Жаңа сабақ
|
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Айтыс ақындарының өлең үлгілері көбіне – көп он бір буынна құралады. Он бір буынды өлеңнің әрбір тармағы белгілі бір ойды білдіріп, толық мазмұнды құрайды. Он бір буынды өлең түрін қазақтар қара өлең деп атайды.
Он бір буынды өлең құрау үшін жеті буынды өлеңдегі ұйқас сөздердің алдына мағынасына сай етіп, төрт буынды сөз тіркейміз. Төрт буынды сөз бір немесе екі сөзден тұруы қажет.
Он бір буынды өлең. Бұл — қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі. Есте жоқ ерте замандағы ауыз әдебиетінің әсем үлгілерінен осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін, баяғы суырып салма сөз сайысынан қазіргі қолма-қол экспромтқа дейін, кешегі “Қаратау-дың басынан көш келедіден” (Халық әні) бүгінгі “Ассалаумағалайкүм Алатауыма” (Мақатаев) дейін он бір буынмен жазылмаған өлең жоқ. Өзі бір әдемі өлшем: үнсіз оқысаңыз үйіре жөнеледі,
282
дыбыстап оқысаңыз көкірегіңізді күйге бөлеп, тіпті ән .салғыза жаздап, әлдилей тербеп тұрады:
4 3 4
/Құлагердей/. /алдымда/ /бүкіл еңсең/
3 4 4
/Тұратын/ /жыр бейнесін/ /күтіп өңшең/
4 3 4
/Маңдайына/ /қазақтың/ /өлең бітсе/
3 4 4
/Өлеңнің/ /маңдайына/ /бітіп ең сен/
(Г. Есімжанов.)
Әлгі қасиетінен болуға тиіс, бунақтары ылғи бұлайша араласа бермей, буын сандарына қарай ықғайласа текшеленіп, кібіртіксіз қылаң ұра қатар түзеп, әлдебір әнге бейім ағыммен татаусыз төгіліп тұрады.
3 4 4
/Бір солдат/ /туған жері/ /Қарабалық/
3 4 4
/Майданнан/ /оралыпты/ /жараланып/
3 4 4
/Питерді/ /өз көзімен/ /көрмек болып/
4 4
/Қалыпты/ /достарынан/ дараланып/
(Қ. Жармагамбетов.)
Бұл шумақтың бас бунағы үш буын да, басқа бунақтары төрт буыннан түзіліп тұрса, мына төменгі шумақта үш буынды бунақ түп-түгел өлең, тармағының ортасына көшіп кеткен:
4 3 4
/Туған елім/ /күн сүйген/ /Қазакстан/
4 3 4
/Түлегіңмін/ /төріңді/ /қалап ұшқан/
4 3 4
/Сырлы қобыз/ /жүрегім/ /күй толғайтын/
4 3 4
/Саған арнап/ /соғыпты/ /қазақ ұстан/
(М. Айтхожина)
Ал мына шумақтағы үш буынды бунақтар әр жолдың аяғына сусып шығып, ырғақ қана емес, ұйқас арқылы да үндесе жымдасқан:
283 4 4 3
/Көкше қандай/ /көктем қандай/ /май қандай/
4 4 3
/Айнакөлді/ /айдан қиып/ /қойғандай/
4 4 3
/Түкті кілем/ /тоқып шебер/ /табиғат/
4 4 3
/Оқжетпестің/ /етегіне/ /жайғандай/
Т. Әбдірахманова.)
Буындардың бұлайша симметриялы тізбектелуі тегін емес, мұнда, шынында да, ертеден келе жатқан бір жазусыз заң бар тәрізді. “Ертедегі қазақ өлеңдерінің қай түрі болсын әнге келеді,— дейді профессор . Б.Кенжебаев,— баяу, желдірме, шырқама әнмен айтылады, оқылады. Әсіресе, қара өлең шырқамалы, ырғақты әнмен айтылады”. Бұл — дұрыс пікір.
Қара өлең демекші, он бір буынды өлеңді Шоқан Уәлиханов үш түрге бөліп, той-думанда, ойын-сауықта айтылатын, әр шумағы төрт тармақты әзіл, әжуа, жұмбақ, айтыс өлеңдерін — қ а й ы м ө л е ң, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” сияқты ұзақ дастандар мен хиссалар әуенін — қ а р а ө л е ң, өз тұсындағы ақындар қолданып жүрген өзге машықтың бәрін — ө л е ң атағаны * мәлім. Шоқан пікірінің теориялық құнын өз алдына қойып, тек тарихтық байыбына барғанның өзінде, он бір буынды өлең — қазақтың акындық өнері баяғыда туғызған, қалыптастырған, дамытқан етенё, тума өлшем, адамдардың қуанғанда әні, қайғырғанда мұңы болған, қашаннан көңілдегі сырын, өмірдегі шындығына сәулелендірумен келе жатқан, аса икемді, сұлу, сазды да назды өлең. Бұл өлшемнің ықлым ғасыр жасаса да, көнеру орнына жаңарып, қартаю орнына жасарып 'келе жатуы да сондықтан. Бүгінде де бұрынғыша он бір буынмен жазбайтын қазақ ақыны жақ. Бүгінде де бұрынғыша он бір буын әрбір талантты ақынның ешкімге ұқсамай, тек өзінше, тек өз өзгешелігімен ғана жазуына ешқашан кедергі болған емес, болмайды да; бұл өлшемнің мүмкіндігі мол, ғұмыры ұзақ болу себебі де сондықтан.
Дәптермен жұмыс.
Қане , жас ақыным, он бір буынды өлең құрауға көшейік!
Үлкендеу Ғазиз деген бала болда,
Киімі үстіндегі ала болда.
Жүргені әп-әдемі дала болды,
Арманы ол баланың қала болды.
Айтыс ақындарының өлеңдері көбінесе он бір буыннан құралады.
Өлең құрауда мына ерекшелікті есіңде сақта. Он бір буынды бір шумақ өлеңнің үшінші тармағы ұйқасқа құралмайды. Өйткені, үшінші тармақта айтылатын ой төртінші тармақта жалғасын
|