер бұлаңды кең далаңа , Ағашқа атын байлап көлеңкелеп,

Бастырмай шөпке-шарға тоқтап құры. Ақан ғой анда-санда келіп жүрген.



Магынасын

ашу



Туған жер. АС

Мен өзім тауда туып,тасында өстім, Бастады әңгіменің былай басы,

Жасымнан мұз төсеніп ,қарды кештім, Болды оған жетпіс сексен жыл шамасы.

Асқарда Аршалыға қозы жайып, Арқада Ерейменді мекен еткен

Бұлыттың аспандағы қасында өстім. Керейййде Сағынайдың бопты асы.

Екі топ суденттері бірінің сөзін бірі жалғап ,бөлімдер бойынша мазмұнын ашады.

«Құлагер «әні тыңдалады.

Мінездеме Ақан ,Батыраш бейнесі


Талдау

Құлагер» әнін тыңдату.

«Құлагер» - Абайдан кейінгі ат сынын суреттеген өлең. Ол ат пен өнер жүйрігі әшкерелейтін, ішкі жан күйзелісті көрсететін өлең.

1. «Құлагер» өлеңін жаттау.

2. «Халқының ардақтысы – Ақан сері» тақырыбында ойтолғау жазу.

Ақан серінің «Құлагер» әнін Қайрат Байбосыновтың орындауында тыңдап көрелік! Әннің сипатын анықтау.

Дауыс жаттығуларын жасау.

Ән айтайық: Ақан сері «Қараторғай»

-Әнді үнтаспадан тыңдату;

- Әннің мағынасын ашу;

- Әнді фраза бойынша үйрету;

- Хормен үйрету

- Топқа бөліп айтқызу;

- Жеке оқушыларға орындату;

ІІІ. Ой толғаныс

Серпілген сауал:

1. Ақан серінің Құлагер атын жырға қосқан кім?

2. Не себепті Батыраш бай Ақан серімен өштеседі?

3. Ақан сері Құлагер атынан қалай айрылады?

4. Ілияс Жансүгіров Құлагердің өлімін қалай бейнелейді?


Сыни ойлана отырып

Жинақтау





«Кім жылдам»
Шарты: Тақтада аяқталмаған сөйлемдер тұрады, әр оқушы сөйлемдерді жалғастырып жазады.
1. Бүгін мен білдім.............
2. Маған қызықты болды..............
3. Қиын болды.....................
4. Мен түсіндім...................
5. Енді менің қолымнан келеді.........
6. Мен сезіндім....................
7. Мен үйрендім..................
8. Мені таң қалдырды.........
9. Мен жасапкөремін.........

Бағалау

БҮҮ кестесін толтыру

БҮҮ кесесін толтырады

білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді













Бағалау

Қорытынды баға қою

Күнделікке бағаларын қойғызу.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерін айту

Сабақтан алған әсерін айтады

Кейінгі тапсырмалар

Құлагер поэмасын оқыту




Пәні:

Музыка

6-сынып

5 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Күйге тіл бітірген Қазанғап

Сабақтың мақсаты:


Оқушыларға күй шешені Қазанғап өмірін түсіндіре отырып, күйлерін тыңдату арқылы күйлерінің мазмұнын түсінуге, өз ойларын ашық айтып, пікірлерін еркін сөйлеуге баулу

Күтілетін нәтиже:


Жаңа сабақ бойынша жаңа өнер туындыларымен танысады сұрақ- жауап арқылы өз ойын, пікірін еркін жеткізе білуге дағдыланады, жеке, жұптық, топтық жұмыс барысында ынтымақтастыққа, өзінің оқуына деген жауапкершілік сезімдерін дамытады


Сілтеме:


Оқулықтан, суреттерден,интернеттен, т.б.

Ұйымдастыру кезеңі:



Оқушыларды түгендеп, құралдарын тексеру.

Топ ережесін еске түсіру.






Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті.

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу және түгендеу.

2.Әріптер жазылған қағазды тарату арқылы топқа бөлу

3.Топ ережесін еске түсіру.


Оқушылар сәлемдеседі, жоқ оқушыларды айтады.

Әр топқа әріптер жазылған, сол әріптерден тегі басталатын балалар сол топқа барып отырады.

Топ ережесін айтады.


Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру.

-Музыка өнерінің қандай түрлері бар?

-Күй деген не?



Үйден салған суреттерін тексертеді және әр топ сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.
Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.
Ал, «Майда қоңыр», «Учитель», «Өтті-ау дүние», «Көкіл» сияқты күйлері өмірдің мәні мен сәні туралы, бүгін мен болашақтың қамы туралы таусыла толғанады.
Қазағымның күмбірлеген домбырасының шанағынан төгілген әуеннің айтары мол. Сөзбен айтып жеткізе алмас сырың да, көкірекке сыймас құлазыған көңілің де, шаттыққа толы қуанышың да домбыраның жансыз тілімен-ақ жүрекке жетеді. Құлан қуып, қаза болған хан баласының қайғылы хабарын естірткен де "Ақсақ құлан” күйінің құдыреті. "Аман бол, шешем, аман бол!” деп Құрманғазыны анасымен қоштастыратын да осы домбыра. Ал, жансызға тіл бітіріп, сөйлететін, сезім мен санаңды оятып, жүрегіңе жеткізетін арқалы талант иелері – күйшілер, домбырашылар... "Мынау біздің ұлттық өнеріміз, мынау біздің күйіміз!” деп әлемдік мәдениет деңгейінде мақтана аламыз.
Қазақтың күй өнерінің негізін салып, бүгінгі күнге жеткізіп кеткен күйші бабаларымыз аз емес. Қазақ даласының әр өңірінде туған олардың әрқайсысы өзіндік стилімен ерекшеленеді. Құрманғазының, Тәттімбеттің, Сүгірдің, Динаның, Абылдың, Дәулеткерейдің өздеріне ғана тән күйшілік дәстүрі болған. Сондай дербес мектептің негізін қалап кеткен халық күйшісі – Қазанғап Тілепбергенұлы. Мұны академик Ахмет Жұбанов та "Қазақ домбыра өнеріндегі жеті мектептің бірі – Қазанғап дәстүрі” деп атап көрсеткен.

Музыкалық шығарманы тыңдау: «Ақсақ құлан»күйі

Музыка тыңдау ережелері:


Тапсырма

Әр топқа тақырыпқа байланысты сұрақтар қоямын.

- Музыка тыңдау.

Қазанғаптың күйі «Құс қайтару».
Ән үйрену.
Қошақаным қайда екен?

Сөзі: С.Асанов

Әні: Ә. Бейсеуов.

Жазда атамның аулына, Тентек құлын тебер деп,

Барып едім қыдырып. Бұзаулармен бір ме екен.

Бір қошақан алдымнан Жазда және келер деп,

Шыты ойнап жүгіріп. Мені күтіп жүр ме екен?
Қайырмасы:
Ақ маңдайлы ай ма екен?!

Арқа жүні майда екен.

Кеттім оны сағынып,

Қошақаным қайда екен?


Домбыра үйренейік.

Домбыраның қағыстары. Постер қорғау.




Өздері ақылдаса отырып, сұрақтарға жауап жазып және күзгі пейзаж көрінісінің суретін салады.

Әр топ ортаға шығып постер қорғайды.




Сергіту сәті

Дене қимылдарын музыкамен жасату.


Сергіту сәтін орындайды.

Пысықтау

Музыканы ден қойып тыңда

* Музыканың тақырыбы не туралы,көз алдыңа елестете біл.

Музыкалық сауат ашу:

Күй - музыкалық аспапта орындалатын шығарма.

Күйші - күйді орындайтын адам.

Күйші- композитор күйді шығарушы.

Қорытындылау :

* Қазақтың күйші композиторларын ата.

* Домбыра аспабына жазылған қандай күйлерді білесің ?
Үйге тапсырма:

* Күйге тіл бітірген -Қазанғап




Әр топ тапсырмаларына байланысты топтық және жеке жұмыстар орындады.

Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қорытындылау.

Сұрақ -жауап

- Біз бүгінгі сабақта не үйрендік?


Оқушылар сұрақтарға жауап берді.

Кері байланыс

Екі жұлдыз, бір тілек жазу.


Тілек, ұсыныстарын жазады.

Үй тапсырмасы

Интернеттен, газет-журналдардан күзгі пейзажға байланысты суреттер қарау және суреттер салу.


Тапсырмаларды жазып алады.

Бағалау

Топтық және жеке бағалау.

Оқушылар бағаланады, күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

Музыка қмж омж

Әр сыныптың 1 жылдық сабақ жоспарлары 1000 теңгеден

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне

не Каспийбанк депозиті арқылы ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып 



осы номерге телефон соғып, қажетті сабағыңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті сабақты жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған сабағыңыздың толық нұсқасы салынады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет