Мағынаны тану
Топпен жұмыс
Жұптық жұмыс
Топпен жұмыс
|
Біз бүгінгі сабақта жай және құрмалас сөйлемнен өткенді жалғастырамыз.
Сұрақ – жауап:
1. Сөйлем деген не?
2. Құрмалас сөйлем деген не?
3. Жай сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлем және оның түрлері көне түркі ескерткіштерінде кездеседі. Біздің арғы тегіміз көне түркі дәуірінен басталады. Орхон жазулары туралы не білеміз?
Түркілердің негізгі мекені қай жер?
Түркі тілдес халықтарды ата.
Орхон - Енисей жазбаларында құрмалас сөйлем салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді.
Балалар, алдарыңызда қандай ұлттық аспаптардың суреті?
Осы ұлттық аспаптар туралы не білеміз?
Қазақтың қасиетті домбырасы, қобызы т. б туралы айтып өтеміз.
Қобыз аспабын алғаш ойлап тапқан кім?
Қорқыт ата қай дәуірде өмір сүрді?
Балалар, қасиетті қобыздың үніне құлақ түрейік. (музыка ойналады)
37-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айт. Жазған кезде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қойдың?
Біздің сынып шәкірттері тәртіпті, білімді болса, ұстаз қуанады. Туған жерге туың тік. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Мен өз елімді сүйемін. Бірлік болмай, тірлік болмайды.
38-жаттығу. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
Қыс түсті. Өзен суы қатты. Қарлыға аялдамаға келді. Меруерт күтіп тұр екен. Күн батты. Аспанда жұлдыздар шықты.
39-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Кестені пайдаланып, ойыңды дәлелдей білуге үйрен.
Орманды үскірік жел кезді, бұталар судыр қақты. Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады. Қарлығаш төмен ұшса, күн жауады.
ол екі немесе одан да көп жай
сөйлемнен құралған
Бұл – құрмалас
сөйлем,өйткені
оның құрамындағы жай сөйлемдер
мағыналық жағынан байланысып,
үтірмен ажыратылған.
40-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Құрмалас сөйлем екенін дәлелде.
Дәлілдеу үлгісі: Лезде күн бұлттанып, сәлден соң жаңбыр жауа бастады – құрмалас сөйлем, өйткені ол екі жай сөйлемнен тұрады: бірінші жай сөйлем – Лезде күн бұлттанып, екінші жай сөйлем – сәлден соң жаңбыр жауа бастады. Лезде күн бұлттанып, сәлден соң жаңбыр жауа бастады жай сөйлемдері мағыналық жағынан байланысқан.
Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті. Бекен жалт қараса, келіп тұрған Кемел екен. Шолпан орысша сұрап еді, Таня қазақша жауап берді. Көп сөз – көмір де, аз сөз – алтын.
41-жаттығу. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
* Әрбір жай сөйлемнің баяндауышын тап.
* Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге айналдырып айт, оларды өзара салыстыр.
* Бұл қай ертегіден алынған үзінді екенін айт.
* Ертегіні өзің одан әрі жалғастыр.
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көргенде қатты қорқып, қорғап қалатын арашаны ііздейді.
|