Сабақтың атауы: Ер Тарғын (жырдан үзінді) Мақсаты: Күтілетін нәтиже: Сабақтың жабдығы



бет21/25
Дата09.10.2019
өлшемі0,74 Mb.
#49500
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
ҚМЖ ана тілі

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Ұшып келем

Сабақтың мақсаты:

Өлең мазмұнымен таныстыра отырып, туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткізу тілін дамыту.

Оқыту нәтижелері:

Өлең мазмұнымен танысады, туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткізу тілін дамытады, талдайды, тұжырым жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Бір-біріне тілек айтады

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасы: « Алматы – бас қалам,

Жас қала – Астанам»

1. Өлеңді жатқа айту

2. Сұрақ-жауап арқылы жұмыс

3. Салған суреті жайында айту (әр топтан бір оқушы)

4. Жазған эссені оқу (әр топтан бір оқушы)



Жеке жұмыс: өлеңді жатқа айтады, сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасайды, суретке түсінік береді, эссе оқиды

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

2 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе әңгіме:

1) «Ұшып келем» өлеңінде не туралы жазылған деп ойлайсың?

2) Өлең авторы – Сағи Жиенбаев



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы өз ойларын айтады



Талдау және қолдану:

17 мин


Мәтінмен жұмыс:

1. Өлеңді бөліктерге бөліп оқу

2. Өлең мазмұны бойынша жұмыс:

1-топ: Мазмұнын айту;

2-топ: Ұшқыш туралы мәліметтер айту;

3-топ: Өлеңді құрылысына талдау;

4-топ: Сызбаға сүйеніп, көркем сөздерді теріп жазу;

5-топ: Өлең өздерінде қандай сезім тудырғанын, көз алдына нені елестеткенін айту.



Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин


Эссе жазу:

1. Өлеңнен алған әсерім

2. Сүйемін туған жерімді!


Жеке жұмыс: эссе жазады, оқиды

\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Нені өзгертер едің?


Ауызша жауап береді

\/ІІ.Үйге: 1мин

Өлеңді жаттау, сурет салу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Тасбақаның шөбі. Жарық түнде жайлауда

Сабақтың мақсаты:

Шығармалардың мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі идеясын ашу, ұлттық дәстүрлер туралы білімін кеңейту

Оқыту нәтижелері:

Шығармалардың мазмұнымен танысады, негізгі идеясын ашады, ұлттық дәстүрлер туралы білімін кеңейтеді, талдайды, түсіндіреді

Негізгі дерек көздер:

Оқулық,бағалау парағы, суреттер, кесте, сөзжұмбақ


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі:


3 мин

1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Жан-жануарларды топтастыру арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқу


5 топқа бөлінеді

ІІ. Өткенді

қайталау:



Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасы: «Ұшып келем»

1. Өлеңді жатқа айту

2. Сұрақ-жауап арқылы жұмыс

3. Салған суреті жайында айту



Жеке жұмыс: өлеңді жатқа айтады, сұрақтарға жауап береді, салған суретке түсінік береді

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

4 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе әңгіме:

1) Жұмбақ шешу: Аяғы бар, басы бар,

Арқалаған тасы бар. (Тасбақа)

2) Тасбақа туралы білетіндерін айту

3) Мәтін авторы – Е. Кекілбай 1939 ж. Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында дүниеге келді.

4) «Жарық түнде жайлауда» өлеңінің авторы – Ә. Тәжібаев (1911 – 1998) Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында өмірге келген.


1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы өз ойларын айтады



Талдау және

қолдану:

17 мин


Мәтінмен жұмыс:

1-топ: «Тасбақаның шөбі» мәтінін оқып, мазмұнын айту;

2-топ: «Сөз маржан»- берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашу:

3-топ: Өлеңді мәнерлеп оқып, көз алдына нені елестеткенін айту, сурет салу;

4-топ: Өлеңді құрылысына талдау, өлеңдегі ерекшелікті анықтау, сөзжұмбақты шешу;

5-топ: Кестеге қарап, өздері білетін ырымдарды жазып шығу, түсінік беру .



Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин


1 Кестені толтыру:

Мен не білемін?

Бүгін тағы нені білдім?










Жеке жұмыс: тапсырманы орындайды, оқиды

\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Нені өзгертер едің?


Ауызша жауап береді

\/ІІ.Үйге: 1мин

Мәтінді оқып, мазмұнын айту; өлеңді мәнерлеп оқу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:

Жазба тілінің қалыптасу деңгейін тексеру, ойын жүйелі жеткізуге, сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттықтыру

Оқыту нәтижелері:

Мәтін мазмұнын толық жазуға үйренеді, сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттығады

Негізгі дерек көздер:

Мазмұндамалар және диктанттар жинағы (Ұ.С.Ботабаева, К.Ә.Ерешева), сурет

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.



Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Жақсы тілектер айтады



ІІ. Жаңа сабақ:

2 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Суретпен жұмыс:

1) Суретте не бейнеленген?

2) Ол туралы не білесіңдер?




1. Сабақтың мақсатын қояды, критерийлерін анықтайды.

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы өз ойларын айтады



4 мин

1. Мазмұндама мәтінімен таныстыру:

Аралар


Омартада бал аралары құж –құж қайнайды. Бірі кіріп, бірі шығып жатыр. Кенет бір жас ара далаға ұшып шыға келді.

Ол омартадан ұзаған жоқ. Тек әрлі-берлі ұша берді. Қуанышы қойнына сыймай жүр. Қуанатын жөні де бар. Өйткені, бүгін оның туғанына он сегіз күн толды. Ер жетті. Ең ауыр жұмысқа да жарап қалды. Мінеки, өмірінде бірінші рет гүл шырынын теріп әкелуге ұшқалы отыр. Бұдан артық қуаныш бар дейсің бе!

Жас ара далаға шыққан соң самғай ұшып, жоғары көтерілді. Сонан соң қайтадан төмен қарай құлдырады. Осы кезде ол бір топ араны көрді. Олар жұмысқа аттанып бара жатыр еді. Жас ара да соларға ілесе жөнелді.

Әрбір ара омартаға күн сайын жеті-сегіз рет гүл шырынын әкелуі керек. Бірақ жас ара бүгін мұны істей алмады. Енді көп болса екі рет қатынайды. Ол тек бүгін ғана жұмысқа шықты. Алғашқы сапары ғой. Бүгін ол жер бағдарымен танысты. Жұмыстың тәсілін үіренді. Бұл да жақсы. Ертеңнен бастап ол да өзгелерден қалыспайтын болады. (100)

2. Мәтінді екі-үш рет қайталап оқу

3. Сұрақ-жауап арқылы мәтін мазмұнын талдау, түсінігін байқау



Мазмұндама мәтінін тыңдайды

Жалпы жұмыс: қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді



8 мин

1. Мәтінге жоспар құру.

2. Жоспар бойынша мазмұнын талдау:

3. Мәтінді қайталап оқу


1.Топтық жұмыс: мәтін мазмұнын талдайды

2. Мәтінді тыңдайды



28 мин

1. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазу:

2. Мәтін мазмұнын жазу



Жеке жұмыс: тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін мазмұнын жазады

ІІІ. Сабақты қорыту: 1мин

Жұмысты жинап алу

Жұмысты жинайды

Үйге:

Қайталау

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:




Сабақтың тақырыбы:

Ана тілі. Апамның астауы

Сабақтың мақсаты:

Шығармалардың мазмұнын талдау арқылы көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашуға жағдай жасау

Оқыту нәтижелері:

Шығармалардың мазмұнын талдау арқылы көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашады, салыстырады, тұжырым жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық,бағалау парағы, суреттер, кесте


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі:


3 мин

1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Санау арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқу


5 топқа бөлінеді

ІІ. Өткенді

қайталау:



Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасы: « Тасбақаның шөбі. Жарық түнде жайлауда»

1. Әңгімені бөлікке бөліп оқу, мазмұнын айту

2. Өлеңді тізбектеп мәнерлеп оқу.

3. Салған суреті жайында айту.



Жеке жұмыс: әңгімені оқи-ды, мазмұнын айтады, өлеңді мәнерлеп оқиды, салған суретке түсінік береді

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

4 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Аналар

3. Кіріспе әңгіме:

1) Ана мен ана тілі сөздерінің арасында қандай байланыс бар?

2) Ана тілі туралы қандай өлең білесіңдер? Жатқа өлең айту.

3) Әңгіме авторы – Оралхан Бөкей (1943-1993)

4) «Ана тілі» өлеңінің авторы – Ғафу Қайырбеков (1928-1994)


1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы өз ойларын айтады



Талдау және

қолдану:

18 мин


Мәтінмен жұмыс:

1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.

2. Әңгіме бойынша жұмыс

1) Мәтінді 5 бөлікке бөліп оқу, мазмұнын талдау.

2) Нөмірленуі бойынша жаңа топтар құру):

3) Мәтін мазмұнын топта айту, бірін- бірі тыңдау

3. Талдау жұмысы:

1-топ: Әңгімешінің балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?

2-топ: Ананың портретін көрсететін сөз тіркестерін теріп жаз

3-топ: Апасына мінездеме бер

4-топ: Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып оқы

5-топ: Өлең мен әңгімені салыстыру



Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

4 мин


Эссе жазу:

1. «Ана – өмірдің шуағы»

3. Анаға хат


Жеке жұмыс: эссе жазады, оқиды

\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Нені өзгертер едің?


Ауызша жауап береді

\/ІІ.Үйге: 1мин

Мәтінді оқып, мазмұнын айту; өлеңді мәнерлеп оқу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Ана

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндегі ана туралы жазған жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы баланың анаға деген махаббат сезімін сезінуге баулу

Оқыту нәтижелері:

Мәтіндегі ана туралы жазған жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы анаға деген махаббат сезімін сезінеді, саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі:


3 мин

1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Санау арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқу


5 топқа бөлінеді

ІІ. Өткенді

қайталау:



Еске түсіру

14 мин


Үй тапсырмасы: «Ана тілі. Апамның астауы»

1. Әңгімені бөлікке бөліп оқу, мазмұнын айту (6 оқушы)

2. Өлеңді мәнерлеп жатқа айту

3. Салған суреті жайында айту.



Жеке жұмыс: әңгімені оқи-ды, мазмұнын айтады, өлеңді мәнерлеп оқиды, салған суретке түсінік береді

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

5 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. «Ой қозғау». Ана дегенде нені сезінесің? Ой толғаныс жазу, оқу

3. Кіріспе әңгіме:
Ана

1) Ассоциациялық аймақ құру:


2) Мәтін авторы – Б. Бұлқышев (1916 – 1944)

1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жеке жұмыс: ой толғау жазады, оқиды

3. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы өз ойларын айтады


Сергіту сәті:

1 мин


Ана туралы ән айту

Хормен ән айтады

Талдау және

қолдану:

12 мин


Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді бөліктерге бөліп оқып, мазмұнын талдау

2. Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

1) Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі толғанысын, тебіренісін сезіндің бе?

2) Сені анаң қалай айналып-толғанады? Қалай еркелетеді?

3) Ата-анаңнан қандай сөзді естігің келеді?

4) Мәтінді оқығанда көз алдыңа нені елестеттің?

3. Кестені толтыру:




Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


Эссе жазу:

1. «Ана»


2. «Асыл әжем»

Жеке жұмыс: эссе жазады, оқиды

\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Нені өзгертер едің?


Ауызша жауап береді

\/ІІ.Үйге: 1мин

Мәтінді оқып, мазмұнын айту; өлеңді мәнерлеп оқу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Қанат туралы хикая

Сабақтың мақсаты:

Мәтіндегі ана туралы жазған жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы баланың анаға деген махаббат сезімін сезінуге баулу

Оқыту нәтижелері:

Мәтіндегі ана туралы жазған жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы анаға деген махаббат сезімін сезінеді, саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, плакат-сурет, кесте


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі:


3 мин

1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Санау арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқу


5 топқа бөлінеді

ІІ. Өткенді

қайталау:



Еске түсіру

15 мин


Үй тапсырмасы: «Ана»

1. Мәтінді тізбектеп мәнерлеп жатқа айту

2. Ана туралы мақал-мәтелдер айту

3. Әңгімеден қандай ой түйдің?




Жеке жұмыс: әңгімені жатқа айтады, мақал-мәтелдер айтады, өз ойларын тұжырымдайды.

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

6 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Аналар

3. Кіріспе әңгіме:

1) «Қанат туралы хикая» өлеңі не туралы деп ойлайсың?

2) Өлең авторы – Ф. Оңғарсынова (1939 – 2014)


1. Сабақ мақсатын қояды

2. Топтық жұмыс: мәтін құрастырады, өз ойларын айтады



Талдау және

қолдану:

16 мин


Мәтінмен жұмыс:

1. Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.

1-топ: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту

2-топ: Ақын балапан қанатының сынғанын көріп қандай ойға келеді? Неліктен?

3-топ: Ата-анаңа қандай тілек тілегің келеді?

4-топ: «Бес жолды өлең»: «Қанат»

5-топ: Мақал-мәтел айту


Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

4 мин


Эссе жазу:


Жеке жұмыс: эссе жазады, оқиды

\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Нені өзгертер едің?


Ауызша жауап береді

\/ІІ.Үйге: 1мин

Мәтінді оқып, мазмұнын айту; өлеңді мәнерлеп оқу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Бақшада

Сабақтың мақсаты:

Мәтін мазмұнын түсіндіру, негізгі идеяны анықтауға жағдай жасау, портрет туралы түсінік беру

Оқыту нәтижелері:

Мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі идеяны анықтайды, портрет туралы түсінік алады, талдайды, тұжырым жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, сурет, кесте


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі:


3 мин

1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Көкөністердің аты арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқу


5 топқа бөлінеді

ІІ. Өткенді

қайталау:



Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасы: «Қанат туралы хикая»

1. Өлеңді тізбектеп мәнерлеп оқу

2. Сурет бойынша өлең мазмұнын айту

3. Әңгімеден қандай ой түйдің?




Жеке жұмыс: өлеңді мәнерлеп оқиды, мазмұнын айтады, өз ойларын тұжырымдайды.

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

2 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе әңгіме:

1) Сурет бойынша «Бақшада» тақырыбына әңгімелету

2) Мәтін авторы – Машқар Гумеров



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Топтық жұмыс: мәтін құрастырады, өз ойларын айтады



Талдау және

қолдану:

20 мин


1. Оқулықпен жұмыс. Әңгіме бойынша жұмыс («жигсо» әдісі):

1) Мәтінді 5 бөлікке бөліп оқу, мазмұнын талдау.

2) Нөмірленуі бойынша жаңа топтар құру (1,2,3,4,5):

3) Мәтін мазмұнын топта айту, бірін- бірі тыңдау

2. Талдау жұмысы:

1-топ: Сұрақтарға жауап беру

2-топ: Серік пен Айдарға мінездеме беру

3-топ: Кәрімнің портретін көрсететін тіркестерді тауып жазу

4-топ: Сөзжұмбақ құрастыру

5-топ: Мәтіннен ой түйіндеу



Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

4 мин


Сұрақ-жауап арқылы жұмыс.

Жеке жұмыс: сұрақтарға жауап береді


\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Нені өзгертер едің?


Ауызша жауап береді

\/ІІ.Үйге: 1мин

Мәтінді оқып, мазмұнын айту, сурет салу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Жылқы

Сабақтың мақсаты:

С. Мұқановтың шығармашылығымен таныстыра отырып, жылқы малы туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын өз бетінше талдауға жағдай жасау

Оқыту нәтижелері:

С. Мұқановтың шығармашылығымен танысады, жылқы малы туралы мағлұмат алады, мәтін мазмұнын өз бетінше талдайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, сурет, кесте , сызба, плакат, маркер


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі:


3 мин

1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді

қайталау:



Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасы: «Бақшада»

1. Мәтін мазмұнын айту, ойларын тұжырымдау

2. Салған суретіне түсінік беру

3. Әңгімеден қандай ой түйдің?



Топтық жұмыс: мәтінді кестеге салып мазмұнын айтады, өз ойларын тұжырымдайды.

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

3 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе әңгіме:

1) «Топтастыру» стратегиясы: сурет бойынша жылқы туралы білетіндерін айту

2) Мәтін авторы – С. Мұқанов (1900 – 1973)



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жаппай жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді



Талдау және

қолдану:

18 мин


1. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, мазмұнын талдау.

2. Талдау жұмысы:

1-топ: Жылқының аналық мейірімі қандай? Қос деген не? Ол қай жерде орналасқан?

2-топ: Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін айту. Жылқы туралы мақал-мәтелдер айту:

Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

Ер қанаты – ат. Қой - байлық, жылқы – сәндік.

3-топ: Жылқының пайдасы туралы пікірін дәлелдеу:



Жылқының пайдасы

Дәлел

Еті




Қымызы




Терісі




4-топ: Жылқы неге асыл екенін дәлелдеу, қорытынды жасау.

Сызба бойынша жылқының жасына қарай қалай аталатынын топтастырып жазу

5- топ: Мәтін бойынша сөзжұмбақ құрастыру


Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин


Сөйлемді толықтыру, тексеру:

1) Биелер әуелі өзі оттамай, ... шөп ашып береді.

2) Көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана ... деп аталады.

3) Жылқының сүті ... деп аталады.




Жеке жұмыс: сөйлемдерді толықтырып жазады, тексереді.

\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Нені өзгертер едің?


Ауызша жауап береді

\/ІІ.Үйге: 1мин

Мәтінді оқып, мазмұнын айту, сурет салу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Еріншек. Жаз келер

Сабақтың мақсаты:

Ш. Құдайбердіұлының шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды анықтауға, адам бойында кездесетін жағымсыз қылықтардан аулақ болуға үйрету

Оқыту нәтижелері:

Ш. Құдайбердіұлының шығармашылығымен танысады, өлеңдегі негізгі ойды анықтауға, адам бойында кездесетін жағымсыз қылықтардан аулақ болуға үйренеді, саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, сурет, кесте , сызба, плакат, маркер, «сыр сандық»


Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру

кезеңі:


3 мин

1.Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

2.Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

3. Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді айтқызу, сол сөздер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді

қайталау:



Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасы: «Жылқы»

1. Мәтінді тізбектеп оқу, мазмұнын айту

2. Салған суретіне түсінік беру

3. Әңгімеден қандай ой түйдің?



Жеке жұмыс:мәтінді оқиды, мазмұнын айтады, өз ойларын тұжырымдайды.

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

5 мин



1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе әңгіме:

1) «Ой қозғау». Берілген сөздермен ойды аяқтап жазу:

2) Өлең авторы : Ш. Құдайбердіұлы - қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі.



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Жұптық жұмыс: берілген сөздермен ойды аяқтап жазады, топта талқылап, сәтті шыққанын оқиды, автор туралы дерек алады.



Талдау және

қолдану:

16 мин


Оқулықпен жұмыс.

1-топ: «Еріншек» өлеңін мәнерлеп тізбектеп оқу, мазмұнын талдау.

2-топ: Автордың қорытынды ойы қандай? Ол өлеңнің қай шумағында жазылған?

3-топ: Кестеге сүйеніп, жағымсыз қылықтарды жазу:

4-топ: «Жаз келер» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын талдау

Өлеңді оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді? Қандай сурет салар едің?

5- топ: Сызба бойынша Ш. Құдайбердіұлы туралы деректер жазу


Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорғайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин


1. Бүгінгі сабағымызға қандай накыл сөз, мақал-мәтел сай

2. «Сыр сандық» стратегиясы: әр оқушы адам бойында кездесетін жақсы қасиеттер мен тілектер жазып,сандықшаға салу




Жеке жұмыс: мақал-мәтелдер, нақыл сөздер айтады, тілектер жазып, сандықшаға салады

\/. Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

\/І. Рефлексия:

1 мин


Сандықшаға салынған жақсы тілектерді үлестіріп алу

Жақсы тілектерді үлестіріп алады.

\/ІІ.Үйге: 1мин

Өлеңдерді мәнерлеп оқу, сурет салу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Наурыз. Наурыз

Сабақтың мақсаты:

Өлеңдердің мазмұнын салыстыра отырып талдау, «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін кеңейту

Оқыту нәтижелері:

Өлеңдердің мазмұнын салыстыра отырып талдайды, «Наурыз» мерекесі туралы түсініктерін кеңейтеді, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, сурет, кесте , сызба, плакат, маркер, «Ұтымды жауап»



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет