Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет59/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

М. Төрежанов. Бұлбұлдың әнi

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

а) білімділік: мәтіннің мазмұнын меңгертіп, бұлбұл құстары туралы түсініктерін тереңдету.
ә) тәрбиелік: табиғатты аялауға, құстарды қорғауға, жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу
б) дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын, көркем сөйлеу дағдысын дамыту. Көз алдында елестету арқылы есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: дамытушылық, сұрақ - жауап, түсіндіру, ой қозғау.
Пәнаралық байланысы: Дүниетану, өмірмен байланыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, портрет, интерактивті тақта, эмблема

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1 Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу - құралдарының әзірлігін тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қане барлығымыз оқу - құралдарымызды дайындап алайық. Бүгінгі сабақта түгелміз бе?
Олай болса, қазір бізде ана тілі сабағы. Яғни, бұл сабақ жай сабақ емес. Себебі бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан ерекше болмақ.
- Балалар, кім біледі спорт әлемінде қандай жаңалықтар болып жатыр?
- Сочи 12 - қысқы Олимпиадасы.
- Дұрыс айтасыңдар, ол жарысқа біздің қазақстандық отандастарымыз да қатысуда. Соның ішінде мәнерлеп сырғанаудан отандасымыз ІІІ жүлделі орынға ие болды. Ол Денис Тень. Бүгін сабаққа қатысқан оқушыларды бағалауымыз да өзгеше екен деп 5 - алтын медаль, 4 - күміс медаль, 3 - қола медалін қолдану арқылы жүргізілетінін хабарлау.
2. Қызығушылығын ояту.
Жаңбыр дыбысы, күннің күркіреуін таспадан тыңдату және бейне материалды қарау.
- Балалар, бұл қай кезде болады?
- Бейне жазбадан нені көрдік?
- Жаңбыр.
- Олай болса, қане, кім үй тапсырмасын айтады, үйге қандай тапсырма берілді?
а) Жаңбыр өлеңін жатқа айту және эссе жазу.(Балалардан үй тапсырмасын сұрау), эссені оқыту.
Жаңбыр жауды далада,
Аспанды бұлт торлаған.
Күннің көзін ашайық,
Жерге шуақ шашайық.
ә) Үй тапсырмасын бекіту.
- Балалар жаңбырдың қандай түрлерін білесіңдер? (Нөсер жаңбыр, ақ жауын, соқыр жаңбыр.
- Дүниетану пәнінен белгілі, аспанды қандай бұлт торлағанда жаңбыр жауады? (Будақ бұлт және қабат бұлт)
- Жаңбырдың бізге қандай пайдасы бар екен?
ІІІ. Ой қозғау
- Жаңбыр жауып басылғанда табиғатта қандай құбылыс болады?
- Кемпірқосақты көргендерің бар ма?
- Неше түстен құралған?
- Аспанда нелердің дауысы естіледі? (Жәндіктер мен құстардың)
- Қандай құстарды білесіңдер?
(қаз, торғай, әтеш, сауысқан, бозторғай, қарға, бұлбұл)
- Оларды қандай топтарға бөлуге болады?
(дала құстары, үй құстары т. б.)
- Құстар қалай дыбыстайды?
(қаз қаңқылдайды, торғай шиқылдайды, әтеш шақырады, қарға қарқылдайды, бозторғай шырылдайды, бұлбұл сайрайды)
ІV. Қызығушылығын ояту. Бұлбұл үнін тыңдау бейнебаянымен
Балалар, олай болса бәріміз тақтаға қарай отырып, мына дыбысты тыңдап көрейік.
- қандай құстың үні ерекше естіледі?
- демек, мынау қандай құстың суреті екен?
Бұлбұл - әнші құс. Оның екі түрі болады.
1) дала бұлбұлы
2) тоғай бұлбұлы
- Бұлбұл қандай құс екен? (Әнші)
- Ал, сендер қазақтың қандай бұлбұл әншілерін білесіңдер ме?
- Қазақтың бұлбұл әншілері - Күләш Бәйсейітова және Бибігүл Төлегенова.
Және өзіміздің Арыс қаласынан шыққан Нұржамал Үсенбаева апамыз да бар екен.
V. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз Мәдіхат Төрежановтың «Бұлбұлдың әні» атты әңгімесі. Барлығымыз мына портретке мән берейік. ( Тақтада Мәдіхат Төрежановтың өмірбаяны мен портреті ілінген)
1921 ж. Ақмола(бұрынғы Целиноград) Аққол ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген, жазушы. 1986 жылдан КСРО жазушылар одағының мүшесі. Оның «Қолғабыс», «Кішкентай бағбан». «Еңбегіне қарай»атты шығармалары бар.
1. Мәтінді оқушылар тізбектеп оқу.
2. Мәтіннің мағынасын ашу.
3. Сұрақ – жауап арқылы пысықтау.
- Мәдіхат пен Әбдеш қайда келе жатты?
- Олар неге көп сөз таластырады екен, мақсаты неде? Қалай ойлайсың автор дұрыс істеді ма?
- Неге бұлбұл сұңқылдапты, себебі неде екен?
- Көңілденген бұлбұл не істеді?
4. Мәтінді рөлге бөліп оқыту.
3. Мәтінді бөліктерге бөлу.(Тоғай ішінде. Бұлбұлдың ұясын қоруы.. Бұлбұлдың тамылжыта сайрауы.)
1). Біздің отбасымызда атам әжемнен кейін оянады, әжем мысықтан кейін оянады, ал мен атамнан кейін оянамын. Кім ерте, кім кеш тұрады?
Жауабы: 1 - мысық, 2 - әжем, 3 - атам, 4 - мен.
2). Әкем, мен, шешем үшеуіміз суретке түстік. Әкем шешемнің сол жағында, мен ортада отырдым. Мен шешемнің қай жағында отырдым?
Жауабы: сол жағында
VІ. Топтастыру. Бұлбұл қандай құс екенін сипаттау.
Х. Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс.
Үй құстары. Дала құстары.
ХІ. Сабақты қорытындылау.
INSERT кестесі
Не білемін? Нені білдім? Білгім келеді?

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

О. Сүлейменов. Тұңғыш ғарышкер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты  мен міндеттер:  мәтіндерді оқу арқылыоқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,

1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу, мәтіндерді талдау дағдыларын қалыптастыру;рөльге бөліп оқу дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық:талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;         

3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі         : жаңа тақырыпты таныстыру сабағы             

Көрнекіліктер: Гагарин, Тоқтар суреттері

Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау


Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Осы біздер қандаймыз?
- Талабы биік таудаймыз!
- Біз нені ұнатамыз?
- Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
- Қалай оқимыз?
- Көп оқимыз. Терең оқимыз.
- Жанып тұрған шырақпыз.
Толқынды су бұлақпыз.
- Біз кімбіз?
- Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Аналарға бас иетін
Елтаңбасымен еңселі,
Туымен тұғырлы,
Әнұранымен айбатты –
Қазақ елінің болашағымыз!

Үй тапсырмасын сұрау.


М. Төрежанов: «Бұлбұлдың әні» әңгімесін мазмұндау.
1 – топ. Көрініс көрсету.
2 – топ. Бұлбұлды сипаттау.
3 – топ. Автор туралы мәлімет.

Қызығушылықтарын ояту:


Сабақ бастамас бұрын, топқа бөлініп, ат қойып алайық. Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, қай топ жұмбақтың жауабын дұрыс тапса сол топ атты иеленеді.
1. Таңмен көзін ашады.
Әлемге нұрын шашады. (күн)
2. Қараңғыда жымыңдай, жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады. (жұлдыз)
3. Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреді бірге. (ай)
Әр топ өз топтары жайлы айтып өтеді.
Күн - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун.) планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан, шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі.

Ай – Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен айналады. Ай Жер тәрізді, диаметрі 3476 км (Жер диаметрінен 4 еседей аз)

Жұлдыз – өте күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді.

Телескоп туралы видео көрсету.

Жаңа сабақ:
- Балалар, тақтадағы өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастырсақ бүгінгі өтетін тақырыбымыздың аты шығады.

Тұң ---------- ғыш ---------- ға ----------- рыш ---------- кер


70*2 -------- 490: 7 -------- 8*5 ---------- 120: 40 ------ 10: 10

«Ой қозғау»


- Ендеше, біз бүгін Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін өтеміз.
- Тақтаға қарайықшы балалар, Ғарышкер сөзін сөз құрамына талдайықшы.
- Сөз құрамы неден тұрады?
- Түбір мен қосымшадан.
- Ғарышкер қай сөз табы?
- Зат есім.
- Балалар, Ғарышкер дегеніміз кім?
Ғарышкер – ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.
- Қандай ғарышкерлерді білеміз?
- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
- Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
- Қалай аталады?
- Байқоңыр.
Картадан Байқоңырды көрсетеді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Адам ерте кезден - ақ Ғарыш денелерінің Жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп, білуге тырысқан.
- Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде және ғарыштан алынған ақпараттардың шаруашылық үшін қандай маңызы бар?
1 – оқушы. Негізгі ғарышқа жол 1957 жылы 4 – қазанда ашылған.
2 – оқушы. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Азғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылады. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық стансалар да бар.
3 – оқушы. Автомат стансалар күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды.
4 – оқушы. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына суреттер ауа райын күн ілгері болжауға, аса апатты құбылыстардан алдын ала сақтануға мүмкіндік береді.
5 – оқушы. Жасанды серіктер арқылы телехабарлар беріледі, алыс жерлермен радио, телефон байланыстары жүргізіледі.
6 – оқушы. Ғарыш құрал – жабдықтары Жердің табиғи серігі - Айды да зерттей бастады.
Автор жайлы мәлімет
Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі, саяси және қоғам қайраткері
1936 жылы Алматыда дүниеге келген
1989 жылдан «Семей Невада қозғалысының төрағасы
Жазушы, ақын
«Арғымақтар» 1961 жылы шықты
2002 жылдан ЮНЕСКО – дағы Қазақстанның тұрақты өкілі.
Өлеңді үнтаспадан тыңдату.
- Өлең кім туралы?
- Юрий Алексееич Гагарин туралы.
Юрий Гагарин туралы мағлұмат беру (слайд)
(Бейнебаян көрсету)
Оқулықпен жұмыс:
Оқушыларға тізбектей оқу әдісі бойынша оқыту. Өлеңді сұрақ – жауап арқылы талдау, әңгімелеу.
- Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді?
- Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?
- Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтіндігін қалай білген?
Сергіту сәті:
«Анашым» әнін айту.
Қазақ халқының ғарышкерлері туралы әңгімелеу.
Т. Әубәкіров туралы мәлімет беру.
Байқоңыр ғарыш айлағынан 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні қазақтың қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Қазақстанда тұңғыш болып ғарышқа үшты. Ол сапарынан аман – есен жерге қонды.
Талғат Мұсабаев – Алматы облысында дүниеге келген. Ол ең алғаш ғарышқа 1994 жылы ұшты. Ол үш мәрте ғарышқа ұшқан.
Дәптермен жұмыс:
Ю. А. Гагарин – ғарышқа 1961 жылы ұшты.
Т. О. Әубәкіров – 1991 жылы ұшты.
Т. М. Мұсабаев – 1994 жылы ұшты.
Жаңа сабақты бекіту:
«Бал жинау» ойынын ойнау.
Сұрақтары:
1. Өлеңнің авторы кім?
2. Ғарышқа Гагарин қашан ұшты?
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
4. Талғат Мұсабаев туралы не білесің?
5. Қазіргі таңда Байқоңыр ғарыш айлағын қай ел меңгеріп жатыр?
6. Ғарышкерлер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың?
Жаңа сабақты қорытындылау:
- Балалар біз осындай зымыранды қай пәннен жасадық?
- Еңбек пәнінен.
- Оны жасау сендерге оңай болды ма?
- Жоқ.
- Әрине жоқ.
- Зымыран ұшқанда ауа райы қандай болады?
- Ендеше зымыран ұшырудың бізге қандай пайдасы мен зияны бар екенін мына бейнебаяннан тамашалайық. (Мультимедиядан зымыранның ұшырылуы көрсетіледі)

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет